Ects- 5 курс -1 7М02210- тарих, 7М05203 –география


(11-дәріс). Жоғары мектепте оқу үдерісін ұйымдастыру формалары



бет25/29
Дата13.04.2023
өлшемі181,58 Kb.
#82053
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
ЖМП дәрістер конспект Н.Д.А. 2023 3

2.6 (11-дәріс). Жоғары мектепте оқу үдерісін ұйымдастыру формалары.
Жоспары:
1. ЖОО-да оқытудың негізгі формаларына сипаттама.
2. Оқыту формаларын жіктеу тұғырлары.
3. Дәрісті, семинарды өткізудің дәстүрлі емес тәсілдері.
4. Экскурсия физика, химия заңдарын өндірісте қолдануды бақылау ретінде.

Жоғары мектептегі оқытудың құрылымы: мақсатты оқыту, мазмұнды оқыту, құралдар, форма, әдістер, түрлері, оқытудың нәтижесі. Жоғары мектептегі оқыту процесінің құрылымына мынадай компоненттер жатады:



  • мазмұндық компонент – жоғары мектептегі оқытудың мақсаты мен міндеттері кіреді; мазмұндық компонент – бұл кәсіптік қызметпен өзіндік білімдендіру, қарым-қатынас пен іс-әрекетті меңгерудегі білім, білік, дағдыларды анықтайды;

  • процессуалды компонент – жоғары білім беру мазмұнын меңгеруде жоғары мектептегі мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру бағытында оқытуды қабылдау құралдары, әдістері, түрлерін сипаттайды;

  • бақылау, бағыттау компоненті; нәтижені бағалау компоненті – бұл студенттің жоғары мектептегі оқыту процесінің оқыту нәтижесі мен тиімділік дәрежесіне жетуі.

Оқыту үрдісінің сыртқы қалпы дегеніміз - оқытуды ұйымдастыру формасы. Оқытуды ұйымдастыру формасы дегеніміз – оқыту үрдісінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі
Жоғары оқу орындарында білім берудің ұйымдастырудың алуан түрлері кездеседі: дәріс, практикалық сабақтар (семинарлар, лабораториялық сабақтар, практикум, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ), оқытушылардың көмегімен жүзеге асатын студенттердің өзідік жұмысы (СОӨЖ), өндірістік практика). Дидактикада осындай оқытуды ұйымдастырудың түрлерін белгілі бір дидактикалық есептерді шешетін танымдық іс-әрекетті басқару тәсілдері болып саналады. Сонымен қатар, дәріс, практикалық сабақтар, семинарлар, өзіндік жұмыстар оқытудың мазмұны мен әдістерін түсіндіретін студенттер мен оқытушылардың өзара әсері жүзеге асыратын тәсілдер болып табылатындықтан оқытудың негізгі ұйымдастыру түрлері болып табылады. Оқыту процесі әртүрлі бақылау түрлерімен аяқталады.
Жоғары оқу орындарындағы дәрістер – оқытудың дидактикалық циклінің маңызды бөлімі. Оның мақсаты - студенттерге жаңа оқу материалдарын меңгеруге бағытталған ғылыми негіздер қалыптастыру. Қазіргі кездегі жоғары мектептерде дәрістерді «ыстық нысаналар» деп атайды. «Дәріс» сөзі латынша «lection» - оқу деген мағынаны береді. Дәріс алғаш алтыншы ғасырда Ежелгі Грецияда пайда болған, кейін Ежелгі Римге және орта ғасырға дейін таралды. Рессей университетінің алғашқы қалаушыларының бірі М.В.Ломоносов оқытудың дәрістік түрлерінің даму тарихына аса назар аударды. Оның пікірінше, шешендік өнерді жүйелі және нақты үйрену міндетті. Сондықтан дәріс берушілерге тек ережелер мен авторлардың оқуларына сүйеніп қана қоймай, сөздің мәнеріне де басты назар аударылуы керек екендігіндігіне тоқталған.
Дәрістің маңызы студенттердің кітап арқылы өз бетімен жұмыс істеуімен шектелді. Орыстың ұлы хирургі және педагогы Н.И.Пироговтың пікірінше, дәріс егер лектор жаңа ғылыми материалды бергенде немесе сөз шебері болса ғана оқылуы керек.
Дәрістің негізгі функциялары:
1.Ақпараттық функция. Лекцияда студенттерге ғылымның жаңа жетістіктері, оқу пәнінің негізгі мазмұны жайлы белгілі бір тақырып бойынша мәлімет береді. Дәрісті оқушы өз тыңдармандарына мәліметті эмоционалды түрде береді. Студент үшін дәріс-бұл ғылыми мәліметтердің бейімделген көзі.
2.Бағыттаушы функция. Мұнда дәріс қажетті әдебиеттерге бағыт береді. Дәрісте белгілі бір теорияның немесе гипотезаның генезисі, оның негізгі идеясы беріледі. Дәріс оқушының ұсынған әдебиеттер тізімі де дәрістің бағыттаушы функциясына жатады.
3.Түсіндіруші функция. Бұл негізінен оқытылып отырған тақырыптың негізгі ғылыми ұғымдарына байланысты болады. Теорияны түсіндіре отырып студентке ғылыми ұғымдардың мәнін адеквадты түсінуін қамтамасыз ету қажет. Мұнда тек терминдердің мәні ашылып қана қоймай, сонымен қатар студенттердің санасында негізгі ұғымдар қалыптасады.
4. Сендіруші функция. Бұл дәрісті баяндаушының өз сөзін дәлелдеуі кезінде жүзеге асады. Студенттер айтылған мәліметтерді тыңдайды, ал оларды сендіру үшін дәлелдеу қажет. Зерттеушілердің көрсетуі бойынша дәлелділік маңыздылық болып табылады. Дәрісті баяндаушының өз пікірін білдіруі студенттерді сендіреді, оларды дәрісті баяндаушымен келісуге итермелейді. Дәлелділік дәрістің келесідей қасиеттерінен де маңызды орын алады. Олар: логикалылығы, информативтілігі, теорияның өмірімен байланыстылығы және т.б. Басқаша айтқанда дәлелділіктің болуы дәрістің басқада қасиеттерінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сонымен қатар дәрісті оқушы адам дәлелдеу әдістерін таңдау барысында тыңдаушылардың білім деңгейлерін ескеру қажет. Логикалық дәлелдеулердің 2 түрі бар. Олар: тура дәлелдеу және жанама дәлелдеу. Дәрістің сендіруші функциясы дәріс үшін өте қажетті.
5. Дәрістің қызықтырушы немесе әуестендіруші функциясы. Дәріс студенттерге маңызды және қажетті мәліметті беру үшін қолданылып қана қоймай студенттерді жаңа идеяны дамытуға итермелейді. Дәріс қызықты болуы үшін төмендегідей шарттарға жауап беруі тиіс: Оқытылып отырған ғылымды ескере отырып, студенттің білімді игеруде тұлғалық мәнді түсінуі. Дәріске деген қызығушылықтың пайда болуы-аудиторияның айтылып жатқан материалдың жаңашылдығын түсінуі. Дәріске деген қызығушылықты туындату - бұл тыңдаушы студенттердің ойлау жұмысын стимулдау.
Дәрісті оқудағы негізгі әдістемелік мәселелер төмендегідей:
1. Ұғымдарды қалыптастыру - ерекше педагогикалық процесс болып табылады. Ол үшін арнайы үрдістер бар, алайда олар әрқашан қолданыла бермейді. Олар міндетті түрде семинарлық және басқада топтық жаттығулар кезінде қолданылады.
2. Баяндалған материалдың дәлелділігі. Арнайы зерттеулер көрсеткендей дәрісті оқудағы басқада сапалардың ішінде оның дәлелділігі маңызды орынды алады.
3. Теорияның өмірімен байланыстылығы. Бұл жағдайда ғылымды алғаш рет оқып отырған студентке теориялар түсініксіз болмауы үшін дәрісті оқушы адам ұғымдарды өмірмен байланыстырады.
4. Информативтілігі. Дәрістің мазмұнының қарапайым және қызықсыз болмауын қамтамасыз етеді.
5. Баяндалушы материалдың өзектілігі. Ол студенттердің ойлауын белсендіруге арналған. Мұнда дәрісті баяндаушы адам өзінің сөзін студенттерге белгілі бір мәселені талдау түрінде ұсынады, талдай отырып ол ойлау міндетінің шешілу үрдісін көрсетеді.
Дәрісте берілетін тақырыптар мен сұрақтардың қайсысын проблемалы әдіспен оқыту қажет екендігін мұғалім өзі шешеді. Дәрісті оқу әдістемесі – айқындалған дәріс құрылымы және логикалы ойластырылуы; жоспарының болуы; осыларға қатаң бағыну; тақырыпқа байланысты әдебиеттерді лекцияның басында немесе аяғында айтылуы; әдебиеттер міндетті және қосымша әдебиеттерге бөлінеді. Терминдер мен ұғымдардың түсініктілігі, басты ойлар мен қорытындының болуы, көрнекі құралдарды пайдалану.
Практикалық сабақтар мектеп шеберханаларында, оқу-тәжірибе учаскелерінде, оқушылардың өндірістік бригадаларында, оқу-өндірістік комбинаттарында өткізіледі.
Семинар сабақтар өз атауын «көшет өсіретін ыдыс» деген мағына білдіретін латынның «seminaries» деген сөзінен алынған. Олар ежелгі Грек, Рим мектептерінде пікірталастардың сабақтастығы, студенттердің хабарламасы, түсіндірмесі, оқытушының қорытындысы ретінде өткізіледі. Қазіргі жоғары мектептерде семинар – гуманитарлық және жаратылыстану пәндері бойынша практикалық сабақтардың негізгі түрлерінің бірі. Семинар белгілі бір пәнді тереңдетіп оқуға арналған. Семинар сабақтардың мамандар даярлаудағы мүмкіндіктері зор, сондықтан кафедралар оны әр алуан және күрделі талаптарды табысты шешуге мүмкіндік жасайтын, оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі формасы ретінде көрінеді. Семинар студенттердің шығармашылық дербестігін дамытады, ғылымға және ғылыми жұмыстарға қызығушылығын күшейтеді, ғылыми ақпарттарды иемденеді,материалды ауызша және жазбаша баяндау өнерін, дамушы ғылыми қағидалар мен қорытындыларды игереді.
Жоғары мектептерде 3 түрлі семинар сабақтары белгіленген: алдын-ала өтетін, арнайы және жеке семинарлар. Семинар сапасын бағалауда, оларға дайындықты жоспарлауда төмендегі критерийлер пайда болады: мақсаттылық – мәселелер қою, теориялық материалдарды, оларды болашақ кәсіби қызметіне пайдалана отырып, практикалық материалдармен байланыстыруға ұмтылыс; жоспарлау – негізгі пәндерге қатысты басты мәселелерді бөліп қарау, әдебиеттер тізімінде жаңалықтың болуы; семинарды ұйымдастыру – пікірталас туғызу және қолдай білу, студенттердің барлық жауабы мен шығып сөйлеген сөздерін сындарлы талдау, оқу уақытын мәселелерді талқылаумен толықтыру, студенттің өзінің әрекеттері; семинарды өткізу стилі – пікірталастан туындаған, өткір мәселелерді талқылап, қызу өткізетін немесе ойға қозғау салмай, сылбыр өтетін; оқушының студентке қарым-қатынасы – сыйластық ретіне қарай талап қоя білу немесе кең пейілділік; студенттердің оқытушыға қарым-қатынасы – сыйластық немесе немқұрайлы, сынаушылық; топты басқару – оқытушы семинарға қатысушылармен тез байланыс орнатады, топта өзін сенімді, еркін ұстайды, барлық студенттермен әділ, байсалды әрекет жасайды немесе керісінше, көптеген ескертулер жасайды, дауысын көтереді, басқаларын елеусіз қалдырып, аз ғана студенттің жұмысына сүйенеді; оқытушының қорытындысы – білікті, сенімді немесе студенттердің білімін байыптайтын, теориялық тұжырым жоқ; студенттер семинарларда жазу жұмыстарын жүргізеді – үнемі жүргізеді, сирек немес тіпті жүргізбейді.
Семинар сабақтары көбіне оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт-бағдар беріп отыруға мүмкіндік тқ тезистер мен баяндамалар жазып, қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Студенттердің семинар сабаққа дайындығы просеминар арқылы тексеріледі. Өкінішке орай қазіргі жоғары мектепте бұл сирек кездеседі. Семинар және практикалық сабақтар да лекция барысында жүзеге асыру мүмкін емес бірнеше маңызды қызмет атқарады: Студенттердің өздік жұмысына, дерек көздерімен жұмыс жасауына, конспект жазуына бақылау орнату. Студенттерді өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру: ауызша баяндама жасау, ойларын негіздеу және өз көзқарасын қорғай алу. Студенттерді дискуссия жүргізуге және әріптесін тыңдай білуге баулу. Студентердің оқу барысындағы жеке қиындықтарын анықтау: олардың ойлау жүйесінің немесе ойлау операциясының (анализ, синтез, жалпылау, абстрактілеу және т.б.) деңгейін ескеру. Студенттердің оқу үрдісіне жақсы және кері әсер ететін ерекше қасиеттерін анықтау. Оларды сабақ барысында ескеру, қажет болса түзету. Арнаулы семинарлар мен арнаулы практикумдар негізінен жоғары курстарда кәсіби пәндерді игерту барысында өткізіледі де, алатын кәсіптің негізгі әдіс-тәсілдерін үйренуге мүмкіндік береді.
Лабораториялық жұмыстарда студенттердің оқитын мамандықтарына сай теориялық және әдіснамалық білімі практикалық біліммен, дағдылармен интеграцияланады. Мұнда маңызды орынды топтық жұмыстар алады. Өндірістік практикада нақты бір қызметті атқара жүріп білімдерін толықтыру студенттерге болашақ кәсіптеріне жақындай түсуге мүмкіндік береді. Мұндай практикаларды өткізуде ғылыми-өндірістік кешендердің маңызы ерекше. Лабораториялық сабақтарда тақырып бойынша жаңа оқу материалын ұғыну үшін мынадай тәсілдер ескеріледі: Лабораториялық сабақ тақырыбы мен сабақтың міндетін анықтау. Сабақты өткізу тәртібін түсіндіру. Сабақтың нәтижесін жинақтап қорытындылау. Сабақтың нәтижесін талдау. Лабораториялық жұмыстардың түрлері: бақылау, тәжірибелер, эксперименттік есептер шығару, өлшеу жұмыстары т.б. Дұрыс ұйымдастырылған лабораториялық жұмыс оқушылардың таным қабілетін, ой-өрісін дамытады, олар түрлі приборлар және жабдықтармен жұмыс істей білуге үйренеді, ғылыми экспенрименттердің элементтерімен танысады. Лабораториялық жұмыс оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, еңбек мәдениетіне тәрбиелейді.
Өзіндік жұмыс – тек жекелеген пәндерді меңгеруге ғана емес, сонымен бірге, оқу, ғылыми, кәсіби іскерлік, өзіндегі жауапкершілікті сезіне білу, дербес жұмыс істеуге үйрену. Сондықтан да, өзіндік жұмыс білікті маман даярлаудың негізгі бір тиімді жолы болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыс білімді тереңдетуге, толықтыруға дағды мен іскерлікті қалыптастыруға, танымдық әрекетке қызығуға, танымдық қабілетінің дамуына, адамның дербес жұмыс істеу мәдениетін көтеруге, шығармашылықпен жұмыс істеуге және ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндік жасайды.
Жоғары оқу орындарындағы оқу-танымдық жұмыстарды педагогикалық шарттары мен ерекшеліктеріне қарай бес топқа жіктеуге болады: жаңа теориялық білімді игеруге арналған өзіндік жұмыстар; жаңа эмпирикалық және практикалық білім алуға арналған өзіндік жұмыстар; білік пен дағдыны қалыптастыруға арналған өзіндік жұмыстар; шығармашылық бағыттағы өзіндік жұмыстар; алған білімдерін бекітуге және жүйелеуге арналған өзіндік жұмыстар. Өзіндік жұмыс оқу үрдісімен тығыз байланысты болғандықтан оны екіге бөліп қарастырады: дәрісханалық өзіндік жұмыс; дәрісханадан тыс орындалатын өзіндік жұмыс. Дәрісханада орындалатын өзіндік жұмыстарға дәрістік, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар кіреді.Ал, дәрісханадан тыс орындалатын өзіндік жұмыстарға дәріс материалдарын толықтыру, семинар сабақтарын дайындау, реферат жазу, курс, диплом жұмыстарын жазу, т.б. жатады.Өзіндік жұмысты былай білу тиімді. Өйткені, өзіндік жұмыстардың өзі дәрісті тыңдау және оны жазу, мәтінмен жұмыс істеу, тезис, конспект жазу, семинар сабақтарына дайындалу, үйірмелерге қатысу, ғылыми жұмыстармен айналысу сияқты бөліктерден тұрады.
Студенттердің өзіндік жұмыстарының ішінде курстық және дипломдық жұмыстардың орны ерекше. Студент алғаш рет зерттеу жұмыстарына, экспериментке жүгініп, жиналған материалдарды жүйелеу, қорытынды жасауға ұмтылыс жасайды. Ғылыми терминдер қолданып, ғылыми бақылау негізінде ой тұжырымын жасауға үйренеді. Сондай-ақ пән бойынша алған білімін тереңдетіп, оны бекітеді, білімін практикалық дағды, біліктермен байланыстырады.
Педагогикалық бақылаудың үш қызметі бар: диагностикалық, білім беру, тәрбиелеу.
Диагностикалық қызметі: бақылау арқылы студенттің білім деңгейі, қабілеті, дағдысы, тәртібі айқындалады. Білім беру қызметі: оқу материалын меңгеру деңгейін тексеру барысында білім беруді басқару іске асады. Тәрбиелеу қызметі: бақылау арқылы студенттің жұмысын ұйымдастыруға, шығармашылық жол іздестіруге, жеке басының ерекшеліктерін, өз бойындағы қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Оқыту тәрбиелеу процесінде бұл үш қызметтің бірі басшылыққа алынуы мүмкін. Мысалы, семинар сабағында оқыту қызметі орын алады, әр түрлі ой-пікірлер ортаға салынады, қателіктер талқыланады, сұрақтар қойыла отырып, диагностикалық тәрбиелік қызметтер іске асады. Сынақ, емтихан, коллоквиум, тест, диагностикалық қызметті атқарады.Бақылау жүйесін құрайтын: емтихан, сынақ, жазбаша бақылау, реферат, коллоквиум, семинар, курстық жұмыс, зертханалық жұмыстар, күнделік жүргізу жұмыстары, бақылау журналдарын жүргізу. Бақылау жұмыстарының өзіндік ерекшеліктері бар. Ауызша сұрақ жауап жүзінде білім деңгейі тексеріліп қана қоймай, сонымен қатар, сөйлеу тілі машықтанады, педагог пен студент арасында қарым-қатынас орнатылады. Жазбаша жұмыстар: студенттің білім деңгейін құжат ретінде айқындау. Емтихан студентке психологиялық қысым туындатады. Курстық жұмыс пен дипломдық жұмыстар болашақ маманның бойында шығармашылық қабілетті қалыптастырады.
Бақылаудың бірнеше түрін біріктіре білу педагог шеберлігінің белгісі. Уақытқа байланысты педагогикалық бақылау бірнеше түрге бөлінеді: ағымдық (студенттерді үлгерімі жақсы және үлгіре алмайтын студенттерді сұрыптауға көмектеседі), тақырыптық (белгілі бір тақырып немесе бөлім бойынша білім деңгейін айқындау), аралық (келесі бөлімге өту алдында өткізіледі, ол өткен білімді қорытындылау үшін қажет), бекіту (курстық емтихан, бұл өткен пәнді бекіту), қорытынды (мемлекеттік емтихан, диплом жұмысын қорғау).
Студентке қойылатын баға педагогикалық бақылаудың қорытындысы болып табылады. Бағалау арқылы студенттің үлгермеу себебін айқындауға болады. Жіберілген қателіктердің себебін айқындай отырып, оқытушы студентті дұрыс жауапқа жетелей алады. Сонымен қатар, студент білімін жетілдіру керек екеніне көз жеткізу мүмкіншілігі туындайды. Баға – сандық айқындаушы. Өте жақсы баға келесідей шарттарда қойылады. Студент берілген көлемде нақты және дәл білім көрсету керек. Жазбаша жұмыста, ауызша жауап бергенде сөйлеу тілі сауатты, әңгімесінің логикалық байланысы болуы қажет. Жақсы бағасы, нақты білім үшін, 1-2 қателіктер жіберілгенде қойылады. Педагогикалық өлшемдердің ең көп тараған түрі – тест. Педагогикалық тест дегеніміз белгілі мақсатқа байланысты ғылыми негізде құрастырылған тапсырмалар жинағы. Тест ұйымдастырудың талаптары: тест жоспарланған бағдарлама бойынша жүргізіледі. Барлық студенттер біркелкі жағдайда, бірдей сұраққа жауап береді. тест мазмұны қатаң құпияда сақталуы қажет.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет