Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library 126
жігіт те кисін. Қай-қай Əмірші де ондай шеберді өзінен басқа ещкімнің
қолына түсіргісі келмейді. Ендеше сол көп шуылдақтың дегендері-ақ
болсын! Дəл мынадай көрікті мұнара бəрібір аңыз таратпай тұра алмайды.
Ендеше оған лайық аңыз табылды. Естіген құлақтың қай-қайсысына да
бірден қона кететін əбден қисыны бар лақап.
Əмірші көптен бері өз бөлмесінен аттап шықпаған-ды. Сол күні бақ
ішінде серуен құрды. Өзі жақсы көретін оңаша бұлақтың басына барып,
ұзақ ойланып отырды. Жер қойнынан сықылықтап күліп шығып жат-қан
мөлдір су баяғыдай ширыққан жүйке-жүйкесін түгел балбыратып, өне бойын
бір бейжай сезімге бөледі. Əмірші екі шекесін қаусатып жіберердей сығып
жатқан батпан зілден құтылып, омырауын ағаш-ағаштың арасынан ұрлана ескен
майса самалға рақаттана тосты. Дүние балбырап түр. Күлегеш бұлақ ауыз
жаппай сықылық қағады. Ағаш басы сыбырласып, сусылдасып мəре-сəре.
Асылы, пенде пақыр қайдағы жоқ азапты өзі ойлап табатын болса керек.
Қайдағы жоқ қапырық сезімге беріліп, жоқтан өзгеге қамығып, зари
қабатындай, соншама не бола қалып еді? Есірік дəмеге берілген есер неме тиісті
жазасын тартады. Ол неме енді ешкімге сылңым мұнара да салмайды, ешкімнін
басын əзəзіл боп арбай да алмайды; көрген жанның іші-бауырына кіріп бара
жататын жаутаң-жаутаң қос жанарын жел қуық сəуріктерді піштіретін қанды
қол жендетіне өткір қанжармен ойғы-зып алдырып тастайды. Онымен ғана
қоймайды, ханымды құштым деп ойлап жүрген пəтшағар ертең біреу-міреуге
аузына келгенді көкіп қоймасын деп, тілін де қырықтырып тастайды. Сосын ол
найсап бұл дүниеде үн-түнсіз күн көріп жатқан көп мақұлықтың бірі боп
меңіреу тірлік кешеді...
Ол сол түні жайлы ұйықтап шықты. Ертеңіне таңертен зындан бастығын
шақыртқалы отыр еді, кіріп келе жатқан Юші ханымды көрді. Ханым есіктен
аттай бере, иіліп тағзым етті де, мамырлап басып төрге озды. Бұның қасына
жете беріп мүдіріп тұрып қалды. Қақ маңдайындағы күрең лағылға
шағылысып жарқ-жұрқ ете қалған қос жанары бұрынғыдай емес,
қазылыңқырап кетіпті. Өні де құп-қу. Ханым сынық жүзін бұған тіктемей, бір
қырын отырды. Əмірші оны мынандай ойда жоқта кіріп келер деп күтпеп еді.
Қапелімде не дерін білмей, қысылып қалды. Сосын біраз уақыттан кейін
барып, алдындағы өз-өзінен азып-тозған Кіші ханымды аяп кетті ме, қолын
созып қасына шақырды. Мұның қолы тиюі-ақ мұң екен, бір қырын отырған
ханымның ұзын кірпікте-рінің ұшынан əлденеше мөлдір тамшы мөлт-мөлт
тамып кетті. Кіші ханым Əміршінің қолына ернін басып, аяғының астына
гүрс құлап түсті. Екі иығы селк-селк етіп, ағыл-тегіл жылап жатыр. Күні кеше
ғана өзіне дүниедегі ең жексұрын адам боп көрінген, осы бір жас балаша
өксігін баса алмай солқ-солқ жылап, аяғының астында жатқан əйелді қайтерін
білмей, Əмірші абдырап тұрып қалды. Осыдан аз ғана күн бұрын дəл осылай
аяғына кеп жығылса, не істейтінін кім біліпті, бұл жолы ол қараптан-қарап
жүдеп, иіні түсіп, азып-тозып кеткен ханымды мүсіркеп түр. Төмен еңкейіп,
қарынан тартып тұрғызып алды; сосын ығысып қасынан орын берді. Кіші
ханымға ештеңе айтқызғысы келмегендей, оның өрттей лапылдаған жұп-