Ects- 5 курс -1 Құрастырған: п.ғ. к., Нургалиева Д. А. Мамандықтар


(7-дәріс). Педагогикалық ғылым жүйесіндегі дидактика



бет20/29
Дата05.05.2023
өлшемі199,88 Kb.
#90250
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
2.2 (7-дәріс). Педагогикалық ғылым жүйесіндегі дидактика.
Жоспары:
1. Дидактика педагогиканың бөлімі ретінде.
2. Дидактиканың категориялық аппараты.
3. Дидактиканың әдіснамалық негіздері және категориялары.
4. Жоғары мектептегі оқытудың мәні, құрылымы және қозғаушы күштері.

Дидактика (грек тілінен аударғанда Didaktikas – зерттеу бойынша, didasko – зерттеуші) – балаларды және үлкендерді оқытудың міндеттері мен мазмұнын ашатын, білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру процесін суреттейтін, оқытуды ұйымдастыру ұстанымдарын, әдістерін және формаларын сипаттайтын, оқыту мен білім беру мәселелерін жасайтын педагогиканың құрамдас бөлігі.


Оқыту үдерісін қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлармен, адамдардың әрекеттері және тіршілік қажеттіліктерімен, қазіргі таңдағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен және күн сайын артып отырған студент тұлғасына қойылатын талаптармен айқындалады. Дидактика ғылым ретінде пән өрісінде әрекет ететін заңдылықтарды зерттейді, оқыту үдерісінің барысын және нәтижесіне жағдай жасайтын тәуелділіктерді сараптайды, жоспарланған мақсат, міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін әдістерді, ұйымдастыру формаларымен құралдарын анықтайды. Олардың негізінде ол екі басты қызмет атқарады: Теориялық (диагностикалық және прогностикалық); Практикалық (нормативтік құрал ретінде). Дидактиканың алдында шешімі ең алдымен, онымен тығыз байланыстағы басқа ғылымдардың (философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, этнология, педагогикалық психология, адам физиологиясы, нақты әдістеме және т.б.) жетістіктерін біршама тиімді пайдалануды қажет ететін жаңа мәселелер туындап отырады. Кез-келген ғылыми білім саласының дамуы, бір жағынан құбылыстың мәніне жақын белгілі-бір тобын білдіреді, екінші жағынан сол ғылымның пәнін жасайтын ұғымның дамуымен байланысты.
Дидактика философиялық жалпы ғылыми және жеке ғылыми ұғымдарды пайдаланады:
- философиялық категория: «мән мен құбылыс», «байланыс», «жалпы және жалқы», «болмыс», «сана», «тәжірибе», т.б.
- педагогиканың жалпы ұғымдары: «педагогика», «тәрбие», «педагогикалық іс-әрекет», «педагогикалық ақиқат» және т.б.
- дидактиканың жеке ұғымдары: «оқыту мен оқу», «оқу пәні», «оқу материалы», «оқу жағдайы», «оқыту құралы», «оқыту тәсілі», «оқытушы», «студент» және т.б.
- пән аралық ғылымдардың ұғымдары: психологиялық ( «қабылдау», «меңгеру», «ақыл-ойдың дамуы», «есте сақтау», «іскерлік», «дағды»), кибернетика ( «кері байланыс», «динамикалық жүйе» және т.б.);
- жалпы ғылыми ұғымдар: «жүйе», «құрылым», «қызмет», «элемент», «тиімділік», «жағдай», «ұйым», «формалау» және т.б.
Педагогика терминімен қатар, ұзақ уақыт бойы сол мағынадағы «дидактика» терминінің қолданылуы тарихи қалыптасқан жағдай. Бұл ұғым ең бірінші рет неміс педагогы Вольфганг Реткенің (Ратхия) (1571-1635) шығармасында оқыту өнері мағынасында қолданылған. Соған ұқсас, «бәрін, барлығында оқытудың әмбебап өнері» мағынасында, чех педагогы Я.А.Коменскийдің 1657 жылы Амстердамда шығарылған негізгі еңбегі «Ұлы дидактикасында» дидактиканы түсіндіреді.
Оқыту үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің бір бөлігі, оқытушы мен студенттің мақсатқа бағытталған өзара әркетесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту – мақсатты үдеріс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс-тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады. Оқыту – таным процесі. Танымның ерекшелігі студентте білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түсуінде. Оқытудың міндеті – студентті айнала ортамен және дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Студент дүниетануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі. Оқыту – бұл күрделі үдеріс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен шығармашылық қабілетін, біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі, жеке тұлғаға кешенді ықпал жасауды көздейді.
Осы негізде, оқыту үдерісінің бірінші қызметі – студенттерге білім беру. Білім беру, біріншіден, ғылым негіздеріне сай студенттерді нақты айғақтармен, қағида және түсініктермен, заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде, айналасындағы әр-түрлі құбылыстарға ғылыми көзқарасын қалыптастыру. Екінші қызметі – тәрбиелеу. Оқыту барысында студенттерді теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту. Сонымен бірге оқыту барысында тәрбиенің мақсат, міндеттері және мазмұны, тәсілдері анықталады. Оқытуда тәрбие мен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды, керісінше біртұтастық ұстанымға негізделіп, бірлікте қолданылады.
Демек, тұлғаға білім бере отырып, оны тәрбиелейміз, тәрбиелей отыра білім берміз. Сөйтіп, тәрбие үдерісі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады. Үшінші қызметі – дамыту. Оқыту барысында студенттерге білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті, т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктері шыңдалып, қабілеттерінің артуына оң әсер етеді. Демек, тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды. Даму қызметінің ерекшелігі ол өз алдына жеке өмір сүрмейді, керісінше оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің жалғасы болып есептеледі. Сондықтан, дамудың қарқынды, жан-жақты әрі терең болуы білім беру мен тәрбиенің қандай дәрежеде іске асырылуына байланыты. Бұдан шығатын қорытынды, оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің негізі болып саналса, даму өз алдына олардың қызметінің нәтиежелі болуына қолайлы ықпал етеді.
Жоғары оқу орындарындағы оқыту үдерісі - болашақ маманның кәсіби шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруға қажетті белгілі білім, іскерліктерді меңгеруі мақсатында ұйымдастырылған арнайы үдеріс. Бұл анықтама оқыту үдерісіне қатысушылар (оқытушы мен білім алушы) іс- әрекетіне көңіл бөлуді қажет етеді. Оқытушының іс-әрекеті – оқыту, білім алушының іс-әрекеті – оқу. Осыдан, оқыту – іс-әрекет болып табылады. Оқытудың нәтижесі жай білім, іскерліктер жиынтығы емес, білім жүйесі негізінде жоғары білім алу болады.
Оқытушы қызметінің мәні іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру арқылы студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетін басқару. Бірақ іс-әрекетті жоғары деңгейге жеткізу үшін ол мақсатты түрде ұйымдастырылу қажет. Бұл оқытушының міндеті болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет