Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library 73
тұратын шығар.
Жаппар қолына көтере берген қып-қызыл шық тасты жерге қайта қойды.
Төңірегі дауылдан кейінгі көл бетіндей туырылып тұнып тұрған мөлдір
ауа.
Ол не істерін білмеді... Пəлен ай бойы тыным таппай тырбынған тіршілігі
табан астында мəнсізденіп шыға келді. Төңірегінде төбе-төбе боп үйіліп
қалған кірпіш-терді көтеріп алып, кенереге апарып қалай беру керек
екенін біліп-ақ тұр. Бірақ қолы көтерілер емес... Төңірегін тас қып қымтап
ап, көрсетпей қойған күл өңдес кесек дуалдардың қоршауынан құтылып,
кең болмыс кенересінен асып-төгіліп жатқан көл-көсір көкжиекті
көрсем-ау деген дəмесіне əлдеқашан жетті. Енді сол өліп-өшіп аңсаған
көкжиегі де кең дүниенің көз алдына күлтілдеп тұра қалған ісіктей боп,
бұған бір табан жақындай түсудің орнына күннен-күнге əрі ығысып,
қашқақтап барады. Бұрын əлдебір алыптың күңірсіген саз қабырғалардан
тынысы тарылып, тұншығып бара жатқанда, жұлып ап, зеңгір көкке,
зымыран биікке бір-ақ шығаратын əлеуетті қолындай асқақ сезілетін
мұнара енді бұған төңірегінде көлкіп жатқан бостан дүниеге емін-еркін
шарқ ұрғызбай, көзін бақырайтып матап қойған, жер қоинынан емес, көк
қоинынан оиып қазған меңіреу зындан сияқты боп көрінді. Жерге де түсе
алмайды, көкке де жете алмайды, пұшайман тіршілік... Қайта мынандай
азаптан қапас зынданның өзі-ақ дұрыс шығар. Онда да аяқ-қолың
матаулы бейшара хал кешкенмен, көлденеңнің көзінен аулақсың ғой. Ал
мында маңайдан өткен адам бір қарамай, бір сөйлемей өтпейді!
Көлденеңнің көзі мен сөзінен артық қорқынышты не бар? Ту сыртыңнан
қадалса, садақтың оғындай, қарсы алдыңнан сұқталса, көкірегіңді кірш
еткізіп өте шығар көк найзаның ұшындай көлденеңнің сұқты жанарынаң
қаймықпайтын жан болмайды. Əсіресе өзің жайында не айтып, не
қойғандарын біле алмайтындай, алыстан қадалған жұрт көзі мен
құлағына анық жетпейтін күңк-күңк жұрт сөзінен өткен азап бар дейсіз
бе? Ондайда ішінде арыстан жатқан апан үңгірдің аузында тұрғандай,
қашан арандалып қаларың белгісіз екіталай хал кешесің. Сонда да пенде
пақыр жұрт көзіне түсуге құмар. Жұрт көзінен сəл таса қалса болды,
қапас зынданның қақ түбінде жатқандай аласұрып бағады.
Қайта нағыз тамұқ қара нөпір қалың көптің ылғи көз алдында тұратын
жария өмір емес пе? Қапас зынданда жамбасыңа тас батып, жон арқаңнан
сыз өтсе де, жан-жағыңнан анталай қоршаған қорқау қараңғыға қарсы
сілтейтіндей қайран таба алмай, тырп етпес тымырсық күн кешсең де,
əйтеуір қайда екенің белгілі тұрлаулы тіршілік қой. Ал айдай жарықта,
айдай елдің алдында жалаңаш келе жатқандай қарсы жолыққан
жанардың бəрінен қымсынып, біреу жымия қараса, бұл неге жымияды
деп, біреу алара қараса, бұл неге көз алартты деп, елдің қас-қабағын
бағып, қылп-қылп күн кешкен қиямет қайым еркіндігінде не мəн, не пəтуа
түр? Сонда да жұрт көзге түскісі келеді. Міне, мұны да шиге шаншыған
құмалақтай қып күллі шаһардың төбесіне шығарып, əрі əткен, бері