Әбунасыр Әл-Фараби



бет1/7
Дата05.04.2022
өлшемі4,3 Mb.
#29947
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Әл фараби


“Мектеп жанында шағын орталығы бар Злиха Тамшыбай атындағы орта мектебі”

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс ренессанс кезеңіндегі Әб-Фарабидің мұрасы

Авторы: 11-сынып оқушысы Жанкелді Мейір



2019 - 2021

Әл-Фарабиге 1151 жыл

Мазмұны

Кіріспе

І. Тарау.

1.1. Әл-Фарабидің өмірі мен еңбектері

1.2. Әбу Насыр Әл-Фараби және оның Еуропа ғылымына қосқан үлесі

1.3. Әбу Насыр Әл-Фараби туралы зерттеулер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер..

КІРІСПЕ

Ғылыми жобаға арқау болған тақырып шығыстың ұлы ойшылы: Әбу Насыр –Әл Фарабиге арналады. 2020 жылы "Әлемнің екінші ұстазы" атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.

Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін өз қағидасы бар. Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп ғылымның бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылым тарихы маңызды орын алады. Расында адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан теңіз болса, оның рухини байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі – баршаға бірдей ортақ қазына. Сол мәдени мұраны талдап, іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу – кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті. Осы кездегі өркені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жасауға талай елдің, талай ұрпақтың таңдаулы өкілдері қатысты.

Орта ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл-парасаттың жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламаның бірі – қазақ топырағынан шыққан данышпан Әбу Насыр Әл –Фараби. Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамутудағы орнын анықтау, ғылыми мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс. Бұл жағдайда білім паздар өте ертеден-ақ аңғарған сияқты.

Бізге Қазақстаннан шыққан көптеген есімдер белгілі, бірақ солардың ішінде Әбу Насыр Әл -Фарабидің жөні бөлек. Әл Фараби заманында бүкіл Орта Азия мен Түркістан Араб халифатының ықпалында болған. Соған байланысты қала халқы сауда саттық мәселесінде ислам қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Соның ішінде рухани, ғылыми тіл араб тіл болған.

Сондықтан осы қалада сауат ашып, осы қалада білімге, ғылымға деген құмарлығы оянған Әл- Фарабидің осы үш тілді жетік білуі заңдылық еді. Ол кейін білім ғылым іздеп, көп жерді аралайды.

Ақыры сол кезде әлемнің ғылым дүниесінің орталығы болған Бағдадқа келіп, сонда тұрақтап қалады. Сол кездің әйгілі ғалымдарымен кездесіп, олармен сырлас болады. Грек, латын, санскрит және басқа тілдерді үйренеді. Ол өз заманындағы дамыған ғылым салаларының бәріне, өнеріне өзіндік үлес қосып, елеулі із қалдырады.

І – ТАРАУ. 1.1. Әл-Фарабидің өмірі мен еңбектері
  • Әбу Насыр Әл-Фараби, Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет