Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library 97
махаббатымен ғана қайтара алады. Одан басқа еш қайраны жоқ.
Ендеше, бұл өзінің шексіз махаббатына бір ғана хан ие емес, көрген
жұрттың бəрінің де көзін жеткізетіндей ескерткіш ойлап табуы керек.
Ертең хан ие жорықтан оралғанда, елден бұрын махаббатын, сана менен
сағы-нышын, ыстық ықыласын керетін болсын.
Ол мынау асыл тастарды бəйбіше құсап, бауырына басып өзі
иемденбейді, бəрін де ертең ұлы падишаның кезін елдің алдымен
сүйсінетін əлгіндей əсем ескерткішке, махаббат мұнарасын салдыруға
жұмсайды. Ол мынау Байтақ шаһардағы барлық мұнараның бəрінен де
бой асырып тұруы керек. Көрген жан мұның Ұлы Əміршіге деген шынайы
махаббаты мен асқан ақылына қайран қалатын болсын.
Ол сол күні ың-шыңсыз рақаттанып ұйықтайды.
Ертеңіне тұра сала бас уəзірге хабаршы жіберді. Бұл өз ойын айта
бастағанда, бас уəзір тостаған көзін бақырайтып, қадалып қатты да
қалды; ханымның ойына таңғалғаны да, сүйсінгені де белгісіз; ат жақты
бетінде қимыл-қыбыр жоқ; сұп-сұр. Ханым айтарын айтып болғанда
барып, саусақтары сабаудай-сабаудай екі қолын кеудесіне қусырып
тағзым етті.
«Құп болады, мəртебелі ханым!»
Арада екі апта өтер-өтпестен бас шебер кеп, мұнараны Ұлы Əміршінің
Ұлы бəйбішесіне салғызған мешітті салуға қатысқан шеберлердің бірі
салатын болғанын айтты.
Енді ханымға ермек табылды. Күн сайын бас уəзірге қызметшісін жұмсап
мұнараның жайы қалай болып жатқанынан хабар алып отырады.
Мұнараның өз сарайының маңынан салынатын болғанына қатты қуанды.
Бір күні таңертең ұйқыдан тұрып жатып əлдебір қызыл қожалақ
нəрсенің бақтағы ағаштардан төбесін асырып, терезесінен төніп
тұрғанын көзі шалды. Көрпесін серпіп тастап, терезе алдына келді. Өзі
салдырып жатқан мұнара сол екені есіне енді түсті. Мұнараның ұшар
басында сыртынан қарағанда құмырсқадан да əулетсіз əлдененің қыбыр-
қыбыр қимылдағаны байқалады. Əмір бергеніне жылға жуық уақыт
болып қалған-ды. Енді, міне, мұнара сарай қорғанынан да, ондағы биік-
биік ағаштардан да бойын асырыпты.
Содан былай сол бір сорайған қызыл қоңыр нəрсе терезесінен төнді де
тұрды. Ол күн сайын терезе алдына келіп, мұнараның кешегіден қанша
биіктегенін өлшейді. Бірақ мұнара оншалықты өсіп жарымайтын сияқты.
Өз қиялының шындыққа айналып, Байтақ шаһарда жаңа бір мұнараның
асқақтап аспанға бой көтеріп қалғанын көріп, алып ұшқан көңіліне ойда
жоқтан тағы да қобалжу кірді. Мұнара басындағы құмырсқа ертеден қара
кешке дейін қылтияды да тұрады; оның жыбыр-жыбыр қимылының өніп
жатқаны шамалы; мына қалпымен мұнара шамалыда біте қоймастай,
оның көкпен бой таластырып, көзді тартып тұрғанын бұл көзі тірісінде
көре алмастай. Сонау тым сойқан елестейтін сиықсыз тас діңгек айнадай
жалтырап жатқан көк шəйі аспанға абайсыз тиіп кеткен лас дақтай боп