Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library 101
жимай, хауызға кеп шомылатын еді.
Енді зəулім мұнараның ұшар басындағы кішкене кетіктен сығалап тұрған
кішкене құмырсқа мұның тұла бойынан ештеңе тастамай түгел көріп
алатындай қымсынатын болды.
Күнде-күнде бақ ішіне сейілге шыққан сайын үйреншікті айдынның
қасына келіп, көк мұнараға ұзақ қарайды. Тас мұнара мұнымен əлдене
деп арбасып тұрғандай. Қасындағылар түсініп қалмасын деп, бұның тек
бір өзіне ғана əлдене деп ымдайтындай. Тіпті сол тас мұнара оны бір күн
кермесе сағынып қалатын тəрізді-сарайына кіріп кеткенде, терезенің
мөлдір шынысынын ар жағында мұңдана мұнартып тұрады да, сейілге
шыға келгенде, аяқ астынан жадырап жарқырап қоя береді.
Тас мұнара күннен-күнге жақындай түскен секілді. Сарай мен бақты шыр
айнала қоршап тастаған тас дуалдың түбіне кеп, одан бері қарғып түсуге
батылы жетпей, мұңая қарап тұрғандай.
Ханым енді тас мұнараға əлдекімнің бұған түсініксіз тілде жазылған сəлем
хатындай ертелі-кеш тесіле қарап, онда жазылған құпия сырдың егжей-
тегжейіне жете алмай ежіктеп отырған кісіше ұзақ сарылады.
Кейде анау тас мұнара мұның өзі сияқтанып кетеді; оның бойында да
көрер көзге құлпырып тұрғанмен, əлдебір қаяулы мұң бар; бұның
көңіліндегідей ғұмыры тарамайтын-тарқамайтын, өзге түгілі езіне де
түсініксіз, іштей кеміріп жататын бұйығы іңкəр, именшек құштарлық бар;
батылсыз жандардың аузынан өмірі шықпай, жөудірей қараған
жанарларында жартылай жас боп тұнып жататын тұп-тұнық, тұңғиық
наз бар. Жоқ, мынау мұнара бұның өзі емес, əлдекімнің «апырай, ұқпа-
ғаның ба» деп жазғыра қараған жанары сияқты. Енді аңғарды-баяғыда
мұнара басында көрген шебердің кезінен де тап осындай əрі аянышты, əрі
сүйкімді бір жұп-жұмсақ нұр көргендей болып еді ғой. Шебер сол өз
жанарында тұнып тұрған тұңғиық сезімді тас мұнараға айнытпай
көшіріпті де қойыпты.
Сонда мынау ертеден қара кешке терезесінен телміре қарап тұратын
сиқырлы жанар не дейді? Бұны не деп жазғырады? Тап бұлай
жазғыратындай бұл соншама неден жазып қалып еді!
Бұның бетіне тіке қарауға да жігері жетпеген жас жігіттің тап мынандай
қазымырлыққа бара қоюы мүмкін бе? Мүмкін емес. Шеберге ез өнерін
жарық жалғанның алдында жарқыратып жайып салғаннан асқан бақыт
бар дейсің бе? Бұның жазғаны – Байтақ шаһардың төбесінен қарайтындай
керкем мұнара салдырғаны ма?
Ендеше бітіп тұрған мұнараның ұшар басын көзге шыққан сүйелдей қып
кетитіп қойғаны несі?
Ханым тағы да күймесін жектіріп, мұнараны көруге аттанды. Бақ ішінен
жəудіреп көрінетін момақан мұнара жақындаған сайын асқақтай түсті.
Дəл қасына келгенде, ешкімге көзі түспейтін тəкаппар сұлудай тіпті
аспандап кетті. Ханым бұл жолы мұнара басына көтерілген жоқ. Бас
шеберден мұнараның неге бітпей жатқанын сұрап еді; «шебердің бір ойы