Ects- 5 курс -1 7М02210- тарих, 7М05203 –география



бет16/29
Дата13.04.2023
өлшемі181,58 Kb.
#82053
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Байланысты:
ЖМП дәрістер конспект Н.Д.А. 2023 3

ЖОО оқытушысының негізгі іс-әрекет түрлері: Білім беруші (дидактикалық) – студенттерге ғылыми түсінік пен ғылыми әдістер жүйесін меңгертуді қамтамасыз етуге бағытталған іс- әрекет. Ғылыми-әдістемелік іс-әрекеті, мақсаты – оқыту әдістерін меңгеру және оны жетілдіру. Ғылыми-әдістемелік жұмыс - ғылым жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибеге негізделген және үздіксіз білім беру жүйесінің жұмыс істеуін және оны дамытуды жетілдіруге бағытталған қызмет түрі. Ғылыми іс-әрекет мамандарды даярлау үдерісінің құрамдас бөлігі бола отырып оқытушылар мен студенттер іс-әрекетін де қамтиды.
Педагогикалық іс-әрекет барысында мынадай функциялар атқарылады: ақпараттық; дамытушы; бағыт беру; жұмылдыру, зерттеумен қоса оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процестерін басқару: мақсатқа жету, диагностикалау, болжау, өзінің және білім алушының іс-әрекетін жобалау және жоспарлау; ұйымдастырушылық, бақылау және коррекциялық, аналитикалық және педагогикалық білімді насихаттау. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы: іс-әрекеттің мақсаты; іс-әрекет субъектісі; іс-әрекет объектісі; іс-әрекет мазмұны; іс-әрекет тәсілі; іс-әрекет нәтижесі. Педагогикалық іс-әрекет формалары: әңгіме (сократтық әңгіме) немесе майевтика; шеберханадағы жұмыс; сабақ; лекция; семинар; сынақ; практикум; тренингтер және т.б.
Педагогикалық және инновациялық іс-әрекеттің өзара байланысты. Инновация - білім беру жүйесінде оның жеке бөліктерін, компоненттерін және тұтастай білім беру жүйесінің сипаттамаларынжақсартуға бағытталған тұрақты элементтерді енгізетін, мақсатты көздейтін өзгеріс. Инновация - оқу-тәрбие ісін алдыға қарай жылжыту немесе өзгерту. Инновациялық іс-әрекет оқытушының жаңашыл идеяларды, жаңашыл әдіс-тәсілдерді оқу-тәрбие процесінде өз кәсіби тәжірибесіне, білім беру мекемесі жағдайына, оқушылардың білім дәрежесіне сәйкес енгізу. Инновациялық іс-әрекет міндеттері: Жаңалықты тұтастай және жекелеген кезеңдерінің нәтижелерін болжау; Жаңалықтың жетімсіз жақтарын анықтап, оны енгізуді ұйымдастыру кезінде толықтыру мақсатын көздеу; Жаңалықтарды басқа жаңалықтармен салыстырып, олардың тиімдісін таңдап алу, мәні мен зерттелуін анықтау; Жаңалық енгізетін ұйымның инновациялық қабілетін бағалау.
Инновациялық іс-әрекетті жүзеге асыру реті: жаңа білім беру бағдарламаларымен, әдіс-тәсілдермен танысу, талдау; оларды өз тәжірибесінде қолдану мүмкіндіктерін ойластыру, қолдану, тиімділігін анықтау бойынша зерттеу жұмыстарының кезеңдерін жоспарлау; қиыншылықтарды болжау; жаңашыл әдіс-тәсілдерді педагогикалық процеске енгізу; инновациялық іс-әрекеттің нәтижесін қорытындылап, бағалау. Инновациялық іс-әрекет өлшемдері: Инновациялық іс-әрекеттің қажеттілігін сезінуі; Оқу үрдісіне жаңалық енгізуде шығармашылықпен қызмет етуге даярлығының болуы; Енгізілетін жаңалықтардың бағытының дұрыстығына тиімді нәтиже әкелетініне сенімді болуы; Белгілі проблеманы шешудегі қолданылатын инновациялық іс-әрекетті толық өзіне қабылдап, оны енгізе білуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет