1.2. Әбу Насыр Әл-Фараби және оның
Еуропа ғылымына қосқан үлесі
Әбу Насыр әл-Фараби мұраларын аудару, зерттеу, насихаттау жұмыстары мен әрекеттері ХХ ғасырдың 60-70 жылдарынан басталып, Қазақстан фарабитанудың әлемдегі ең үлкен орталықтарының біріне айналды. Қазақстандық фарабитанудың басында, негізгі ұйытқысы, мұраларын тұңғыш іздеуші, аударушы, мәселені көтеруші ретінде А.Машани есімі аталса, ал 1968 жылы ҚазКСР ҒА Философия және құқық институтында «Әл-Фараби мұраларын зерттейтін шығармашылық топ» құрылды, топты ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор А.Х. Қасымжанов үйлестірді. Жақыпбек Алтаев Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен энциклопедиялық ғылыми мұрасы, рухани әлемі оның көзі тірі кезінде-ақ сол заман ғалымдарының назарын өзіне аудара бастаған
Әл-Фараби туралы зерттеулер
1908-1913 жылдары Ресейде жарық көрген «Ф.А. Брокгауз бен И.А. Ефронның Еврей энциклопедиясында» әл-Фарабидің кейінгі дәуір философиясының дамуына ықпалы туралы толығырақ қамтылған мақала берілді. Әл-Фараби бойынша энциклопедиялық мақаланы жазу үшін негізгі көз ретінде арабтілді философия бойынша XIX ғасырда шыққан жарияланымдар қызмет етті: Де Россидің 1807 жылғы араб тарихи сөздігі, Бонда басылған Шмольдерстің «Documenta philosophorum arabиm еңбегі» (1836), Фарабидің өмірбаянын сыни тұрғыда қарастырған М. Штайшнейдердің Санк-Петербургте 1869 жылы шыққан «Аl-Ғаrаbі (Аlphаrаbіиs) Philosophen Leben dеs аrаbіsсһеn иnd Sсhrіgtеn» еңбегі, 1890 жылы Ф. Дитрицийдің редакциясымен неміс тіліндегі аудармасымен шыққан әл-Фараби шығармалары үзінділерінің жинағы, сондай-ақ, 1898 жылғы К. Броккельманның «Истории арабской литературы» еңбегіндегі әл-Фарабиге қатысты сілтемелер қолданылған. – Сөзіңізге қарағанда, философты Батыс та, орыс ғалымдары да дендей зерттеуге күш салған екен.
Достарыңызбен бөлісу: |