аштан ӛлмес, тіпті болмаса жер шұқырсыңдар.
Дүниеде құдықшы дейтін кәсіп барын Еңсеп сонда білді. Әр ауылда
жаңғыз-жаңғыз үй кірме болып отыратын Қараштың азын-аулақ азаматы
жиылып, әкесін кӛмді. Қабырдан қайтқан соң садақаға жиылған тӛрт-бес шал
Құлжан балаларының бас кӛтерері Еңсепті оңаша шақырып алды.
- Шырағым, әкеден айрылдың. Құлжан пақыр қасарыспа болғанмен ер
жігіт еді. Есіл қайраты далаға кетті. Сүйегін орарға қара ала алаша зорға
табылды. Шалқар дәулетке кенелтпесе де бала-шағаның қарнын ашыртпаған
Sauap.org
9
ата кәсіптен қол үзгеннен опа тапқан ол жоқ. Сен де әкеңшілеп, ата-баба
ырзығын аяққа баспа. Қаршадай бауырларың мен анаң қалды. Дәржан ағаң
үйлеріңді кӛшіріп әкетпек. Соған еріп, жолын ұста, -деп ақыл айтып,
қолдарын жайып, бата қылды. Дәржан ағасындай емес, денелі, бұлшық еті
ойнақ-тап, ылғи жалаңаш жүреді. Қаба қара сақалды қалай болса солай
қағусыз бетімен жіберген. Үлкен басына тым құрдым кӛрінетін шұнақ
құлағы уда-дуда самай жүнінен атымен кӛрінбей қалады. Таңқақ танаудан
шыққан дем шиыршық атқан бұйра мұртқа малтығып жатқандай. Әр талы
сояудай қатты сақал жұдырықтай-жұдырықтай екі емшектің ортасын тырнай
құлаған. Осынша қалың қара жыныстың үстінде қақ тӛбесіне дейін ай қасқа
дӛң маңдай жылтырайды. Қос иығы қанталаған алақан кӛз айналасына алақ-
жұлақ қарағанмен, ештеңеге тоқтамайды; ылғи айдалаға лағып жүреді. Сӛз
дегенді атымен білмейді. Үйінің ішінде де, сырт жұртқа да не тәтті, не қатты
тілі жоқ. Қатарларынан біреу-міреу кӛңілінен шықпаса: «Кӛріңді ұрайын!»
деп бір дүңк еткізеді де, сосын қайтып жақ ашпайды. Жұрт: «Қырсық Құлжан
мен қорбаң Дәржан бір енеден туған деуге адам нанғысыз», - деп аңыз
қылады. Құдықтың ішінен тұла бойы балшық-балшық, жүн-жүн Дәржан
шығып келе жатқанда, кӛрмеген-білмеген кісі, қапелімде, жер астынан жік
шықты деген осы екен деп қалардай.
Әйелі Ханым қол-аяғы балғадай, бойлы-сойлы, ӛңді кісі. Дӛңгелек отты
кӛзінің нұры жұмсақ. Ағайын-жекжатқа да араласымы мол. Дәржан қанша
бауыр тартса да, кӛшпелі ауылға ұста боп кеткен қырсық Құлжан, қанаты
сынған қарғадай, әр бұтаның түбінде бүгежекпен қала беретін құдықшы ауыл
тірлігін місе тұтпай, ӛзі илікпей қойған-ды. Иесі ӛлген жетім үйді Ханым
жылы шыраймен қарсы алды. Абысынын қой сойып, қол қусырып қонақ етті;
бетін сүйектеп, сыңғырама құлып салған әшекейлі сандықтан мата алып
кӛйлек тікті, басына жарқыратып жаулық тартты. Құлжанның үйі кӛшіп
келген соң, пәлен күн бойы Ханымның қолынан оймақ түскен жоқ. Үсті-басы
ебіл-себіл балалардың иіні жаңарды. Құлжанның ӛмір бойы бозармай кеткен
қара құрым үзігі ӛлген соң ағарды. Ханым етегі қанамаған кісі. Онсыз да ӛңді
әйел қасына қайнағасының үйі қонып, есігінен бала-шаға кіріп-шығып
жатқан соң тіпті құлпырып кетті. Кішкене Теңселге сүт пісірсе қаймақ
жалатып, нан илесе шетінен тоқаш ұстатып, әбден асты-үстіне түсіп жүр.
Дәржан үйіне шаршап келсе де, балаларды кӛргенде екі езуін жия алмай,
ырсыңдап күліп, мәз-мейрам боп қалады. Құлжанның суық қабағынан ықтап
ӛскен балалар әуелі Дәржанға да дәттері бармай, жуымай қойды. Бірақ кӛп
ұзамай ӛне бойы уда-дуда еңгезердей үндемес кісінің бет алдының
жұмсақтығын іштері сезсе керек, шай ішуге келгенде Еңсептен басқалары
бірі тізесіне мініп, бірі мойнына асылып тапалайды да жатады. Қыңқ дейтін
Дәржан жоқ, қолындағы шайын үстіне тӛгіп-шашып, ыржиып отыра береді.
Еңсеп сонау жетім кӛкірек бала кезіндегі жүрегіне қона қалған осы бір ыстық
ықылас пен жылы мейірімді ойлағанда әлі күнге ет бауыры елжіреп, жидіп
Sauap.org
10
кеткендей болады. Қанша шаршап-шалдығып, қанша кісіден кӛңілі қалып,
беті қайтса да сол бір жылы қабақ, жұмсақ алақанды ұмыта алмайды. Нелер
тағаты таусылып, сабыры сарқылған, у ішкендей боп, кӛкірегі ӛт татып,
жарық жалғаннан түгел түңіліп, сырттап кете жаздап тұрған кездерде сол бір
шұғылалы шуақ есіне сап ете қалады. Асылы, адам кӛңілі ӛмірдің кӛп
ӛткіншісі шұбырып жататын айдау қара жолының үстіндегі қайыршының
кетік тостағаны сияқты; ӛткіншілердің біреуі у тамызады, біреуі бал
тамызады; ӛңшең у болса, әлдеқашан жер қабар едің, аз болса да, анда-санда
бір тамса да, жер үсті тіршіліктің тәттілігін сездіріп, таңдайыңды татытып
кететін балы бар ғой тағы да. Адамның есінен қанша танғанымен, есірік
дәмеден қол үзбей, ылғи әлденеге тырмысып, арам тер болып жүретіні де
сондықтан шығар. Дәржан қапелімде Еңсепті, «кел, кӛр, үйреніп ал» деп
құдыққа сүйреген жоқ. Маңдайына бала бітіп кӛрмеген кісі жер шұқып,
топырақ қазғанды ӛзі сияқты қу сіңірлер де зорға шыдайтын тауқымет санап,
бала жігіттің етін жыртып, кӛңілін сындыруға әлі ерте кӛріп, аяп, құдық
маңына жуытпады. Еңсеп ағасының үйінің қасына келген соң тағы екі жыл
балалық дәурен құрды. Ашаң қара торы жүзі жылтылдап, кӛзінің оты оянып,
ер жетіп келе жатқан қайнысын ақылды Ханым атқа ӛзі мінгізді. Дәржан,
шүкір, ол кезде табысты еді. Бірақ қонағы келсе пышағы әзір, кӛңілдесі келсе
аты әзір Дәржанның іргесінің кӛңі қалыңдамады. Дегенмен ағасы мен ӛз үйін
ішер ас, киер киімге кенде қылмайтындай, қазанының түбі қаңсымас күйі
бар-ды. Дәржанға біткен жылқының ішінен маңдайында бармақтай ақ
жұлдыз меңі бар құндыз торы дӛненді жеңгесі Еңсепке мінгізді, ер-тұрманын
да ӛзі түзеді. Сосын бір жылы жазғытұрым Дәржан екеуі тӛркініне кӛрісе
барғанда қастарына оны да ертіп кетті. Ханымның тӛркіні тек мал жиғанына
мәз сасық байлар емес-ті. Дәулетке сай сәулет те түзеп, кӛшін де,
дастарқанын да, тӛсек орнын да салтанатпен ұстайтын сәңқой ауыл-ды.
Алпыс үй ақ тӛс Арын атанған ауылдың жігіттері ылғи сән түзеп, ауыл
қыдырып, ат үстінде жүрер еді. Шетінен Орынбордың қара мандаласынан
тіктіріп, қынама бешпет киетін-ді; омырауларын ашық тастап, ақ шәйі
кӛйлектері анадайдан жарқырап келе жатар-ды. Олар не торы, не қара, ӛңшең
сүлік сұлу ат мініп, тӛстері жарқырап жал басына шыға келгенде, қапелімде
қай-қай ауыл да сасып қалар-ды. Қыз-келіншек дереу үй-ішін жӛндеп,
самауыр қойып, сар қарын әйелдер мен кемпірлер жалма-жан ыдыс-аяқ
тазалай бастайды. Арын аулының жігіттері аттарынан да сәнмен түседі,
тізелерін бүкпейді, тізгіндерін ұстап, қолтықтарынан демейтін - ауыл иелері.
Қашан аттанып кеткенше кӛліктің жайын сұрамайды. Мамық тӛсектің
астында сынық арпа жатса, бірден біле қояды. Шетінен сайқымазақ; жұрт ел
ішіне жайып кетеді деп, кӛбіне-кӛп Арын жігіттерінің қуақы тілінен қорқады.
Еңсепті Ханым жеңгесі сол еркебұлан жігіттердің тобына қосты.
Бай ауылдың ерке-шораларына Еңсеп тез сіңісті. Сері жігіттер бұны
кірме кӛрген жоқ. Ашаң, қара торының әдемісі, аттың құлағында ойнайды;
шырқау биік болмағанмен майда қоңыр даусы бар, әнді нәшіне келтіріп,
Sauap.org
11
тыңдаушысының құлағын кесіп алардай қып, қылқылдатып, ерекше бір
назбен салады. Дала жасының бір басына бұл аз ӛнер емес. Әр жалдың
басында жан-жаққа шашырай жайылған қой мен жылқыны торып, іштері
пысып отырған ауылдың делебесін бір қоздырып, мәз-мейрам ғып кетуге,
жігіттердің құлақ құрышын қандырып, бір серпілтіп, ал ата-анасының не
жеңгесінің қасында кӛзін тӛмен салып, бетке қан ойнап, ұялып отыратын уыз
бойжеткендер мен шай құйғанда шыны аяғыңды беріп жатып, ақ сүйрік
саусақтарымен абайсыз жанасып, ұшқынды кӛздерінен ықылас шашып
бағатын жас келіншектердің кӛңілін қобалжытуға, әйтеуір, түскен үйінің
берген шайы мен сойған малын қысылмай ішіп-жеуге молынан жетіп жатыр.
Еңсеп жиын-тойда ортаға шығып, қолына домбыра ап ән шырқағанда, не
хиссалардан терме соққанда, тас маңдайларын талай қыстың ызғары жалап,
кӛкіректің ӛздері ӛткізген кӛп жылдың бұлар әлі біле қоймаған кӛп тікендері
тырнап тастаған кәрі жағы кӛздеріне жас алады. Тумай жатып ӛздерін желдің
ӛтінде санайтын ер жүрек жігіттер кӛздеріне мұнар, кӛңілдеріне мұң жүгіріп,
томсара қалады. Қақ ортада қара домбыраны сабалап, сілтеп отырған
қаршығадай қара жігітке кӛздерінің астынан ұрлана қарап, беттері балбұл
жанып, сонау ақ шайы кӛйлектің астындағы кӛгершін тӛске не бір сұғанақ
кӛздер болмаса, қапелімде қалған жұрт байқай бермейтін болар-болмас діріл
жүгіріп, кӛңіл-деріне әлі ӛздеріне де анық емес, әйтеуір бет дуылдатып, қан
толқытып, жүрек қобалжытып, кӛмей құрғататын тым жұмбақ, тым нәзік,
тым діңке құртып елітіп бара жатқан елжірек ынтық, ыстық ықылас оянып,
қуана, сүйсіне тыңдайтын тек әлі беттеріне шаң, еттеріне дақ тимеген уыз
кӛңіл бойжеткендер ғана. Думаншы топтың ішінде әнші балаға оқтын-оқтын
шүйіліп-шүйіліп ӛтетін қырғи кӛз сақа келіншектер де аз емес. Қаршығадай
қара бала қай-қайдағыны айтып кӛсілткенмен, айтып отырғанына ӛзі мән
беріп жатпайды; сынапша сусылдатып, лекітіп тӛге беретін тақ-тақ әуенге
басып, кӛбіне-кӛп кӛмейінен шығып жатқан сӛздерден гӛрі тӛңірегіндегі
кӛздерге баса зер салады; жанарының қиығына ақша жүздер іліксе,
айдындана, арқалана түседі. Осындай от-жалын ӛжеттік тек ән салып
отырғанда ғана бой кӛрсетіп, ән біткесін жым-жылас жоғалып кетеді. Жан-
жағынан жапа-тармағай қараған кӛп жанар мен жамырай айтылған кӛп
қошаметтен бір түрлі қысылып, екі беті дуылдап ала жӛнеледі. Ондайда
қаралай ӛліп-ӛшіп, шығарға жаны басқа болып отырған ынтық қыздар іштей
шыбын-шіркей боп аяса, қырғи келіншектер осынша нәресте бозбалаға
бұрынғыдан бетер сұқтана түседі. Әйтеуір солар отырған жақ беті ӛртеніп
бара жатады. Бірақ не керек, дала жасының дәурені қырдың бір сәскелік
келте кӛктеміндей тым шолақ. Қыз байғұсты бетінің қызылы енді-енді
кӛрініп келе жатқанда ұзатып жібереді, жігіттің иегі түбіттенбей жатып
басына ноқта түседі. Еңсептің де жастық дәурені алыс жолда ай батқанша
жүріп-жүріп кеп, тек таң алдында ғана бел шешпей сұлай кетіп, кӛз
шырымын алған суыт жүргіншінің таң ұйқысындай тым тәтті, тым қысқа
болды.
Sauap.org
12
Сол күндері еске түскенде Еңсептің егде тартқан жүрегін әлі күнге бір
жұмсақ мұң шарпиды; жер қазып, тас қашап ширатылып қалған бұлшық еті
бір түрлі балғын тартқандай, балбырап сала береді. Бұл үйлі-баранды егде
адамның кӛңілін қайдағы жоқ иектеп енді қолға кӛп түсе бермейтін жігіттікті
кӛксегені емес-ті; сонау келмеске кеткен жас дәурені еске түскенде кісі ӛмір
бақи армандап, ӛлерінде де кӛріп ӛлдім бе, кӛрмей ӛлдім бе деп күмәнмен
кететін жаңғыз аңсары -бақыттың шын дидарын кӛрсе тек жас шағында ғана
кӛре алатынын, бірақ бақытты жастық бақыттылығы сонша, тіпті басындағы
бақыттың ӛзін тұсында байқай алмай қалатынын ойлағаны еді. Адам асылы,
ӛмір бойы кӛңіл деген кӛтерем тұғырды бас-кӛзге тӛпеп бақыт қуған сайын,
одан солғұрлым алшақтай түсетін сияқты; бақыт қуған адамның тапқан
бақытынан жоғалтқан бақыты кӛп болса керек. Бақыт... Адам байғұстың
қиялы жеткен жердегі жақсы мен тәттіні бір бойына сыйғызған осы бір сӛз
қашан кісінің кӛңіліне шемен боп байланған сәтінен бастап, бастапқы мән-
мағынасының бәрінен түгел айрылып, онсыз да кем қанағат, онсыз да
ӛлермен пендені онан сайын жан алқымға түсіретін қайыс қамшыға
айналатын кӛрінеді. Ондай қайыс қамшының саныңнан қан саулатып
сабылтып жеткізетін жері - бақ шығар, дәулет шығар, даңқ шығар, әйтеуір,
бақыт емес.
... Алдындағы емен күбіге салған топырағы сырғанап тұрмады.
Әлдеқашан толып кетті. Арқанды қағып, жоғарыдағыларға белгі берді.
Шүпілдеп толған емен күбі сусып жоғары кӛтерілді. Еңсеп қап-қара үңгірдің
ішінде тағы да сонау жарық дүниемен байланысы үзіліп жалғыз қалды. Тас
тӛбесіне найзадай тӛнген қара үңгірде тек арқанның дір-дір дыбысынан басқа
үн жоқ.
Емен күбіні жоғары тартып әкеткенде, Еңсептің ойы қашанда үзіледі.
Дағдарып отырып қалды. Сосын тағы да сыз қабырғаларды үңгуге кірісті.
Бірақ жаңа-жаңа бойы сергіп келе жатқан кісіге маңдайы енді жіпси
бастағанда қайтадан тер қатқандай, ал-сал тартып қоя берді. Бірдеңесін
ұмытқандай ойы он-сан бӛлініп, жаңа ғана жайылма судай жан-жағынан
ентелеп келе жатқан ескі елестер мен тап осы қазір табан астында туып
отырған ойлардың бәрі бір жаққа безіп кеткен. Шықшыты бүлкілдеп, әлдебір
ашу кӛтерілгендей... Кеңсірігі қаңсып, басы мең-зең тартты. Еңсеп
омырауындағы шақшаны колына алды. Кӛкбұйра насыбай танауын
жыбырлатып, түшкіріп жіберді. Бір емес, әлденеше рет үсті-үстіне түшкірді.
Кӛкірегін қышап тұрған зіл түгел сыртқа атып кеткендей, дені жайылып сала
берді. Дағдарып қалған кӛңілінде қайтадан ой оянды.
III
Sauap.org
13
Еңсеп құдалардың аулында дырду-думанның соңында қанша жыл жүрем
десе де «қой, бала, жетер енді дейтін Дәржанның түрі кӛрінбейді. Қайта
анасы байғұс шыжбалақтап, ӛз-ӛзінен қысылып, мұның бос селтең жүрісін
қойып, ағасына қолғабыс жасайтын уақыты әлдеқашан жеткенін құлақ қағыс
қылды. Еңсеп те анасының кӛмейін түсініп, ӛзінің шыннан да шаруаға
қырсызданып бара жатқанын байқады. Жұлдыз меңді торы атын жылқыға
қосты. Бұған енді ағасының ауыл арасына мінетін буырыл тұғыры ерттелді.
Ол кезде Дәржанға Тӛкен бай құдық қаздыртып жатқан-ды. Ағасы Еңсепті
әлі де аяп, «әуелі кӛрсін, үйренсін» деп қиынға сала қойған жоқ.
Құдықшыларға шай қайнатып, тамақ пісіреді. Кӛктем шығып, кӛк кӛріне
бастаған кез. Баурай-баурындағы індігеш екеш індігештерге дейін шиқ-шиқ
үнге бӛгіп, табиғаттың қағанағы қарқ шағы. Мұндайда қазақ іргесі күбір
сасып, отыра алмай, қыстаудан біржола кӛтеріледі; жал-жалдың басына
самсап, ақ жұмыртқа ауылдар қонады. Еңсеп те күн бата бере буырыл
тұғырды ерттеп ап, құдықшылар қосынан безіп отырады. Ауылдардың біріне
түсіп, шалдардың шаруа жайы мен жыл сыңайын айтқан кеу-кеу әңгімесіне
құлақ тосады, қой сауып, қозы айырғандардың ызы-қиқы, у-дуын құныға
тыңдайды. Заржақ қатындардың қозысын алмаған саулықты иітпек боп:
«Түбай-түбайлаған» кӛйгӛйі құлағына күйдей жағады.
Еңсеп әкесінің елмен бірге кӛшіп, бірге қонып жүретін ұсталыққа құмар
боп, құдықшылықтан неге қашқақтап ӛткеніне енді түсінді. Буырыл ат қой
маңырап, ит үріп ызы-қызы болып жатқан ауыл жаққа қарай ентелей басады
да, ертесіне қосқа қайтқанда мойны салбырап, митың-митың мандымай
қояды. Жан-жануар түгілі қара жердің де дені жайылғандай. Самиян дала
кеудесіндегі ол қызық пен ұлан-асыр сәнкӛрікті, енді ӛрбіп ӛркендей
бастаған балауса тірлікті үркітіп, шошытып алмайын дегендей шуаққа
омырауын тосып, маужырай, керіліп жатыр. Кең дүние түп-түгел серпіліп,
сергіп шыға келіпті. Тек Еңсептің ғана назары сынық. Мынау қарсы алдына
шығып ап, бет-аузын аймалап келе жатқан майда самал да, ӛн бойы шырынға
толып, жұпар аңқи бастаған кӛк шӛп иісі де бұны ӛз-ӛзінен елегіздіріп,
жеңінен тартқылап, әлдеқайда, ту-ту алысқа «жүрші-жүршілеп» азғырғандай.
Ондайда албырт кӛңіл ауаланып, кӛрдің аузындай індігешке телміріп
отырған құдықшылар қосынан атымен безіп, мынау маң даланың әлдебір
тұсына маңып кеткісі келеді. Сілті ішкендей, ішек-бауыры түгел жидіп,
мимырт буырылға қамшы ұруға да дәрмені жетпей, дел-сал келе жатады.
Тізгінінен тартып, басын басқа жаққа бұрған ешкім болмаған соң, буырыл ат
үйреншікті сүрлеуге түсіп ап, құдықшылар қосының іргесінен кеп бір-ақ
тоқтайды.
Жаз шықты. Шӛп пісті. Қозы-лақ аяғынан тік тұрып, айдауға кӛнетіндей
боп, буындары бекіді. Ауылдар қырқымға кірісті. Жабағы жүнінен айрылып
тұлдыр жалаңаш қалған қойларды кӛргенде Еңсеп ӛз-ӛзінен жүдеп сала
береді. Бір күні Арын аулы жайлауға кӛшеміз, қоштасып қалсын деп қызы
Sauap.org
14
мен күйеуін шақыртыпты. Ханым қайнысын да ерте жүрді. Бай ауыл мәре-
сәре. Еркек жағы ат ұстап, түйе матап, әйел жағы жүкті буып-түйіп абыр-
сабыр. Тізгінге әлі жететін балалар ертең кӛш-жӛнекей мінетін тайларын
жуасытып табандарынан таусылып жүр. Ақсақалдар қайта-қайта иіріліп, жол
бағыты мен жолай суаттар жайын мәслихаттасады.
Ертең кӛшеміз деген күні шаңырақ сайын бір-бір бозқасқаның басы
қырқылды. Шалдар дастарқан басында ұзақ мақамдап жолдың сәті мен
ӛрістің оңына бата бағыштады. Еңсеп ол күні елегізіп жата алмады. Қайда
бес кісінің басы қосылса - соны жағалайды. Кӛз таса оңашада оң қабақ
құдашаларымен қалжыңдасты, ойын-шыны аралас назын айтты. Біреу-міреу
үстімізден шығып қала ма деп сыртқа елеңдей құлақ тосқан бойжеткендер,
жігіттің үзіле айтқан сиқырлы сӛздерінің буына балқып, үнсіз күлімдеседі.
Қоштасарда қыр қызының тілсіз, тылсым пейілінің куәсіндей жан-жағына
моншақ тӛгіп кестелеген жібек орамал ұсынады. Ертеңіне ауыл таң бозарар-
бозармаста ұйқыдан оянды. Әдетте әрі-бері аунақшып, тӛсектен тұрып
болмайтын балаларға дейін бүгін елден бұрын атып-атып Тұрып, байлаулы
тұрған тайларына жүгірді. Жаулығы қарқарадай кәрі әжелер таяқтарына
сүйеніп ап, үй жығып жатқан қыз-келінге анадайдан жӛн-жосық айтып
қояды. Жас келіндердің де жүгіріп бағатыны осы түс. Кімнің кӛшінің бұрын
жӛнелгені, ең алдымен, соларға сын. Енелердің шыдамсыздау қазымыр жағы
қайта-қайта таяқтарын шошаңдатып зіркілдеп ала жӛнеледі де, ал
сабырлылары жас әйелдердің әр қимылын қалт жібермей үнсіз бағулы.
Түйелер қомдалды. Жүк артылды. Әжелер мен жас балалар мінетін
түйелерге шырқ айнала текемет қор-шалды. Қаруы қайта қоймаған сары
қарын бәйбішелер жаулығы қарқарадай боп, алдыңғы түйеге мініп кӛш
бастайды.
- Иә, пірім!
- Е, біссіміллә!
Жүк артқан түйелер орындарынан тұра бастады. Кӛштің алды жӛнге
шықты. Қос қапталда қаз қатар тізіліп, сәукелелері сылдырап, үкілері
бұлғаңдап қыз-келіншектер барады. Еркектер жағы әлі аттарына мінген жоқ.
Құтты қоныс болған ескі жұртқа құран оқып аттанбақ. Алақан жайылды, бет
сипалды. Қонышқа тығулы қамшылар қайтадан қолға алынды. Бірінің
тізесіне бірі таянып ақсақалар орнынан тұрды. Оларға ілесе басқа еркектер де
дүр кӛтеріліп, аттарына беттеді. Жасы үлкендер жағы жол сілтейміз, ӛріс,
суат барлаймыз деп желе-жортып ілгері озып кетті. Жастар кӛш
қапталындағы қыз-келіншектер тобына келіп қосылды. Біреулері қарқ-қарқ
күліп, қалжың айтса, біреулері түйе үстіндегі егде әйелдердің кӛзін ала беріп,
келіншектердің омырауына жармасып, аш белдеріне қол жүгіртеді. Бір-біріне
Sauap.org
15
кӛздерінің астымен қарап, үнсіз сұқбаттасып келе жатқан бойжеткендер мен
бозбалалар да бар. Жігіттердің желӛкпелеу жағы ұйқыашар болсын, ат
жарыстырамыз, орамал бер, - деп тұстас жеңгелерін тақымдап, тізгіндеріне
жармасады. Орамал сұрағанды сылтауратып енді келіншектердің омырауын
мытып, мықындарын шымшып, ауызбен айта алмай жүрген аңсарларын
қолмен білдіріп жатқандар да кӛп. Жас жігіттердің тегеуріңді қолының
тентек қимылдарынан тәндеріне бір сиқыр от дарып, рақат енген кейбір қу
келіншектер жандарына майдай жағып бара жатқан осынау озбыр шеңгелден
тез айрылып қалғысы келмей ұзақ тайталасады. Бӛгде кӛзге сыр алдыртпай
үнсіз жымияды. Қалың кірпіктің астынан сүзіле қарап, омырауын
кӛлкештеген болып, жігіт қолынан қашқақтағансып, жұп-жұмыр білектерін
кӛлденең тосып, ат жалына оңды-солды сылқ-сылқ құлап, онсыз да сабыры
сарқылып келе жатқан албырт жасты одан сайын үздіктіріп, әбден арбап
бағады. Қашан ӛзінің де дәрмені таусылып, ашқарақ жас тән тағаттан
айрылып, ӛн бойына әлсіздік буы жүгірген кезде барып, қалтасынан орамал
суырып, жігітке береді.
Жігіт келіншек берген орамалды тӛбесінде тудай кӛтеріп, кӛштің ық жақ
бетін алып, дүркіретіп шаба жӛнеледі. Таң атқалы тұяқтары қызып келе
жатқан ӛзге аттар соңынан қуып береді. Кӛк ала жонға кӛтерілгенде, жан-
жақтан шұбырып шығып жатқан ӛзге ауылдардың да кӛштері кӛрінеді. Тай
мінген балалар жағы енді соларды қызықтамақ боп, құйғытып ала жӛнеледі.
Үлкендер де: «Е, мынау пәленшекем аулы ғой, барып кӛштеріне құтты
болсын айтайық», - деп аттарына қамшы басады. Кӛш басында жайлы сары
атанға текемет қоршап, кілем жауып жайғасқан кәрі әже жол-жӛнекей
амандасқалы келген сәлемші жастарға қоржыннан жілік-жілігімен ет
үлестіріп, балалар жағына бауырсақ ұстатып қолынан дәм таттырады. Әй,
әжеке, иманды бол! - деп, жел аяқ жастар тағы бір ауылдың үлкенінен дәм
татып қалмаққа аттарына қайтадан қамшы басады. Қыс қоныстан жаз
жайлауға қарай шұбатыла кӛшкен тізбек-тізбек кӛштердің аралары осылай
ерсілі-қарсылы ала шабуыл. Құдалар аулын аға-жеңгесімен бірге қозы кӛш
жерге ұзатып салған. Еңсеп жастайынан жадында жат боп қалған осы
кӛріністердің бәрін жаңа кӛріп тұрғандай тамсана қарады. Әдеттегі манаурап
жататын қыр бүгін дүбірге толы. Кеудесінде жаны бардың бәріне желік
біткен. Бәрі де бір жерде тағат таба алмай, әлдеқайда асығып, тыпыршып түр.
Маң-маң түйелердің де аяқтарына кӛз ілеспейді; ентелей басады. Ақ текемет
қоршаудың арасынан шақырайып кӛрінетін әжелердің шаңқай жаулықтары
әлдеқайда ұша жӛнелгелі қанатын қомдап отырған аққулардан аумайды.
Кӛш - қимыл-қыбыры аз дала тірлігінің әбден асып-тасқан мерекесі.
Жақсы ӛріске, жаңа қонысқа, жаңа әсер, жайсаң ләззатқа ынтыққан сергек
кӛңілдің шаттығы. Ол күні кӛптен қозғалмай, шау тартып, буын-буындарын
сарысу алған сырқау аяқ-қолдың ӛзі ойламаған жерден тыңайып сала береді.
Күйбең тірліктің бірлі-ұсақты кӛп уайымы қажап-қажап қаяу тартқан
Sauap.org
16
кӛңілдер кӛбелек қанаттанып, елегізіп шыға келеді. Кӛл-кӛсір далиып жатқан
жазғы даланың самиян самалы кӛп тұрып, кӛнетоз тартқан мүліктен қыс
бойы тұралаңқырап қалған қыр тірлігінің барша шаң-тозаңын сілкіп қағып,
түу-түу алысқа аластап, бездіріп жатқандай. Еңсеп қыр асып бара жатқан
ұзын шұбақ кӛштің соңына кӛзі боталап кӛп қарады. Сонау маң-маң басқан
тізбек-тізбек түйелер осы ӛңірден күні кеше жал-жалдың басында тізіліп-
тізіліп отырған ақ жұмыртқа ғана емес, ың-жың үнді, ду-ду күлкіні, абыр-
сабыр қимыл-қыбырды, күлкі тіршілікті жым-жылас кӛшіріп әкеткендей. Кӛк
майсаның ортасында түйме жараның орнындай боп ақтаңдақ-ақтаңдақ кӛне
жұрттар жатыр. Сол ақ таңдақ жұрттар құдықшы ауылда екі-үш егде еркектің
қасында, жалғыз қалған Еңсептің кӛзіне кӛпке дейін шоқтай басылды да
жүрді. Құдықшы ауылда ебіл-себіл тіршілік. Алақандай шұқырдың
айналасындағы күн сайын бӛксесі бұлтиып кӛтеріле түскен кӛр тӛмпектен
басқа кӛз қуаныш та жоқ. Кӛлдеу ойдың ортасындағы құрым күркелер кӛл-
кӛсір даладан да таса қалыпты. Еңсеп осы ауылдың шайын ағартып отырған
ӛрістен қайтып келе жатқан қараша інгенге қызыға қарайды. Мынау жер
шұқыған екі аяқты пенделерден о да жақсы. Күн ұзаққа ала қырды аяғы
жеткенше шарлап қайтады. Бір кезде бұл тӛңіректе де ду-ду ӛмір болғанын
сездіретін кӛктемгі құмалақтар әбден күн жеп қурады. Еңсеп пен бурыл
аттың екі ауылдың арасында сенделген соқпақ сүрлеулерінің сұлбасы
жоғалды.
Еңсеп қолына күрек алды. Балауса бұлшық еті тастың астына түсіп
жанышталып қалғандай; ал-сал қары салдырап белі талғанда, күңірсік иісті,
қыр шӛбінің кермек дәмі таңдайына татымай енесінің жып-жылы бауырына,
бал татыған саумал сүтіне аңсары ауып, кӛзі қарауытып, зарлана боздайтын
қараша інгеннің жаңа суалтқан ботасындай Еңсептің де есіне күні кешегі
бостан шағы түсіп, басы мең-зең тартып, кӛзінің алдын қоймалжың буалдыр
кӛлкештейді. Енесінің бал емшегінен торыққан қараша бота боздай-боздай
сүлдері құрып, ӛзегін тызылдата жалаған аштықтың аранын қайтармақ боп,
ұлпа тұмсығын шаяндай шағып жолатпайтын жексұрын жантаққа амалсыз
бас қояды. Жалғыз қараша бота емес, індігештен-індігешке шӛп-шӛңге
сүйреткен құмырсқадан бастап барша тіршілік иесі, қай сиқырдың құдіреті
екенін кім білсін, әуелде де ӛзі тіленіп келмеген жарық жалғаннан ӛздігімен
кете алмай, ішінен ештеңе ӛтпесе, шоқ түскендей жалап шыдатпайтын қу
ӛңештің күйтін күйттеп тырбынып бағады. Еңсеп енді әр нәрсеге
алаңғасарланбай, сол күллі тіршілік иесінің бәрі секілді ӛз қамын ӛзі жейтін
жасқа жетті. Сонда ӛмір сүру деген енесіне жамырап кетпесін деп, күні бойы
темір қазықты шырқ айналып шыға алмайтын арқандаулы қараша ботадай не
қорлықты кӛрсең де, не сұмдықты бастан кешсең де, жан-жүйеңді
жадыратқан тәтті қиял, аңсар арманның бәрінен адыра қалып, маңдайыңды
тауға ұрып, тасқа соқсаң да ӛзінің тіленіп келмеген, келгесін еш тілегіңді
қабыл қылмайтын кер тағдырдың тастақ тар қойнауына қызыл ӛңешіңнен
қылғына байлану ма?.. Осы бір зұлматтың сүр жебесіндей оқыс сауал Еңсеп
Sauap.org
17
алғаш рет індігештің түбіне түсіп, топырақ аршып, мамықтай майса алақаны
күлбіреп ісіп, тыз-тыз ашытып, күрек ұстатпай тұңғыш рет түңіліп, күрсіне
күйзелген күні ойына оралған да, балғын кӛкіректің барша балаусасын
жапыра жайпап, жермен-жексен қып кеткен-ді. Сонда Еңсеп шұқырдың
түбінде күрегіне сүйеніп ұзақ толғанған-ды. Бірақ жауап таба алмаған-ды.
Кӛңілдің бір қалтарысынан сымп етіп шыға келген сол бір сұмпайы ойдан
қатты шошынған-ды. Енді, міне, жер ортасына келді. Бала Еңсептің басын
қатырған шытырман сауалға әлі жауап тапқан жоқ. Әлде ӛмір сүру дегеннің
ӛзі де әлгі бір әзәзіл сауалға жауап таба алмай бас қатыру ма? Не де болса,
осы бір сұрақты түбегейлі толғап, түбіне жетуге әлі күнге мұршасы болмай
келеді. Қолындағы күректің шолақ сабы маңдайына қатты батты. Жалма-жан
басын кӛтеріп алды. Мана келіп түскен емен күбінің әлі толмағанын кӛрді.
Сусып құлаған қиыршық тасты күреп сала бастады. Емен күбі толды. Қыл
арқанды жұлқылап жоғарыға белгі берді. Шүм пілдеп толған емен күбі түу
сонау тӛбедегі иненің жасуындай саңылауға қарай сырғанай жӛнелді. Еңсеп
күрегіне маңдайын тіреп, қайтадан ойға шомды.
IV
Әуелі қолға мүйіз бітеді. Сосын күні кеше ал-сал боп алдыртпай жүрген
балғын бұлшық ет, қатындар керегенің кӛзінен қазыққа орап тартып
ширатқан қыл арқандай боп шиыршық атады. Қатайып, қатыгез тартқан
бұлшық етпен бірге кӛңіл де бекиді. Алдымен арманның аяғына тұсау түседі.
Еңсеп құдық қазуда әжептәуір жӛн біліп қалды. Бастапқы кезде топырақ
шығаруға кӛмектесіп еді, енді құдыққа түсіруге де жарады. Әркімнің аяғына
жығылып, құлағынан сипағанға құйрығын бұлғаңдатып мәз-мейрам болатын
бала күшік, қораға байланған соң ырылдап айбат кӛрсеткенінен, абайсыз
сирақтарға азуы тигенінен ләззат алмай ма? Еңсеп бұрын қашақтап жүрген
ӛнеріне кем-кемдеп дәм татқан сайын құныға түсті. Үлкендер: «Ананы ӛзің
істей ғой, мынаны ӛзің істей ғой», - деген сайын бір масаттанып қалады.
Адам алдана білмесе, кеп-келте ғұмырында басынан кешіретін сан-сапат
тауқымет пен азапқа бір күн де тӛзе алмас еді. Кӛңілдің қорғанышы -
алданыш. Адам армандаймын деп жүріп алданумен болады, алданып жүріп-
ақ талайды бітіреді. Еңсеп емен күбіні бір ӛзі тартып шығара алған күні
тӛбесі кӛкке жетті. Екі қары талып, бұлшық еті созылған сайын кеше кӛзіне
жас келсе, бүгін кӛңіліне жел бітетін болыпты.
Кӛр аузындай кішкене шұқырдың айналасындағы қызыл тӛмпешік
бірте-бірте қоңырайды, сосын сұрғайды, күлгін тартты, ақырында емен күбі
жер астынан қиыр топырақ, жентек саз емес, қоймалжың лай алып қайтты.
Күбі түбіндегі лай сұйыла түсті. Топырақ шығарып тұрғандар емен күбіні
қайта тастағанда шұқырдың ернеуіне жата қалып, тың тыңдайды. Емен күбі
барып жеткенде, түу сонау зымыран түбі емескі шылп ете қалады. Кенет қыл
арқан дір-дір етті. Топырақ шығарып тұрғандар құдықтың аузына жеткенше
Sauap.org
18
барлық лай түбіне шӛгіп, бет жағына мӛлдіреп су тұнған емен күбіні тӛге
салды да, былай алып қойды. Жалма-жан қосшы баланы жұмсап, анадайда
жайылып жүрген сары атанды алдырып, шығырға жекті. Құдыққа ұшын
тұзақтап шығыр арқан тасталды. Сары атан бық етіп орнынан тұрып, күндегі
үйреншікті сүрлеуіне түсіп, тарта жӛнелді. Ортасы кез ағаш доңғалақты
сықырлатып қыл арқан жыландай жылжып келеді. Ақыры ӛне бойы балшық-
балшық құдықшының ӛзі де кӛрінді. Құдықтың аузында тұрғандар оны екі
қарынан демеп, шығарып алды.
Құдықшы шұқырдан аулаққа, құрғағырақ жерге барып жүрелеп отырды.
Шақшасынан бармағының басына насыбай үйді.
Жігіттер құдық түбіне қайтадан күбі салды. Ол бұл жолы орта бӛксе боп
қайтты. Ӛңі әлі кӛгістеу. Лай суға жапа-тармағай қолдарын салып,
алақандарымен іліп алып, ауыз шайып кӛрісті. Әлі де топырақ татып түр.
Ащы-тұщысын ешкім жыға айыра алған жоқ. Кешкі салқынға еті шімірігіп,
қалтырап кеткен құдықшы орнынан тұрып, қосқа беттеді. Былайғы жігіттер
де соңынан ілесті. Табадағы қызыл шоққа бӛксесін тығып, ызыңдай әндеткен
шұнақ шүмек жез шәйнектің күрең шайы күні бойы дамыл кӛрмеген
құдықшының денін жайып барады. Шыны аяқтың бетінде шашырап жүрген
қуырған бидайды ернімен бір-бірлеп қуалап отырып сораптаған талқы шай
тер шығарады, термен бірге ӛне бойын жерге сіңіріп бара жатқан зіл де
тарайды.
Дастарқан жиналады. Қалжыраған құдықшылардың аузы әңгімеге енді
қиысады. Жер түбінен қозғалған әңгіме сірә жоқ. Енді не істеу керек екенін
қамдаған шаруа жайы. Ертеңіне бәрі тағы да құдық басына жиналды. Емен
күбіні жалма-жан құдыққа салды. Күндегідей қатты жерге тиіп тық ете
қалған жоқ, күмп ете түсті. Суы әбден тұнған. Құдықшы емен күбіні қос
қолдап ап, бас қойып еді, суы тұщы. Енді жігіттер бірінің қолынан бірі
жұлып алып ішіп жатыр. Ерні кезерген ала тағанақ қырдың тағы бір жерінен
су шықты. Оған ең әуелі құрым күркелі құдықшы ауыл қуанды. Су
шыққасын құдықшылардың қимылы тіптен тездеп кетті. Құдықтың
тӛңірегінде шашылып жатқан тоқаш сияқты тығырық тастарды бірінің үстіне
бірін ӛріп қалап, сонау кӛк тас қабатқа жеткенше шегендеп тастады. Сосын
тебін су қайта құйылмасын, мал-мүл түсіп кетпесін деп, шырқ айналдыра
әйкел салды. Сар кемік тастың ортасын ойып астау орнатты.
Жаңа құдықтың суын ең әуелі қараша інген мен қараша бота келіп ішті.
Сәске шамасында маңайдағы елдің ӛріске шыққан сауын түйелері,
құдықшылар қосы отырған шұқыр сайдың ернегіне шыға келіп, күнде құрым
күрке ғана тұратын тепсеңге едірейе қарасты. Тас астаудағы мӛлдіреп жатқан
суды кӛріп, кӛздеріне сенер-сенбестерін білмей аңырайып тұрды да, не де
болса барып білейік дегендей бүлкілдей жӛнелді. Тас астауға мойындарын
Sauap.org
19
салып, сырп-сырп сораптап ұзақ тұрысты. Сосын екі бүйірін қампитып,
теңселе басып, ӛріске тартты. Күнде тас тӛбеден қиқу салып ӛте шығатын бір
топ бұлдырық астау басындағы қара-құраның азайғанын тосып, тепсеңнің
тӛбесінен шырқ үйіріліп шықпай жүр. Түс ауа алыс суатқа суыт жол тартқан
бір үйір қарақұйрық ернектің басына шыға келді де, аң-таң тұрып қалды.
Сосын қыбыр-қыбыр қимылдап жүрген адамдарды, құрым күркені, есік
алдында мосыдағы қара шайнектің астында лапылдай жанып жатқан отты
кӛріп, дүркірей қаша жӛнелді.
Ертеңіне таңертең құдықтың айналасында түн қараңғыны пайдаланып
келіп, астаудан су жалаған күзен, қарсақ, қоянның ізі толып кетіпті. Күні
кеше ала қырдағы не бас кӛтертпес оты, не бас сауғалайтын кӛлеңкесі жоқ
тап осы бір тайпақ тепсеңге мойын бүрмай айналып ӛтетін барша тіршілік
иесі оған аңсарлары ауып, жер түбінен әдейі іздеп келетінді шығарды.
Жылмағай дӛңдегі ұры тепсең талай санаға мықтап орнап, талай кӛзге жер
түбінен мен мұндалап тұратын нысанаға айналады. Белгі бедері аз тұлдыр
қоңыр дӛнде жан-жақтан соған шұбырған тарам-тарам сүрлеу-соқпақ түсті.
Ала қырдан бір ұрттам су тата алмай аласұрып, әбден қаталаған тіршілік
иелері кӛзі қарауытып, миы зеңіп келіп бас қоятын сұлама дӛңде жаңғыз
бұлтиған осы бір әйкелді құдық ажал аузында сұлқ жатқан шала-жансар
дененің тӛсіндегі әлі суала қоймаған сыңар емшек сияқты.
Еңсептің қуанышы қойнына сыймай жүр. Ертелі-кеш құдық басынан
шықпайды. Астаудың ернеуіне қонып, тамағының асты бүлк-бүлк етіп, су
іше бастаған торғайларды қызықтайды. Тӛкен бай үш күн ӛткен соң келді.
Қасында айғыр топ адам. Мойындарын созып құдықтың түбіне үңіліп, шеген
тастардың қалай ӛрілгенін кӛрді. Шығыр тартқан атанның жалғыз аяқ
сүрлеуінің қанша қадам екенін ӛлшеді. Бір түнге қанша астау су ӛнетінін
сұрады. Қауғамен су тартқызып алдырып, дәмін татып кӛрді, беті-қолдарын
жуды. Тӛкен байдың атқосшылары жаңа құдықты жабыла мақтады. Құдды
осы құдықты сол қазып шығарғандай ауыздары жалпылдап барлық қошамет-
қолпашты Тӛкенге айтып жатыр. Кӛңілі ӛскен бай ертесіне Дәржанның
алдына құдық ақы малын салып берді. Сол күні түс қайта құдықшылар қосын
екі түйеге артып ауылдарына, бала-шағаларына қайтты. Еңсеп шұңқыр
ойдың ортасында қалып бара жатқан кешеден бері «Тӛкен қаздырған»
атанған жаңа құдыққа қия алмай кӛп қарады.
Ол Дәржан ағасының қасында үш жыл жүрді.
Еңсеп ӛзі алғаш рет құдықты Бӛкен байға қазды. Қараш аулына жиендігі
бар жас мырза әкесіне ас бермекші екен. Атақты байдың асын бұрыннан
белгілі суаттардың қасында бермей, тусырап жатқан соны жерде ӛткізіп, сол
маңайды «пәленшекеңнің асы ӛткен жер» атандырмақ ойы бар боп шықты.
Соған әдейі құдық қаздырмақ боп, нағашыларына қонаққа келді. Қараштың
Sauap.org
20
үлкенді-кішісі жиылып: «Кәсібін енді бастайтын бала еді, сіздің тұқымдай
ырзықты болар ма екен, бұл құдықты Еңсепжанға қаздырсақ қайтеді» деп
қолқа салды. Бӛкен бай әкесіне асты әрі тұяқ тимеген соны, әрі ат шаптыруға
лайық жазық, әрі тұщы су шығатын топырағы асыл жерде ӛткізбекші. Бұл
шаруаға Қараш әулетінің ақсақал-қарасақалы түгел жұмылды. Ірге бағып
қалған құр сүлдер шалдар да орындарынан тұрып атақты байдың асы ӛтуге
лайық жер қарады. Дәржанның үйі күні-түні мәжіліс. Ақыры бәрі ӛңшең
тұщы су шығатын «қырық астау» атанған ордалы құдықтың үстімен ӛтетін
тайпақ қолаттың күнбатыс құйрығын қолай кӛрді. Ордалы құдықтан екі
кӛштік жер. Жылмиған жазық кенет сәл еңіс тартады да, қайтадан тақтайдай
тегіс боп қайқайып кетеді. Сырт кӛзге қапелімде байқалар-байқалмас ойпаң
жүлгенің бойын Қараштың бас кӛтергендері бес күн бойы армансыз шарлап
шықты. Ана жерге барып та, мына жерге барып та топырағын қарайды,
шӛптің тамырын қазады, иісін иіскейді. Ең соңында, Бӛкен байдың үйір-үйір
жылқысын алдырып, біресе текіректетіп айдап ӛтіп, біресе шаптырып кӛрді.
Қалың жылқы тасыр-тұсыр шаба жӛнелгенде, ақсақал шалдар жата-жата
қалып, жерге құлақтарын тосып, тың тыңдайды. - Кеуек жоқ. Кеуек болса
дүсірге жаңғырығып, дүңкілдеп кетер еді.
- Сазы алыс білем, тұяқтың үні тұншығып шығады екен.
- «Қырық астаумен» екі ортада не сор, не кебір жоқ, қара жон.
- Шӛбіне қарасайшы, шілденің ортасында да балауса татиды. Астында
сор болса, ендігі тамыры күйіп кетер еді ғой.
Еңсеп ақсақалдардың кеу-кеу әңгімесін еліге тыңдағанмен, кӛбіне
ештеңе түсіне қойған жоқ. Үлкендер кеңесе-кеңесе кеп ақыры ала бӛтен
ұйлығып ӛскен қалың жантақтың арасына қазық қақты. Бӛкен бай қазықтың
үстіне үй тікті. Қасына тағы да бір-екі қараша үй қондырды. Сосын екі
ауылдың шалдары қазықты шырқ айнала тізіліп отырып, құран оқып, Бӛкен
бай мен Еңсепке баталарын берді. Қоңыр марқаның басын мүжіген соң,
ақсақалдар ауыл-аулына тарады. Қасында тӛрт-бес жігіт қолғабыс-шымен
Еңсептің ӛзі қалды. Ауық-ауық Дәржан соғып, хал-жағдайды сұрап, ақыл
айтып кетеді. Еңсеп бес қанат боз үйдің қақ ортасында қазық тұрған жерден
құдық қаза бастады. Қашан тӛбесінен күн түспейтін тереңдікке жеткенше,
киіз үй тігулі тұрды. Бай ауыл ет пен қымызға кенде қылған жоқ. Барынша
сақи атануға тырысатын Бӛкеннің ӛзі де ат құрғатқан емес, Қараштың
ақсақалдары біраздан соң қайтадан келгіштеуді кӛбейтті. Құдық түбінен
шығып жатқан топырақты алақандарына жазып қарайды. Келген сайын бай
ауылдың бал қымызын сіміріп ішіп, бастарын изеп, бағыт жақсы деп кетеді.
Дәл үш айда, күзем жүн енді қырқылып біткенде Еңсеп құдықты қазып
бітірді. Түбіне жақындағанда туырлық кӛк саз кӛбейіп кетіп бір қорқытып
Sauap.org
21
еді, біраздан соң қалың саз таусылып, қайтадан қайыр шықты. Қайыр
қиыршықты қайта-қайта ерніне тигізіп кӛреді, тұщы сияқты. Әлі де қаза
түсті. Сусыма қиыршық қалыңдап кетіп, құлап тұрмай ма деп күдік алып еді,
шықылдаған қатты тасқа айналды. Кӛк тасты қырнап ойып келе жатқан-ды;.
бір күні оң жақ шынтағының тұсы мұздап қоя берді. Жалма-жан сүйменді
тастай беріп, сипалап кӛрді, әлгі жер бір түрлі тершіп тұр. Су жақын. Осы
маңайдан тесіп шығуы мүмкін. Ол құдықтың сыз қабырғаларын шыр айнала
сипап шықты. Дымқылдың қай жерде мол екенінен судың ұлы жобасын
білді. Су атып кетеді-ау деген күдігі аз қабырғаны бойлап, қаза түспекші.
Кӛзді сосын барып ашады. Сонда су құдықтың түбіне мол жиналады;
жоғарыдан түскен тас, кесек кӛзді бітеп тастай алмайды.
Еңсеп әлі де бір құлаштай қазып еді, тағы да бір тұстан су тамшылады.
Екі иығына, омырауына мұп-мұздай қорғасын тамшылары тамып-тамып
кетеді. Еңсеп судың жобасы білінген тұстың тасын кӛп қозғамай, қашқақтап,
тереңдеп қаза берді. Кенет сүймен жап-жазық тақтай тасқа тиіп, шақ-шақ ете
қалды. Жан-жақтан жаңбыр себелегендей тамшы кӛбейді. Еңсеп бұдан әрі
тереңдей берсе, судың астында қалар түрі бар. Осы жер судың кӛзі-ау деп
жобалаған жерлердің тасын қозғап, шұқып-шұқып кӛрді. Бір жерден манадан
бері жолындағы қара тасты тесіп ӛте алмай, жақпар-жақпардан тырс-тырс
тамып тұрған мұздай су сау ете түсті. Бір кӛз табылды.
Ол енді екінші шынтағын мұздатып тұрған тұсты аршып еді, о жерден
де су тесіп шықты. Екі кӛзден аққан су құдықтың табанындағы тақтай тасқа
шалп-шалп құйылып жатыр. Сол бір шалп-шалп дыбыс, бұл қашан құдықтың
аузына жеткенше құлағынан кеткен жоқ. Жүрегінің дүрсілі де сол дыбыспен
бірге шығып тұрғандай. Мынау меңіреу қара жердің қойнында қамалып
тұрған жерінен бұл босатып жіберген мыңдаған тамшы, тұңғиық түбіне
жамыраса ағып, жарыса құйылуда. Тақтай тасты дүсірлете жӛнелген қос
түтек ағын жеті қат жер астынан тіршілік дабылын қағып жатқандай. Асқа
алты күн қалды дегенде жаңа құдық шегенделіп бітті. Ойдағы-қырдағыны
тегіс дүрліктірген ас ӛтті. Кӛптен бері құдықшының құрым қосынан кӛп
алысқа ұзап шықпаған Еңсеп те бір желпініп қалды. Адам пақыр талай
нәрсеге үйреніскенмен, тап қара жердің астына үйренісе алмақшы емес. Ол
азды-кӛпті зейнетінің қасында, ел-жұртының ортасында құдайдың жарық
күнін кӛріп, жұпар ауасын жұтып жүргенде қай-қайдағыны ойлап уайымға
батады. Сондай кем тағат, кем қанағат жанды жарық дүниеге жаратылған
жұмыр басты пенденің қай-қайсысы да, аяғының астынан шаянша шағып
жатқан сыз топырақ та жеті қат жердің астына, меңіреу тұңғиыққа күн сайын
тірілей түсіріп қойған соң не жорық!
Құдықшының жалғыз серігі - үрей. Оны жан-жағынан анталап тұрған
сыз қабырғалар да, түу тӛбеде жылтырап, екі кӛзін тӛрт қылып, ӛзіне
телміртіп қойған болмашы саңылау да, аяғының астынан шаянша шағып
Sauap.org
22
жатқан сыз топырақ та қорқытады. Осынша азаптанып қазғанда жӛнді-су
шықса жақсы, ал судың кіндігі бір кӛш бүру қалуы да мүмкін ғой. Шықса да,
ащы боп шыға ма, тұщы боп шыға ма? Құдықшы сан-сапат жер шұқып, сан
рет су шығарса да, ӛмір бойы әлденеге сезіктенумен, ӛзіне-ӛзі сенбеумен
ӛтеді. Қазбас бұрын әбден тәптештеп, тап осы араның күманы жоқ деп қазық
шаншығанмен, жер астына кісі бойы түсуі-ақ мұң, қалың күдік қайтадан
қамап алады. Енді сол күдігі жер астына бір елі тереңдеген сайын ӛсе береді.
Екі шұқып, бір қараған мимырт жұмыс қандай жүйкені де жүнжітіп, қандай
жүректі де қаралай күпті қылып бітетін болса керек. Маңынан тірі жанның не
кӛзін кӛрмей, не сӛзін естімей, бір ӛзі тырбаңдай беретін жалғыздық пен
ештеңені анық кӛре алмай пұшайман болатын су қараңғылық жігерін
ұстарамен қырнағандай, күн санап титықтата түсетін түрі бар. Құдықшы
неғұрлым кӛпті кӛріп, жер ортасына жақындаған сайын солғұрлым күдікшіл,
неғұрлым құдықтың түбіне жақындаған сайын солғұрлым үрейшіл
болыңқырайтын секілді. Ал енді су әне шығады, міне шығады дейтін күндері
ол тұңғыш рет толғақ қысқан анадай, бұдан бір ай бұрын, бір апта бұрын,
тіпті күні кеше қуанғанын атымен ұмытып, ӛмір бойы ӛлім аузында жүрген
кісідей ӛң-сұры қалмай, қорқыныш құшағына біржола беріледі. Бір жыл ғана
бұрын кӛкірегі алып ұшып, небір тәтті қиялдарға бӛктірген қуанышы енді
кеп табан астынан құрдымға құлататындай, шошына уайымдайды. Баяғы
тәтті арманның бәрін ерсі кӛріп, ӛзін есірік санайды. Әу баста осынша қауіп-
қатердің барын кӛрмеген-білмеген желбуаздығына ӛлердей ызаланады. Тек
осы жолы ісі оңға басып, ойлағанындай болып шықса, ендігәрі мұндай істің
маңынан жүрмеуге іштей ант-су ішеді.
Еңсеп те ӛзі қайлалап тескен тас құрсаудың ортасына түскен сайын
иманын үйіріп түсіп, жарық дүниеге әр шыққан сайын тәуба айтып шығатын-
ды. Бірақ құдықты қазып бітіргенде ӛн-бойындағы күш-қуаты түгел
сарқылғандай боп, жер астына енді беттеместей тауы шағылып шықса да,
арада бес-алты ай ӛтер-ӛтпесте тағы да құрым күрке тігіп, тағы да жер шұқып
жатады. Күні кеше жігерін құм қылған қараңғы шұңқырға қайтадан жетелеп
алып келген әзәзәл күштің аты не екенін ол кезде Еңсептің ӛзі де білмейтін.
Келе-келе түсінді. Бірін-бірі жақсы мен жаманға бӛліп, жағаластырып қойған
мына дүниеде бӛтеннің аузынан шыққан жылы сӛз, қошамет-қолпаш әлі
арыны қайта қоймаған арғымақ атқа қатты тебінген үзеңгімен бірдей екен.
Ал ол кезде адам пақырды тауға ұрып, тасқа соқтыратын аяр алданыштың әлі
арыны мұқалмаған арғымақ кезі еді. Қошамет-қолпаш атты аяр Еңсепті қара
жердің астына талай рет тірілей түсірді. Ол әуелі құдық қазылып біткенде
естіген ел-жұрт түгел қуанады екен деп ойлайтын-ды. Бірте-бірте ол ойының
қате екеніне кӛзі жетті. Әр шынырау біткен сайын алдына мал түссе, артына
сӛз еретінді шығарды.
Құдық біткен күні жанына кеп:
Sauap.org
23
- Апырай, мына байда иман жоқ екен, жетпіс құлаш шыңырауға бар
болғаны жетпіс тоқты айдатыпты-ау, -деп сыбырлап қалатындар араға айлар
салып ӛзі келеді.
- Еңсепжан, біз анау пәленше бай емеспіз. Ақыңды жемейміз. Ернектің
үстінен шыңырау қазып берсең, жүз тоқтыны алдыңа саламыз, - деп
қолқалайды.
Еңсеп енді кез келген қолқашыға қолқ ете қалуды қойды. Алдына келген
кісінің шапанына, ер-тұрманына, дәулетіне қарайтынды шығарды. Кӛп
ұзамай Дәржан ағасы: «Шақырлаған ақ тауды тесіп су шығара беруге тайыз
ойдағы елге барам», - деп үстіртті тастап кӛшіп кетті. Сол жақта бес жылдай
ауыз суға құдық қазып жүрді де, ақырында бір құмның етегінде құдық қазып
жатқанда, жұмсақ топырақ үстіне жапырылып құлап дүние салды. Еңсеп
шың үстінде шыңырау қазып қала берді. Әр құдық біткен сайын құдық ақы
малдың саны ӛсе түсті. Бірақ оның есесіне қолқашының саны біртіндеп
азайып барады. Дәулеті асқандар ғана атын шығару үшін Еңсепке ат
шаптырады. Үйінің іргесі саябыр тартты. Бір ӛкпелеп аттанғандар енді
кӛрместей боп түңіліп кетті. Барып басқа құдықшы іздеді. Дәл сол шамада
Хорезмнен Қалпақ деген біреу кӛшіп келді. Әуелі Қалпақ ер шабады, жона
тігеді деуші еді. Енді құдық қазады деген атағы шықты. Еңсепке қолқасы
жүрмегендер соған үймеледі. Кейбіреулері қыр кӛрсет-кендей, тұп-тура
бұның аулының кӛк желкесіне жете беріп, бір сәскелік бүру отыратын
Қалпақтың аулына қарай тізгін түзейді. Бастапқы кезде Еңсеп ондай-ондай
қоқан-лоқыға миығынан күлді. Біраздан соң аулының үстінен аттап ӛткендер
шамына тие бастады. Түрулі іргеден Қалпақ-тың аулына қанша атты ӛткенін
санап, олардың қай-қай ауылдың адамдары екендерін аңдитынды шығарды.
Аталы-аталы үлкен ауылдардан әзір олай қарай ат ізі түсе қойған жоқ.
Еңсепке келген қолқашылар да әңгіме арасында әдейі Қалпақтың атын
қыстырып қалатын болды. Ол ондай-ондайға мән бермеген қалып байқатты.
Кейінірек: «Хорезм жақтың жері біздей ақар-шақар шың кӛк ала тас емес,
саздауыт келеді. Саз ойып қалған адам таяз, таңқы құдықтар болмаса, тас
қашап, шыңырау қазуға кӛндіге алар дейсің бе?» - деп апшымаған нығыз рай
танытты.
Сӛйтіп жүргенде, Еңсептің алдынан сағы сынып қайтқан Сағынай бай
Қалпаққа Үстірттің үстіне кӛш шығаратын ақ жолдың тап ұшар басынан
құдық қаздырды. Ел ішінде Сағынай үйіне қонақ барғанда, қазанға ас
саларда, сыртта ойнап жүрген немерелерінің біреуін шақырып алып:
- Әй, құлыным-ай, күні бойы тыным кӛрмей шапқылайсың да жүресің.
Мына қарашы, сүйек-сүйегіңнің бәрі ырсиып кетіпті. Қабырғаңды қолмен
санағандай. Кәні, кәні... біреу, екеу, үшеу, тӛртеу, бесеу... Түу, түу...
Омыртқаң одан да жаман. Біреу, екеу, үшеу... Сидиған қарыңа қарап, жұрт
Sauap.org
24
сені шыр жұқпаған үйдің баласы екен дейді ғой. Тұра түр! Ойбай-ау,
жауырыныңа шодырайып шығып келе жатқан мынау не жара! - десе, кемпірі
қазанға жауырын, қары жілік, бес тал қабырға, үш тал омыртқа салады екен
дейтін әңгіме бар-ды.
Сол сақалын қазанға малып, асты ӛзі санап салатын Сағынай сараң
Еңсепке тісін қатты басса керек. Жұрт ол Қалпаққа ернектегі шыңырауды
қазған ақысына түйеге бастатып жүз елу тұяқ атапты деп соғады. Бір күні:
«Ойбай, ӛлгі Қалпақ қазып жатқан шыңырау Үстірттің үстіндегі ең терең
шыңырау болатын түрі бар. Қазірдің ӛзінде жүз қадамнан асыпты» деген
хабар дүңк ете қалды. Содан былай ауыл-ауылдың арасына қатысқан бірен-
саран адамның хабары сол Қалпақ қазып жатқан құдықтың тӛңірегінен шыр
айналып шықпай қойды. Күн ӛткен сайын дабырық ұлғая түсті. Бүгін: «Жүз
жиырма қадам болыпты» десе, ертеңіне: «Жүз отыз қадамға жетіпті» деп
шығады.
Қойшы-қолаңның
әңгімесін
былай
қойғанда
инабатты
ақсақалдардың ӛзі Қалпақ қазып жатқан шыңыраудың жайын айтып, қызыл
кеңірдек бола бастады. Біреулер: «Қалпақтың бабасы әулие кісі болған екен.
Содан киелі темір қазық қалыпты. Сол қазықпен жер барласа, су шығатын
жерге келгенде алақаны тартып белгі береді екен. Қалпақ судың кӛзін солай
табады екен», - деп дақпыртты. Гу-гу әңгіме ӛрши берді. Бір-екі кісі: «Ӛз
кӛзімізбен барып кӛрдік, шыңырау жүз қырық құлаштан асыпты», -деп келді.
Енді жұрт жан-жақтан Қалпақ қазып жатқан құдықты іздеп барып кӛре
бастады. Тіпті Еңсептің қоңсылары да ерінбей-жалықпай ат сабылтып барып
қайтты.
Әзірге қылп етпеген жаңғыз Еңсеп. Бұрын Қалпақтың жайын айтуға
жұрт бұдан қысылатын болса, енді жұрттан бұл қысылатын болды. Үй-үйдің
кӛлеңке бетінде Қалпақтың құдығын айтып гуілдескен жұрт, Еңсеп қайтер
екен деп әдейі айтып отырғандай боп кӛрініп те кетеді. Сыртынан сынап
отыратын мінші кӛздерден Еңсеп қатты қаймықты. Бір күні не де болса,
барып ӛз кӛзімен кӛріп қайтуға бекініп атына мінді. Қалпақ орақ мұрын,
шегір кӛз сары кісі екен. Жасы жер ортасына таяған адам болса да, Еңсепті
кӛргенде қалбалақтап қалды. Жалма-жан таңдайының астындағы насыбайын
тілінің ұшымен жерге бір-ақ ытқытып, сиректеу жидіп біткен жирен мұртын
жеңімен сүртіп, ауыл-аймақтың амандығын сұрай бастады. Иегінде тұқыл
жоқ, кӛк жарғақ кӛсе. Маңдайы мен желкесінің арасы қарысқа жетпейтін
қалақ басын әуелде не қара, не кӛк болғаны белгісіз күлгін орамалмен
таңыпты да, бір ұшын құлағын бастыра салбыратып қойыпты. Әншейінде
кӛзі кісінің жүзіне кӛп тоқтамайтын Еңсеп Қалпақтың тұла бойынан түк
қалдырмай түгел тінтіп шықты. Қалпақ әйкелге түсірген тығырық тастың
үстінде отыр. Құдықтың ішінен жаңа шықса керек. Тізесінен асыра қайырып
қойған балағы су-су. Қара ала шекпенді жалаңаш иініне жамылыпты. Не
тоңып отырғаны, не күліп отырғаны белгісіз, - сирек сарғыш шоқша тістері
ақсиып тұр.
Sauap.org
25
Қалпақтың сауалдарына сыпайы жауап қайтарған Еңсеп енді ӛзі жай
сұрай бастады. Мал-жанның амандығына Қалпақтай қадала тоқталмай,
шыңыраудың жай-жапсарына кӛбірек шұқшиды. Құбыла беттегі ақсиып
жатқан шығыр тартқан түйенің жалғыз аяқ соқпағына қарап, кӛзімен
мӛлшерлеп, үнсіз тұрып қалды. Жұрттың айтып жүргені рас екен. Жүз елу
қадамға жетіп қалған түрі бар. Манадан бергі сыпайы ӛңі күрт түтігіп кетті.
Ӛзі-ӛзінен жиырыла қалған маңдайын күшпен жазып, ерні әзер қиысып:
- Оң болсын, - деді.
- Айтқаның келсін, - деді Қалпақ.
Еңсептің құлағына оның даусы оқыс саңқ ете қалғандай ерсі естілді.
Жалт қарады да, қатулы жүзін жадыратқысы кеп, езуін жиырып:
- Судың қашан шығатын сыңайы бар? - деп сұрады.
- Ертеңдері шығып қалар.
Еңсеп атына беттеді. Қалпақ дәмге шақырып еді, аузына алдымен
оралған бір сылтауды айтып, аяғын үзеңгіге салды. Қалпақ қолтығынан
демеді. Ол атына мініп, Қалпақтың жүзіне бір бұрылып қарап, қоштасты да
жүріп кетті. Оған Қалпақ соңынан мүсіркей қарап тұрғандай боп кӛрінді.
Әлгі бір қолтығынан демегені де аяушылық жасағаны сияқты. Соны
ойлағанда, біреу қолтығының астынан шымшып алғандай тұла бойы түршігіп
сала берді. Атының сауырына қамшысының қалай барып қалғанын да
байқаған жоқ, шоқыта жӛнелді. Бұл шыңырау, шынында да, Үстірттің
үстіндегі ең терең құдық болғалы тұр екен. Оны жұрт қазірдің ӛзінде
«Қалпақ қазған» атап кетті. Еңсеп «Қалпақ қазғаннан» еңсесі түсіп қайтты.
Айна таз ала қырдан талай су шығарған Дәржан ағасы «пәленше қаздырған»,
«түгенше қаздырған» деп талай байдың атын шығарды да, ӛзі ақыры апанның
астында қалып ӛлді. Атан түйені алып ұрардай қайратынан ат жалынан
тартып мінгелі ӛле-ӛлгенше тырбынып ӛткен еңбегінен, кенезесі кепкен
талайды суға қандырып алған алғысынан не кӛрді? Қара дӛңнің басындағы
қалың қауымның шет жағасындағы қызыл тӛмпек кӛнереді, қасына басқа
тӛмпектер қосылады. Сосын жел типылдап, қазып тастаған кӛне шұңқырдың
астында кім жатқанын кім біледі? Сонда Дәржан ӛмір бақи қара жерді үңгіп
ӛткенде не кӛрді? Иттің итақайы ішіп-киіп жатқан аз күндік азық пен үстегі
лыпа ма?
Ӛзгенің табан астында тасы ӛрге домалаған тосын бағы Еңсепке ӛткінші
ӛмірдің ұйытқыма опасыздығын ұқтырды.
Sauap.org
26
Енді іргесі тіпті босап қалды. Бұрынғы күдер үздіріп барып бір соғатын
сирек қолқашы там-тұмдап біржола құрыды. Алыста атты біреу қарауытса,
ӛзіне келе жатыр деп ойлап қалған Еңсеп әлі де кӛкжиектен қарайған кӛрінсе,
қашан ауылға жеткенше қырық тыпыршып тағаты таусылады. Бірақ біраздан
бері бұл ауылға соғатын азын-аулақ қара-құраң ӛңшең бір мал жоғалтып
жүргендер боп шығады. Еңсептің құдық қазып жиып алған азғантай
дәулетінің жыл ӛткен сайын етек-жеңі дӛңгеленіп барады. Ол енді әлденесі
ұмыт қалғандай қараптан-қарап отырып кӛңілі құлазып, бойы сергімей-ақ
қойды. Үйреншікті әдетімен сары ала таңнан тұрады, әйелін асықтырып, шай
қайнаттырады. Оны апыл-құпыл ішеді. Сосын бір кіріп, бір шығып
күйбеңдеп жүреді-жүреді де, тӛр алдына сылқ шӛгіп тоқырап отырып
қалады. Бұрын сыз құдықтың ішінде жер шұқып отырғанда күнді ұзақ
кӛруші еді, енді жердің бетінде, жарық дүниеде, салқын ірге, салулы тӛсекте
ұзақ күнді кеш қыла алмай, тағаты таусылады. Ақыры сабыры сарқылды.
Атына мінді. Қырдың үстінде қара құйрық, киік жайлайтын кӛлдеу ойларға,
олардың суатқа баратын жымдарына, арқары бар сай-салаға қақпан құрып,
аңшылықты ермек етіп кӛріп еді, одан да пәтуа табылмады. Айдалада келе
жатып аң барлаудың орнына жер барлайды. Қырқа-қырқаның, жүлге-
жүлгенің қалай тоғысқанын қадағалайды. Шӛптің бітісіне зер салады. Алымы
жоқ, берімі жоқ атынан түсе қалып, қамшысының сабымен топырақ қазып,
алақанына жазып кӛреді.
Арқар қарап, қия-қия шатқалдарға тап болса, ара салуға, тасымалға
оңтайлы тасы бар жер шолады.
Аң ұстап қарық қылып жатқаны шамалы. Әйтеуір, қатын-баланың
кірген-шыққанын аңдып жатқаннан жақсы ғой деп лағып-лағып қайтады.
Жапан түзде ӛзі құсап аң қуалағандар ұшырасса, тӛңіректің хабар-ошарын
сұрайды. Сағынай рулы елі боп, Қалпақты қолдарынан шығармауға бекініпті.
Ол «Қалпақ қазғанның» тұсынан ешкімді ӛткізбеймін, суатымды сарқып,
ӛрісімді тоздырасың деп кӛшке ұрынатынды шығарыпты. Байсал байдың екі
қойшысын құдығымнан неге мал суарасың деп астауға таңып қойып сабапты.
Содан бері екі бай ит пен мысықтай кӛрінеді. Бір күні Еңееп қақпан қарап
қайтып келе жатып, іргесінде байлаулы тұрған бӛтен атты кӛрді. Қапелімде
ӛз кӛзіне ӛзі сенбеді. «Бұл кім болды екен?» деп ентелей басты. Ауылға
жақындаған сайын жүрегі ойнақшып, ӛне бойын әлсіздік меңдеп барады.
Бӛтен аттың ер-тұрманына қарағанда үйіне бір күйлі адам келіп түскен
сыңайы бар. Атын тұсап жатып, түрулі іргеден Байсал байдың майлы
желкесін кӛрді. Ай қасқа маңдай, шоқша сақал Байсал есіктен кірген Еңсепке
жадырай амандасты. Келген шаруасына бірден кіріспей, ауыл-аймақтың
хабарын айтып, әңгімемен отырды. Кӛптен қонақ кӛрмей құр болып қалған
Еңсеп тоқты сойғызып, құрақ ұшып жүр. Аттанарында Байсал:
- Еңсеп, мені әне бір қырға дейін шығарып салмайсың ба? - деді.
Sauap.org
27
- Болсын.
Ауылдан былайырақ ұзай бере бай сӛз бастады.
- Еңсеп, естіп жатқан шығарсың. Анау Сағынай ата-бабамыз ежелден
ұрыспай-қағыспай жылма-жыл шығып-түсіп жүрген ақ жолды бір ӛзі
иемденіп, ӛткен-кеткенмен ырылдасып қырып барады. Сонымен басқалар-ақ
шайнассын. Сасық күзендей шақылдаған немемен байланыса беріп, не пәтуа
табамын? Осы ӛкпе тұстағы жалғыз аяқ ат жолдан кӛш шығарып, кӛш
құлатпақпын. Бүгін содан шығып едім, жолының шаппа ӛрлігі болмаса,
тап онша шаңырақ қағатындай тар емес сияқты. Үсті тұяқкешті емес, оты да
бар. Тек бір кемісі - ернек асқасын екі түнемелікте ғана су бар да, одан кейін
шӛл екен. Мен тағы да күн аралатып суаратындай жерден құдық қаздырам ба
деп едім. Байсал әңгімесін кенет тыйып, Еңсептің бет-жүзіне барлай қарады
да, біраздан соң қайта жалғастырды.
- Келер жылғы күземді сол құдықтың қасында қырықсам ба деп едім...
Пәтуа байласылды. Байсал бай қоштасып жүріп кетті. Кӛшелі сары ат
күзгі сар барқын даладан еміс-еміс қылағытып, тайпалта жорғалап барады.
Еңсеп жаңа ғана ӛзімен қоштасып, кӛзді ашып-жұмғанша анадай жерге ұзап
кеткен Байсалдың соңынан қызыр кӛргендей қарап қалыпты. Бір уақытта есін
жиып, атының басын аулына қарай бұрды. Сол-ақ екен, алыстан біреу бұның
атын атап, айқайлағандай болды. Кӛк желкесі мұздап қоя берді. Байсал жол-
жӛнекей жаңағы уәдесінен айнып, қайтып келе жатқан жоқ па екен деп,
артына бұрылып еді, бай кӛкжиектегі қара дӛңнің үстіне кӛтеріліпті. Біраздан
соң тағы да бұрылып қарады. Байсал бұл жолы кӛкжиектен әрі асып тасаға
түсіп кеткен екен.
V
Байсалды шығарып салған соң Еңсеп қатты толқыды. Қолқашылардың
осы келмей кеткені кеткен шығар деп торығып қалған жүрегін енді кӛптен
бері: «Әй, қайтадан құдық қазар болсам, бүйтер едім» деп жан баласына
тісінен шығырмай кӛмейіне бұқтырып келген бір арманына жете алам ба,
жоқ па деген тымырсық күдік тызылдата бастады. Пәлен күн бойы атынан
түспеді. Байсал бай меңзеген жонды бұта қалдырмай түгел шарлады. Ол
деңгейдегі жыра-жүлге, қырқа-қыраң суат атаулыны тегіс сүзіп шықты.
Үйінде де ешкімге жақ ашпайды, ӛзімен-ӛзі. Кейде дастарқан басында
қолындағы шыны аяғын жерге қоя салып, оң тізесін таянып, сұлқ отырып
қалады да, біраздан соң ұйқысынан оянғандай суып қалған шайына қайтадан
қол созады. Ұзақ толғанып жүріп ақыры осы араға тоқтады. Кеңескен рет
Sauap.org
28
жасап аталас бір-екі ақсақалдың алдынан ӛтті, бірақ ақылдасты деген атағы
болмаса олардың еш сӛзіне мән берген жоқ.
Байсал Еңсеп қазық қаққан жерге үй тіктірді. Қолқабысқа тӛрт жігіт
қосты. Еңсептің құдық қазуға кірісетін күні түні бойы кірпігі ілінбеді.
Біраздан бері қолына күрек ұстамағандықтан ба, жүрегі қайтып қалыпты.
Темір қазыққа телміріп ұзақ тұрды. Қанша қажыса да құдық басына қайтадан
жетелеп алып келетін баяғы ду-ду қошамет-қолпаштың үні ӛшкелі кӛп
болды. Ол кездегі «не болса да кӛріп алдым» - деп қойып кететін тәуекелдің
арғымағы бүгінде арыны қайтып, қанша қамшыласаң да басын кекшитіп,
баспай тұрып алатын жауыр тұғырға айналыпты.
Бірақ бұл жолы оны ӛзге күш жер астына желкелеп түсірмек... «Қалпақ
қазғанды» барып кӛргелі бір бүйіріне шаншу боп қадалған, кейбір ұйқысыз
түндерде ӛкпесін сығып, ара-тұра ақылынан тандырып кете жаздап, талма
аурудай жабысып алған сол бір беймәлім дерттің атын атауға әлі күнге аузы
бармайды. Күніне әлденеше рет тіршіліктің талай-талай жым-жымын шарлап
қайтатын қаңғыма ойы сол жанын жегі құрттай жеп жатқан дерттің түрін
түстеп, атын атауға келгенде тайқып шыға келеді. Не де болса сол жегі
мұның жігері тұралап қалған тұғыр болмақ түгілі орға құлап, мертіккен асқақ
есек болса да, сауырына темірдей қадалып, шаптырмай қояр түрі жоқ. Міне,
одан бері де бір жылдың жүзі ауыпты. Мелшиген меңіреу жерді тыным
таппай үңгіп келеді. Екі-ақ рет жұмысы тоқтады. Екеуінде де атына мініп,
тастақ жыраның құлау құйрығын бетке алып, қыр асып кетіп қалды да, бес-
алты күннен соң қайтып оралды. Соңғы рет осыдан екі күн бұрын барып
қайтты. Қайда барды, неге барды? Ешкімге айтқан емес, Шыңырау
ойындағыдай боп шықса, той үстінде Байсал байдың ӛзіне айтпақ. Онда
Еңсептің еңсесін ешкім түсіре алмайды. Содан кейін құдық қазбақ түгілі
маңынан жүрмейді. Аз ғана дәулетін кіш-кіштеп шаруа күйттеп ӛмір сүреді.
Ал енді ол ойлағанындай болмаған күннің ӛзінде бұл осы ала қырдын
үстіндегі ең терең шыңырау атанады. Ақ шың ернектен ұзаған сайын
жылмиған үстірт аласарып, ойпаң тартпайды, қайта анда-санда бір соғып
отыратын бүкір жал, кӛлденең қыраңдардан асқан сайын, сонау ұлы құмдарға
ұласқанша саты-сатылап биіктей түседі. Бұл білетін терең құдықтардың бәрі
бұл деңгейден тӛменде, ернек жақта; ол араның суы бұдан әлдеқайда таяздан
шығады. Ендеше, бұл шыңыраудың суы кемі екі жүз қадамнан бері белгі бере
қоймас.
Еңсеп бұл араға ӛткен жолы осындай іш есеппен қазық шанышқан-ды.
Анда шығыр тартып жүрген қара атан екі жүз қадамнан қайтқанда қатты
қуанған-ды. Содан бері кӛңілі орнықты жүр еді, кешелі бері су қиыршық
кӛбейіп қайтадан қабағы түсіп кетті. Су қиыршықтың мұнша кӛбейіп кетуі,
Sauap.org
29
әрине, тегіннен-тегін емес. Егер су бұл нысаналаған жерге жетпей, беріден
шықса, онда ол атын екі рет босқа сабылтқан болды.
Еңсеп ауық-ауық тӛңірегіне құлақ тігіп, тың тыңдайды. Қолындағы
сүйменнің сыз қабырғаға тиген сырп-сырп дыбысынан басқа дыбыс
естілмейді. Дымқыл қиыршық кӛп күш салмай-ақ ӛзінен-ӛзі үгітіліп құлап
жатыр. Емен күбі теп-тез толып қалады. Соған қарағанда судың кӛзі жақын
тәрізді. Тіпті осы маңайдан тесіп шығуы да мүмкін. Қай жақ қабырға әлі
қатты екен деп сипалап кӛріп еді, кӛк тас кезікпеді. Егер мұның ойлап
жүргеніндей болғанда, ендігі шақылдаған кӛк тас ұшырасса керек еді.
Айналасының оп-оңай ылжырап кеткеніне түсінбей отыр. Еңсеп сүйменді
сыз қабырғаға сүйеп қойды да, ойланып қалды. Екі шықшыты дуылдап
қышып қоя берді. Саз балшық қолымен қашыр-қашыр қасыды. Миына біреу
құм құйып қойғандай басы зіп-зілдей, ойына ештеңе түспеді. Сүйменді қайта
ұстады. Сыз қабырғаны дүк-дүк ұра бастады. Кенет тасқа тиіп, шық ете түсті.
Еңсеп ӛтірік пе, шын ба дегендей, антарылып тұрып қалды. Сосын жаңағы
сүйменіне қатты тиген жерді бойлап қаза түсті. Әлгі күрт-күрт дыбыс
жоғалды. Сүйменнің тиген жері шақ-шұқ тас. Сыз қабыршақ таусылыпты.
Аяғының асты су жиылып, шылпылдап қалыпты. Таң атқалы қазғаны үлкен
кӛз емес екен; үлкен кӛз болғанда ендігі су атып кететін мезгіл болып еді. Ол
үлкен арнадан қашып шыққан ұры ағындар босатып тастаған қайыр қабат
сияқты. Нағыз арна алда болса керек. Ол мынау тақ-тұқ жаңғырып жатқан
тас қабаттың астында. Соны ойса, ар жағысу...
Анада алғашқы кетіп қалғанында інісі Теңселдің үйін шеген тас кессін
деп, қиялама ақ шың ернекке апарып қондырып қайтқан-ды. Күні бойы
кӛшіп-қондымен жүріп, үй тіккен бойда талықсып ұйықтап кетіп еді. Түн
ортасы ауа кӛзін ашса, құлағына бір суыл келгендей болды. Әрі-бері тыңдап
жатты-жатты да, сыртқа шықты. Шілдедегі иін тірескен кӛп жұлдыз жымың-
жымың етеді. Қараңғы түнде пышақтың жүзіндей боп табаныңның астына
кеп тіреліп жататын қап-қара кӛкжиек - шың ернек. Оның астында - теңіз.
Жым-жырт түнде о да дыбыссыз. Тек сәлден кейін қармай алып, бойын
шіміріктіре бастаған дымқыл ауа ғана жақын маңайда ұлан-асыр кӛп су
жатқанын сездіргендей. Еңсеп салқын самалдан омырауын кӛлегейлеп,
иығындағы шекпенін айқара қымтап, үйге қайта кірді. Жастығына басы
тиісімен манағы суыл құлағына тағы да оралады. Еңсеп енді ұйықтай
алмады. Бір ауық құзшыңдарда болатын үлкен-үлкен үңгірлерден күңірене
шығатын желдің ызыңы дейін десе, күн тымық. Қиялы қырық саққа жүгіріп
басы қатты, бірақ ұйқысы шайдай ашылып, кірпігі ілінбей-ақ қойды. Тезірек
таң атқанын асыға күтті. Таңертеңгі шайын іше сала, ернекті бойлап
қыдырып кетті. Сеңгір-сеңгір ақ құздар кӛк теңізден біресе шалқая қашып,
біресе сұғына тӛнеді. Кей тұста аппақ бір шыңдар ақ айран дарияның
ортасына белуардан еніп кеткен. Сондай бір ақ тұмсықтың үстіне шыға беріп
еді, құлағы тағы да елең ете қалды. Түні бойы ұйқысын қашырған суыл сол
Sauap.org
30
тӛңіректің бір жерінен шығып жатқандай. Құздың ернегінен үңіле қарады.
Теңіз бүгін де тыныш. Кӛк атлас кӛйлектің қатарма етегіндей біріне-бірі
ілескен қабат-қабат бұйра толқындар ақ шыңның аяғына жығылғанда, ауық-
ауық шылп-шылп сүйіп қояды. Қарын жарып жатқан ақ түтек айдын емес.
Ендеше мынау ненің суылы. Желді күнгі теңіздің айбарлы ӛксігіне де
ұқсаңқырамайды. Құлағын тоса түсті. Сарқыраған ағын судың дыбысы
сияқты. Бірақ мынау ақ тағанақ ала қырда теңізге құятындай ӛзен атымен
жоқ. Бір-екі жердегі сордан бас алып сорға құятын ащы ағар жүлгелер
теңізден алты кӛш алыста құрып бітеді.
Еңсеп ӛз құлағына ӛзі сенбей аң-таң. Теңізге ӛңмендей тӛнген ақ
тұмсықтың қайтадан айдынды орағытып, кейін шегінетін ернегін бойлап
жүріп кетті. Азу-азу ақ шыңдардың арасына кіріп кеткен үшкіл шағын
шығанақты айнала бергенде қарсы беттегі құздың табанында қарауытып
жатқан үңгірді кӛзі шалды. Кӛк теңіздің шылп-шылп толқыны қара үңгірдің
ішіне кіріп-шығып жүр. Әлгі сарыл сол үңгірден шығып жатқан тӛрізді. Сол
маңайдағы ақ шың ортан беліне дейін сарғыш тартыпты. Еңсеп солай қарай
асыға аяңдайды. Үңгірдің ӛкпе тұсына жеткенде әлгі сарыл күшейе түсті.
Ыңырана соғатын теңіз толқынының шылпылы емес, суыт ағынның сарылы.
Қара үңгірден кӛк теңізге жер астынан ағын құяды екен. Кенет кӛңіліне
осындай ой қашты. Еңсеп қара үңгірдің кӛк желкесінен оба үйді де, соны
нысана қылып жолға шықты. Сӛйтсе, сол ақ тұмсықтан осы ӛзі құдық қазып
жатқан тастақ жыраға дейінгі екі орта оқтын-оқтын тілім-тілім тастақ
ұшырасып отыратын ойпаң жүлге екен. Қырдың үстіндегі шыңыраудың кӛбі
сол деңгейді бойлап қазылыпты. Еш жерден тӛбешік не қыраң соқпайды.
Еңсеп сонда құдықтардың бәрі сонау тұңғиық тереңде теңізге құлап жатқан
үлкен арнаға су құятын бергі - жер бетіне жақындау майда тарамдардың
кіндігінен шыққан сулар деп болжаған-ды. Сонау ащы теңізге су құятын
сарқырама арнаға жеткен ешқайсысы жоқ.
Сол ойы есіне қайта оралған Еңсеп табанының астынан шыққан тақтай
тасты тӛкпектете ұрғыштады. Екі құлағы шыңылдап кетті. Құлақтағы шуыл,
сүйменнің дүсірі таң атқалы жым-жырт қара үңгірдің ішін үнге толтырып
жібергендей.
Бір уақыт манадан бері сыз жерде тұрған темір сүймен алақанын
қарыған соң, қолғабын киейін деп кідіріп еді, бір суыл шыққандай болды. Ол
құлағын тігіп тұрып қалды. Шӛл далада, қапелімде сай-салада ұшырасып
қалатын азын-аулақ жиде ағаштың түбінде жатсаң тап осындай суыл
еститінсің. Бұл не суыл? Әлде осы арада жер үстіндегі кеуектермен
жалғасатын жарық бар ма екен? Қабырғаларды шырқ айналдыра сипап кӛріп
еді, еш жерден қолы сүрінбеді. Қайта тыңдады. Суылдың ар жағында бірдеңе
сылдырайтын сияқты. Тағы қазды. Тағы тоқтады. Тағы тыңдап кӛрді. Сол
Sauap.org
31
баяғы түсініксіз суыл. Еңсеп тақтай тасты ұрғылап жатып, ауық-ауық тоқтай
қалып әлгі суылға құлағын тосады. Сылдыраған дыбыс күшейе түскендей.
Кенет қуанып кетті. Мынау судың сылдыры. Еңсеп құлағын тосқан
сайын күшейіп барады. Мынау кәдімгі күркіреп ағып жатқан сарқырама ағын
ғой. Мелшиген сыз қабырғалар да жер астынан шыққан беймәлім дыбысқа
құлақ түргендей телміріп түр. Зымыран қара үңгірдің іші сол бір сарқыраған
дыбысқа тегіс жаңғырыққандай.
Еңсеп тақтай тасты дүрс-дүрс түйгіштей жӛнелді. Енді әлгі жер
астындағы сарынды сүйменнің дүңк-дүңк дүсірі де жеңе алмады. Еңсеп
ештеңеге алаңдамады. Тақтай тасты тӛкпектете соққылады. Үскірік жер
астында тұрғанына қарамастан, әуелі маңдайына, сосын омырауына шып-
шып тер шықты. Тақтай тас сарт-сүрт сынып жатыр. Осылай қазыңқырай
түссе, ұлы арнаға да жетеді. Жүрегін қуаныш кернеп, ӛне бойынан әл кетіп
бара жатқандай. Темір сүймен қолынан шығып кетпей шаққа түр. Шеңгелін
сыға түсті. Кенет дәл қасынан дүрс-дүрс дыбыс естілді. Қараңғы үңгірдің
ішінде бұдан басқа тағы біреу тақтай тасты тарс-тарс тӛмпештеп жатқандай.
Бұл ауық-ауық тоқтап, тың тыңдайды. Бұл тоқтағанмен әлгі дүрсіл
тоқтамайды. Әлдекім мынау тақтай тасты бұдан бұрын оям, ұлы арнаға
бұрын жетем деп жаныға қимылдағандай. Еңсеп сүйменіне қайта жабысты.
Біраз шапқан соң тағы кідірді. Әлгі бір жұмбақ дүрсіл құлағын жарып
барады. Тағы да бұл тоқтағанмен, ол тоқтаған жоқ. Еңсеп қайтадан екілене
ұрғылады. Әбден ӛкпесі алқынып, жүрегі қысылғандай болған соң, бірауық
дем алайын деп еді, бұның кӛзіне кӛрінбей дәл қасында кӛк тасты дүңк-дүңк
тоқпақтап жатқан ӛзге дүрсіл бұрынғыдан да күшейте түсті.
Ол орнынан тағы тұрды. Темір сүймен тақтай тасты тағы да тӛбелей
жӛнелді. Еңсептің ӛне бойын қара тер жуды. Кӛзіне құйылған ащы терді
білегімен жасқауға да мұршасы болмай, үсті-үстіне ұра берді... Кенет
сүйменнен әлдекім шап беріп ұстай алды да, жібермей қалды. Еңсеп кӛзі
қарауытып отыра кетті. Қара үңгірдің іші су қараңғы тас түнекке айналды.
Оның кӛз алдынан Қалпақтың кӛк орамалы желпіп ӛткен сияқты болды.
Қалпақ мошқап күліп тұрғаны, я аяп тұрғаны белгісіз, бұның қарсы алдында
тісі ақсиып, талтайып тұрып алды. Кенет бұған қарай қолын созды да,
сүйменіне жабысты. Еңсеп қолындағы сүйменін алып кетеді екен деп,
жандәрмен шірене тартып еді, тастың жігіне түсіп, тесік ұстап қалған сүймен
жылмаң етіп суырылып шыға келді. Еңсеп есін енді жинады. Табанының
астынан ӛкпек жел ескендей болды. Сарқыраған судың шуылы анық естілді.
Еңсеп шуылға құлағын тосып біраз отырды. Оның құлағы судың
сылдырынан бӛгде бір дыбысты байқады. Таң атқалы бұның құлағынан
кетпей қойған алқына соққан ӛз жүрегінің дүрсілі екен. Езуіне күлкі жүгірді.
Енді ішіне жарты астау су сиятын тай терісінен жасалған үлкен қауға
қиналмай сиятындай қып, мынау тақтай тасты оюы керек. Талтайып тұрып
Sauap.org
32
тақтай тасты тағы ұрғылады. Біраз шапты. Тесіктің кӛлемін білгісі кеп,
қолындағы сүйменімен барлап кӛріп еді, әлі шағындау тәрізді. Қайтадан
тӛмпештей жӛнелді. Сүймені әр тиген сайын тақтай тас күрт-күрт
омырылады. Біраздан бері жұртқа есесі кетіп, кӛңілін ыза жайлаған Еңсеп
дегеніме жеттім бе дегендей екілене ұрғылайды. Тұңғиыққа тасыр-тұсыр
домалап, біраздан соң барып шылп-шылп құлайтын тас дүсіріне құлағы
әбден үйреніп алған. Ештеңеден еті шімірікпейді. Жаңа ғана жан-жағынан
сығып тұрған тас құрсауға да, қалтарыс-қалтарыстан қарақшыдай аңдып
тұрған кӛлеңкеге де, құдықтың аузындағы саңылау жарықтың бірте-бірте
ӛлеусіреп бара жатқанына да, сыртта топырақ шығарып тұрған жігіттердің
үсті-үстіне арқанды жұлқылағандарына да - ештеңеге де елең еткен жоқ.
Қайқайып тұрып тақтай тасты сарт-сарт сабалайды. Кенет сүймені тасқа
тимей, тесіктің ӛзіне түсіп, екпетінен құлап түсті. Маңдайы тасқа соғылып,
басы зеңіп кетті. Біреудің аялы қолдары қос алақанын жайып, қағып
алғандай. Басқа жеріне зақым тимеді. Қақа маңдайынан бастап жып-жылы
жұмсақ алақан сипап ӛтіп еді, кӛмейіне қоймалжың бірдеңе құйылғандай
болды. Мұны қағып алған бейтаныс адамның да омырауы терге малшынып
қалыпты, жамбас тұсы, жауырыны мұздап қоя берді. Біреу жүзіне телміре
тӛнгендей. Қарауытып кеткен жанары бұның бетіне мүсіркей үңіліп тұрған
Қалпақтың кӛк сұр жарғақ жүзін шолып қалғандай.
Еңсеп зіп-зілдей кірпіктерін әзер кӛтеріп, кӛзін ашып алып еді, жан-
жағынан ақ түтек боп сарқырап жатқан ағын су әлдеқайда алды да қайқайды.
Жан-дәрмен бір бақыруға ғана мұршасы келді. Бірақ оны ӛзінен басқа ешкім
естіген жоқ. Топырақ шығарып тұрған тӛрт жігіт қыл арқанды әрі жұлқыды,
бері жұлқыды. Күн екіндіге таянғанда қайта тартып еді, ішінде ештеңе жоқ,
бос күбі шелектің ӛзі шықты. Тӛрт жігіт енді қара атанды шығырға жегіп,
қыл арқанның ұшын тұзақтап шыңырауға салды. Шығыр арқан да бос
қайтты. Есі шыққан жігіттер тӛртеуі тӛрт жақтан құдықтың аузына жата
қалып:
- Еңсеп! Еңсеп! - деп айқайлайды.
Тӛменнен ләм-мим дыбыс жоқ. Жігіттердің құлағына сонау жер түбінен
еміс-еміс суыл естілді. Беттерін жер астынан бір түрлі суық леп жалап
ӛткендей болды. Жалма-жан бастарын кӛтеріп алды... Содан бірнеше жыл
бойы қанды құдықтың маңына ел жоламады. Біреулер құдықтың перісі бар
екен, Еңсепті ұстап қалыпты десті, енді біреулер о жердің астында айдаһар
бар екен, бірде құдықтың аузынан басын шығарып тұрғанын ӛз кӛзімізбен
кӛрдік деп соқты. Арада әлденеше жыл ӛтті. Жер астынан шыққан айдаһар
кӛрінбеді. Бір-екі жүрегіне жүн байлаған жігіттер барып, қауға салып еді,
мӛп-мӛлдір тұщы су шықты. Ақсақалдар әрі ақылдасып, бері ақылдасып,
молда апарып, кітап ашқызып, дұға оқытып, құдықты жын-періден аластады.
Sauap.org
33
Шегендеді. Әйкел орнатты. Тусырап жатқан ӛңір суға қарық болды да қалды.
Жаңбырсыз жылдары қанша шыңыраудағы су тартылғанмен, ол лықылдайды
да жатады.
Біреулер қауға түсіріп алса, артынан сонау кӛк теңіздің жағасындағы ақ
тұмсықтың астынан табылыпты. Енді жұрт бұл құдықтың суы сонау ұлы
теңізге барып құяды екен десті.
Кітаппен танысқаннан кейін, оның қағаз нұсқасын сатып
алуды ұмытпаңыз!
Сайттағы барлық кітаптар тек танысу мақсатында
ұсынылған.
Кітапті жүктеп, мазмұнымен танысқан соң, Сіз оны
қалдырмай, жоюға тиіссіз.
Кітаптың мәтінін көшіре және сақтай отырып, Сіз
авторлық және аралас құқықтар туралы заңға сәйкес, барлық
жауапкершілікті өз мойныңызға аласыз.
Сайт әкімшілігі пайдаланушыларды кітаптарға заңды
жолмен қол жеткізуге шақырады.
Достарыңызбен бөлісу: |