Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library 114
тым-тырыс түндерде мынау құр сүлдерін сүйретіп жүрген қаңқаның
əлдебір жеріне қонақтап ап, өздігінен шықпай жүрген шыбын жанның
көзіне қалай су құюға болатыны жайында сан-сапат айла, амал ойлап
табады, соның қай-қайсысын да жүзеге асыруға батылы да жететін
сияқты; бірақ жеме-жемге келгенде бірін де істемейді.
Онысы бірақ қанша дегенмен аз күндік жарықты қимаған қорқақтық
емес-ті. Ол өзінің күнəкар денесін қандай жек көріп алса, мынау
тіршіліктен де соншалықты жеріп біткен-ді. Ол анадағы түсінің емірге
деген, бақытқа деген соңғы құштарлығы, соңғы ықыласы екеніне əбден
мойын ұсынып алған-ды. Ондай түс көргеніне енді бұрынғыдай емес,
өкінбейтін де, ұялмайтын да болған, бірақ енді оған сол күнді, сол бір
сəтті қайта оралт деп тілеу қандай мəнсіз, қандай күпірлік болса, ондай
тілек, ондай ықылассыз өмір сүру де соншалықты мəнсіз, соншалықты
күпірлік сияқты көрінеді. Сондықтан оған енді қалған тірліктің құны бес
тиын. Егер Ұлы Əмірші қазір өз кесімін айтып, бұны жазалар болса,
соның ешқайсысына да қыңқ демей, пейіл болар еді. Ал өз басының
мынау мəнсіз тіршілікке қол көтеруге ешқандай қақысы жоқ. Ханымның
ондай қылығын елдің қандай саққа жүгіртіп, падишаның абыройына
қандай нұқсан келтіретінін тайға таңба басқандай анық білмесе де, іші
сезеді. Ақ некелі жарына ондай қиянат жасағысы келмейді.
Ал Əмірші болса сол баяры тырп етпей жатып алған күйі. Бұл ертеден
қара кешке дейін тырп етпей жалпақ есікке жалтақтаумен болады.
Қанша қарағанмен есік қылп етпейді. Сонда мынау абажадай кең бөлме
оған тар лахаттан өткен тозақ боп көрінеді. Жүгіріп барып мұны өзге
жарық дүниенің бəрінен оқшаулап, мынау бөлмені қапас зьшданға
айналдырып тұрған ауыр есікті балталап шауып тастағысы келеді. Сонда
жаңқаланып сынып жатқан есікпен қоса бұның көкірегін қысып, жүрегін
езіп, талмаусырап бара жатқан, өне бойын зірк-зірк қалшылдатып,
безгекше безілдетіп жүрген ашу-ызаны да лақ еткізіп бір-ақ ақтарып
тастар еді.
Бір күні күтуші кемпірді шақырды. Нөкер қыздарын ертіп, сыртқа
шықты. Жол-жөнекей көзіне түсіп қалған қызметшілер де, сарай
маңындағы сақшылар да бұған бұрынғысынша иіліп-бүгіліп тағзым етіп
жатыр. Бірақ өңдері бұрынғыдай айбынып тұрмағандай, бұған мүсір-кей
қарайтындай; бұ да оларға көз салып жарымайды. Алайда тұстарынан
өткенде ту сыртынан əлдекім тілін шығарып мазақтап тұрғандай, көк
желкесі дуылдап қоя берді. Тіпті қасындағы некер қыздары да мұны
сынап-мінеп келе жатқандай. Бұл баяғыда Əмірші жоқта өздері емін-еркін
асыр салған тоған маңына, көгал алаңға жоламай, бұрын көп бара
бермейтін қалтарыс бұрыштарға бет түзеді. Бірақ онда да көп аялдай
алмады. Мынау келденеңнің көзі көп бақ ішінде ауа екеш ауа да оған
инедей қадалып тұрғандай. Қайтадан сарайға асығады.
Енді оған мынау жарық дүниеден бұйырғаны – осы бір жұтып қоярдай
боп құлазып тұрған кең бөлме мен бақтың бір үзігін қамтыған келдей