Әл-Фараби:
Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
Шын білім – ақиқат, анық білім.
Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтырлы ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.
4, Білім жолына түскен жан күнделікті күйбең, тіршілікті ойламауы қажет.
Абай Құнанбаев:
5, Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
6. Ғылым - Алланың бір сипаты.
7. Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге.
8. Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақшылық.
Ақындардың нақыл сөздерінен аңғарғандарыңыздай, бүгінгі коучингте оқушыларымыздың білім, ғылымды қалай меңгеруі керек немесе мұғалім қалай және не үшін оқыту керек деген сауалдар төңірегінде ой бөлісетін боламыз.
|
Интерактивті тақтада
Әбунасыр әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының портреттері
Нақыл сөздер жазылған қағаз қиындылары
|
Топтық жұмыс
|
Әбунасыр әл-Фараби: «Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық – шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады.
Сіздерге топта мына тақырыптар бойынша постер жасау беріледі:
Оқушылардың білім-ғылымды игерудегі мұғалімнің рөлі
(әл-Фараби нақыл сөзі негізінде)
Мұғалім қалай және не үшін оқытуы керек?
Мұғалімдер постерлерін қорғайды.
«2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды.
|
Флипчарттар, маркерлер, сурет қиындылары
|
Фильм көрсету
|
«Бәрі сенің қолыңда» бейнекөрсетілімі.
|
Интерактивті тақта
https://youtu.be/LCMMwsNj17w
|
Топтық жұмыс
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |