Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет34/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   119
Байланысты:
Аңыздың ақыры

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
70 
қаз қалпында көз алдында сайрап тұрған мына сəттің қайсысының өңі, 
қайсысының түсі екенін айыруға ақылы жетпей, аңтарылып қалды. Егер 
əлгі дүние түгел селдір мұнараға бөккен буалдыр елес өңі болса, көзді 
ашып-жұмғанша неге ғайып болған? 
Ал егер бар нəрсе бадырайып өз кейпінде құлазып тұрған мына сəт өңі 
болса, қарсы алдында алтын қамқаға малынып мөлдіреп тұрған мына бір 
əйел қайдан шыққан? Балшық-балшық мұнараның басында ол не бітіріп 
жүр? Мынау ми қайнатқан шілде ыстығының бейшара тас қалаушыға тап 
қылған тағы бір тəлкегі де, тəйірі... 
Əр жер-əр жерінен алтын жүгірткен селдір перденің ар жағынан 
мойылдай мөлдіреп қос жанар бұған қадала қапты. Сол қап-қара екі 
жанар мен екі керме қас болмаса, мынау зымыран мұнараның басына жел 
көтеріп əкел-ген əлдекімнің селдір пердесі екен деп қалатындайсың. 
Қарсы алдына кеп қадала қалған əлгі бір жұмбақ əйел басынан аяғына 
дейін мөлдіреген селдір ақ шəйіге көміліп апты. 
Жаппар алдындағы əйелдің адам екенін, жоқ қос боп көрінген əншейін 
елес екенін анықтап білгісі келгендей, назарын тіктеп тінте қарады. 
Оның шеберге тəн қырағы көзі селдір пердені өртеп кетердей боп шоқша 
жайнап тұрған əдемі екі жанарды алдымен шалды. 
Əйел мұның өз көзіне өзі сенбей тұрғанын аңғарып қалғандай селдір 
жамылғының ар жағынан күнге шағылысып жарқырап көрінетін қамқа 
көйлегінің етегін сүйріктей əдемі саусақтарымен бүре көтеріп, кенереге 
жақынырақ барып, төменге көз салды да, биік сəукелесін түсіріп алмайын 
деген кісіше, дереу бойын тіктеп, кері бұрылып еді, маңдай тұсынан 
бармақтай лағыл жарқ ете қалды. Сосын бұған əлдене айтқалы оңталды да, 
не айтарын білмей қысылып, қымсына күлімсіреді. 
Сол бір оқыс қызарып, қымсына жымиғаны манадан бері от шаша қараған 
қос тана көздің астында қыбырсыз жатқан бұйығы ақша жүзін түгел 
нұрландырып жібергендей болды. Жаппар осы бір əдемі күлкіні танитын 
сияқты. Алдында тұрған əйелден өзіне өте-мөте қанық, көптен белгілі бір 
сымбатты шырамытатындай. 
Əйел етегін сəл қымсына көтерген қалпы төменге түсетін баспалдаққа 
беттеді. Көлеңдеген жұқа қамқа көйлектің етегінен балапан қаздың балақ 
жүніндей балтырымен балтыр қып əлденеше қатарып тастаған ақ атлас 
шалбары көзге шалынып қалды. 
Үлбіреген аппақ перде жер жұтып бара жатқандай қараңғы қуысқа сіңе 
түсті. 
Жаппар əлі аң-таң. Аппақ перде қараңғы қуысқа сіңіп жоғалғанмен, 
əлгі бір қымсына жымиған шие ерін мен жаудыраған екі көз мұнара 
басындағы бұлыңғыр ауаға мəңгі орнап қалғандай, көз алдынан кетер 
емес. Ол жер жұтқандай əп-сəтте жоғалған сиқыр елестің өне бойын 
балбыратып бара жатқан əдемі əсерінен айрылып қалам ба деп 
қорыққандай, қарсы алдындағы құлазыған кеңістікке есеңгіреп қарап, 
біраз мелшиіп тұрды-тұрды да, ернектегі май қалағына қол созды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет