Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library 129
басының абыройын аттап кете алмай жүргені де қай ұрғашының да, қапелімде,
тар тесекте алғаш табысқан бөгде еркекке аш беліне қол апартпай, бір
қауым уақыт қарсыласатынындай жай əншейін құр мезірет қана екен ғой.
Əміршінің ойына осы түскенде, өңменіне əлдекім пы-шақ сұғып алғандай
болды. Оның талайды көрген жұмыр басына бұрын-соңды дəл мынандай
жарақат түскенін көрмеп еді. Мынау ол бастан кешіріп көрген жəбір мен
жапаның ешқайсысына да ұқсамайды. Ол тұрған жерінде күлге
айналып бара жатқандай сүлесоқ шөгіп, шөгіп отыра кетті.
III Əмірші бұл дүниеде ештеңеге құлқы болмай сұлқ жүр. Базардан күніне
сан сапат шапқылап келіп жататын жансыздарды да енжар тыңдайды.
Зындандағы шеберді жазалауға да асыға қоймады. Күні кеше ғана
көкірегін зірк-зірк қайнатқан өншенділік те жым-жылас жоғалған. Оңаша
бөлмеде ертеден қара кешке миын жейтін ащы ішектей шұбатылған қым-
қуыт ойлар əншейінде жүрек қыжылдатып, намысқа шабатын
нəрселердің бəрін түп-түгел мəнсіздендіріп жібергендей. Əміршінің
ештеңеге құлқы соқпайды, ештенеге асықпайды. Тіпті бұған дейін бір сəт
бастан кешіріп көрмеген мына ахуалынын сырын түптеп білуге де зауқы
болмады. Ебіл-себіл бір тіршілік. Бір бұйығы мұң өне бойын дел-сал қып,
əлсіретіп барады. Бұрлықтырып, белін жаздырмай, бүгежектетіп бара
жатқан тымырсың жарақат. Ең болмаса жанымен қайғы қылатындай
қып, қансыратып бебеулетпейді де.
Əмірші абайсызда басын жартасқа соққан асау шортандай əлденеге
мəңгіріп қалыпты. Жер түбіндегіні ойлап, көріп-біліп отыратын сұңғыла
басымен үш ұйықтаса түсіне кірмеген мынандай соққыға тап болды.
Өзіне қиянат қылғандардың қай-қайсысы сияқты шебер жігіттің де
көресіні көретінін іші біліп отыр. Бірақ оны қайтып азаптаса да, өші
қайтатын емес сияқты. Оның күнəға ынтыққан арамза жүрегінен аққан
қара қан бұның жанындағы жарақатты бəрібір жуып-шая алмайтындай.
Қайта ол мұның өне бойын зіркілдетіп алып бара жатқан ашуды да, күні
кеше ғана көкірегін аш мысықтай тырналап баққан ақи көз өшпенділікті
де, тіпті алтын басты Əміршінің мынау жарық-жалғандағы ендігі
тіршілігін түп-түгел пəтуасыздандырып жібергендей. Қаһарымнан Қап
тауын ықтырам деп жүрген көкірегі ашудан да, ызадан да, өшпенділіктен
де түгел айрылып, ағысы қатты өзенге абайсыз түсіп кеткен қураған
сабандай қаңғалақтап қалыпты. Пəлен күннен бергі бұрлықтырып
еңсесін езіп жатқан тымырсық сезімнің аты алданыш та, жəбір де, жапа
да емес, жай əншейін өкініш боп шықты. Зіркілдеген ашудан да, қанды
қайнатқан намыстан да ада мұндай өлімсіреген бозымбай бейшара
сезімнің өкініштен басқа аты болуы ешқандай мүмкін емес. Сонда
шартарапқа тізесін басып отырған сайып-қыран Əмірші не деп өкінеді? Ай
астындағыларды түгел дерлік қаққанда қанын, сыққанда сөлін шығарып