Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет79/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   119
Байланысты:
Аңыздың ақыры

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
115 
терезе ғана. Ойлай-ойлай ой да сарқылған. 
Сағыздай созылған ұзақ күн өтіп болмайды. Төңбекшіген мазасыз түндер 
жан-жаққа елеңдеумен өтетін күннен де жаман. Өзіңді өзіңе мүңкір-
нəңкір қылып, өзіңді өзіңе тергеткен жендет түндерде күндіз бажайлай 
ойлауға батылы бара бермейтін кейбір жайларды əбден түбіне жетіп 
адалап шығады. Қазір тек өзін ғана емес, өзге түгілі өзі де сезбеген бір 
үрлығын жарқыратып жайып берген əлгі бір бозбала жігітті де, соған 
тап қылған анау көгілдір мұнараны да, сондай мұнара салдыруға ниетін 
құлатқан баяғы бір Улы Əміршіден сəлемдеме келетін күнді де, сол ойын 
жерден жеті қоян тапқандай қуана қостаған кəп шуылдақ нөкер қыздары 
мен күтуші кемпірді де, соның бəріне түрткі болған бақ құмар Ұлы 
ханымды да – төңірегіндегінің бəрін түгел жек көріп бітті. Тіпті тап 
мынадай нағылет дүниеге мұны əкелген əкесі мен шешесіне де өкпесі қара 
қазандай. 
Анау көлдей терезеден албастыдай боп төніп тұрған қап-қара түнге де, 
күні-түні ауыз жаппай сыпсың-сыпсың сылдырап тұрған кішкене хауызға 
да, жамбасын абжыландай шағып жатқан төсекке де, анау күні 
кеудесінен басып, ойда жоқта көңілінің тұңғиық түкпіріндегі тым құпия 
тілегін жарқыратып жайып салған мынау көрпеге де лағынет... Осынша 
тамұқтың бəрін керіп, бəрін біліп, төбесінен төңкеріле құламай тұрған 
көкке де лағынет... Осының бəріне шыдап, кетеріп жатқан көнтері жерге 
де лағынет, осынша сұмдықты ішіне бүгіп, талай-талай нəресте көңілдің 
маңдайын тасқа ұрғызған мынау тымырайған тымырсық қаныпезер 
дүниеге түгел лағынет... 
Жер болған көңіл əбден ашынып, жарық жалғанның бəрін қарғағанда, 
тіпті алдамшы пəниді жаратқан хақ тəңірдің өзін нəлеттегенде, тек бір 
адамды ғана аузына алмайды. Ол – Ұлы Əмірші. 
Ханым кейде өзінің сол мінезіне өзі қайран қалады. Шынында, мұның 
өмірін тамұқ қылып жүрген, ең алдымен, сол емес пе... Міне, сарайдан 
шыға алмай сарғайып отырғанына əлденеше күн болды. Ол соны білмей 
жатыр дейсің бе?.. Ендеше, мұның күнəкар көзін құртып неге тынбайды? 
Əлде өзі салған азап аз болғандай өкініш пен ызаға, өсек пен табаға, 
жанын жегі құрттай жеп жатқан қапырық қасіретке талатпақ па? Бұдан 
ызасын солай алғысы келген шығар. 
Бірақ мұның осынша азап шеккенінен оның басына шығатын мүйіз 
қайсы, мұның жанын тырнайтын пыш-пыш оның жанын тырнамай ма? 
Ендеше, өзіне жақсы болса азаптай берсін, өмір бақи естімеген не 
сұмдығын естіп алсын... Өзіне де сол керек. Мұның жас өмірін осылай 
күлді-көмеш қып, өксітіп қойған өзі ғой... Өз обалы өзіне... 
Ханым мынау есірік ойдан шошып кетті. Не деп тантып барады? Тағы да 
баяғы төмен етек ұрғашылығына басты ма, алдияр тақсырға тіл тигізейін 
деді ме... 
Алтын басты ханым екенін ұмытып, жайдақ етек қара күң құсап, бұнысы 
несі тағы? 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет