СОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР СОБЖ студенттердің объектіні белгілі бір көзқарас тұрғысынан зерттеуін қамтамасыз ететін зерттеу тәсілдері мен іс-әрекеттердің жүйесі ретінде тақырыптың ішкі мазмұнын толық ашу осы мәселеге қатысты ғылыми еңбектердегі, оқулықтардағы тұжырымдар мен пікірлерді жүйелеуді, көзқарастардағы қайшылықтар мен айырмашылықтарды талдап, топтастыра білуді қажет етеді.
Студенттің өзіндік жұмысы берілген материалдарды, білім қорын өз зерттеу жұмыстары негізінде жаңаша қорытындылап, кәсіби міндеттерді шығармашылық тұрғыда шеше алатын дағдыға айналдыруды мақсат етеді.
Студенттер орындайтын СОӨЖ түрлері:
Ақпарат көздерімен (оқулықтар, ғылыми әдебиеттермен зерттеулер, интернет, т.б.) жұмыс жасау. Ол үшін студент ең бірінші кітапханада катологпен жұмыс істеудің әдісін меңгеруі; тақырыптық, алфавиттік каталогтерден өзіңе қажетті әдебиеттер тізімін жасап, олармен танысуы; қажетті ақпаратты жинауды үйренуі қажет.
Оқулық және ғылыми еңбектермен жұмыс олардың мазмұнынан өзіне қажетті тақырыпты тауып, онымен танысу шолып оқудан басталады. Мұнан соң зерттей оқу орын алады. Зерттей оқу барысында қажетті тұжырымдар бойынша конспект жасалады.
ЭССЕ (фр. « essay » - попытка, проба, очерк) - очерк, шығарма, белгілі бір тақырыптарға ой толғау. Рефератпен салыстырғанда, эссе автордың өзіндік ойларының жиынтығы болып табылады. Бұл философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми-көпшілік немесе беллетристикалық (көркем шығармалық) сипаттағы жаңа сөз. Барлық аргументтер, идеялар, анықтамалар егер студенттің өзінікі болмаса, оларға сілтеме жасалуы керек. Эсседе пайдаланған дерек көздер, дәйектемелер көрсетілуі керек. Эссе көлемі 3-5 бет.. Эсседе автор тұлғасы, оның ойы, сезімі, дүниеге көзқарасы тұрады.
Конспект – басқа формалармен салыстырғанда жазудың ең әмбебап формасы. Конспект жазғанда оқылған мәтінді қайта жазуда дұрыстығын қамтамасыз ету керек. Конспекттің басты сипаты қысқалық әрі нақтылық. конспектіде ой сабақтастығы мен айтылған мәтіннің қисыны сақталуы тиіс. Конспектілеуде мәтін мазмұнының ең мәнді компоненттері, есте сақталуға тиісті тіректер жазылады (мәселен, атаулар, даталар, кейбір терминдер, символдар).
Колло́квиум: (лат. colloquium - әңгіме, жиналыс, мәжіліс) - ғылыми жиналыстар, оның маңызы баяндамаларды оқып, талқылау. Сонымен қатар колло́квиум - білім беру жүйесінде білімді бағалау мен тексерудің бір формасы.. Коллоквиум мазмұнына 2 практикалық міндет, 2 нақты теориялық сұрақ кіреді.
Проект (жоба) өгеше өнім яки қызмет тудыру мақсатымен уақытша айналысатын жұмыс. Себебі әр жобаның өз уақыты, яғни басталуы мен аяғы болады. Жобаға бірнеше студент қатысуы мүмкін. Жоба ретінде тапсырманы құру, журналдың номерін дайындау, ақпараттық жүйесін құру және т.б.
Топтық зерттеу немесе подкастинг, подкаст, презентация (бірлескен жұмыс) – семинар немесе практикалық сабақтарда студенттердің бірлесе отырып белгілі бір проблеманы графикалы түрде шешу тәсілі. Оқытушы тақырып бойынша шешуді талап ететін проблеманы студенттерге ұсынады.
Ойындар:Рөлдік ойындар: көшбасшылық ойындар. Іскерлік ойындар: саяхат, блиц-ойындар, өндірістік ойындар.Имитациялық ойындар.
Тренингтер - қысқа мерзім ішінде практикалық қолданыста қажетті әрі тиімді біліктер мен дағдыларды игеруге бағытталған оқу сабақтары. Тренингтердің мақсаты – үйренудің ең тиімді жолдарын игеру. Мұнда үйренушілер өз әрекеттерін қалайша тиімді түрде ұйымдастырып, жұмыста оң нәтижеге қалайша жету керектігі мәселесімен айналысады.
Тест студенттердің оқу жетістіктерін, олардың білім, білік, дағдыларының жиынтығын обьективті түрде өлшеу мүмкіндіктерін береді. Тесттерді әдетте ашық және жабық деп екіге бөледі.
Глоссарий – белгілі бір шығармада кездесетін, сирек қолданылатын сөздердің түсіндірме сөздігі. Сөз тіркестеріне, қазіргі кезде түсініксіз сөздерге түсінік беріледі. Сирек кездесетін кейбір аударма сөздіктер де глоссарийге жатады.