Ects- 5 курс -1 Құрастырған: п.ғ. к., Нургалиева Д. А. Мамандықтар


-Модуль. Жоғары мектепте тәрбиені ұйымдастыру



бет28/29
Дата05.05.2023
өлшемі199,88 Kb.
#90250
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Ects- 5 курс -1 растыр ан п. . к., Нургалиева Д. А. Маманды т

3-Модуль. Жоғары мектепте тәрбиені ұйымдастыру


3.1 (14-дәріс). Жоғары мектепте тәрбиені ұйымдастырудың теориялық негіздері.
Жоспары:
1. Жоғары мектептің тәрбие жүйесінің ерекшеліктері.
2. ЖОО-дағы тәрбие жұмысы тиімділігінің негізгі өлшемдері.
3. Қоршаған табиғатқа іс-әрекеттік қарым-қатынас жолымен жастардың рухани санасын тәрбиелеу.
4. XXI ғасырдағы ұлттық сана жайлы көзқарастар.
5. Заманауи жоо-дағы тәрбие жұмысының негізгі формалары.

Тәрбие үрдісінің мақсаты – үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың, және білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.


Тәрбие үрдісінің міндеттері:
• білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;
• балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
• өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру;
• мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау;
• жеке тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін-өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру;
• қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларды қалыптастыру;
• қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу;
• балалар мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру;
• отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру.
Тәрбие мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру үдерісінде, сабақтан тыс уақытта және білім алушылардың бос уақытында жүзеге асырылады.
Тәрбиенің мазмұны оның мақсатттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады. Тәрбие мазмұны адам тұлғасының гуманистік құндылықтар жүйесін игеру негізінде қалыптасуын, оның барлық мәндік сферасының дамуын қамтамасыз етуге жұмылдырады. Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, білім ордаларына, қоршаған ортаға, Отанына, әлемге, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді: адам, дос, ұл (қыз), құқық қорғаушы, патриот, аға (қарындас), іні, немере (немере қыз), азамат, туыс, қорғаушы, оқушы, ұлттық мәдениетті қорғаушы және жасаушы, ұжым, топ мүшесі, көш басшы, еңбекші, иегер, әлем азаматы, қалалық (ауылдық), бейбітшілік орнықтырушы, көрші, эколог, бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі.
Білім беру ұйымдарындағы тәрбиелік іс әрекетке осы заманғы көзқарастың ерекшелігі тәрбие үрдісіндегі жүйелілік және сол жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін факторлар мен шарттардың біртұтас жиынтығы болып табылады. Нормативті-құқықтық базаға жасалған талдау «жеке тұлғаның еркін дамуы», «адам құқығы», «жеке тұлғаның мүддесі» және т.б. ұғымдардың жан-жақты қолданылатындығын көрсетті. Осылайша тұжырымдап айту алдымен білім беру ұйымдарының бастапқы деңгейін демократияландыруға мүмкіндік береді. Басым құндылықтар ретінде дербес даму, өзін-өзі табысты көрсету және өзін-өзі анықтау ерекшеленеді. Білім берудің жаңа үлгісінде іскерлік сипат байқалып, өз бетінше үздіксіз білім алуға ұмтылуды қалыптастыруға және шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған. Соның негізінде балаларды және жастарды мектеп жасына дейінгі, орта білім беретін, орта кәсіби, жоғары кәсіби білім, қосымша білім берудің түрлі деңгейлерін қамтитын тәрбие жүйесі құрылуда. Тәрбие үдерісі ғылыми-әдістемелермен қамтамасыз етіліп, Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы Білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы №521 бұйрығымен бекітілген, сондай-ақ, білім беру ұйымдарының аймақтық деңгейінде тәрбие беру бағдарламасы жасалып, енгізілді; авторлық бағдарламалар дайындалуда; тәрбие үдерісінің тиімділігін бағалу мен жеке тұлғаның тәрбиелік деңгейінің өлшемдері жасалды. Тәрбие үдерісін кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жүргізіліп келеді. Мектептердің, кәсіптік мектептер пен колледждің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, жоғары оқу орындарының тәрбие ісі жөніндегі проректорлары, сынып жетекшілері, педагогтар-ұйымдастырушылар, әлеуметтік педагогтар, педагог-психологтар, қосымша білім беру педагогтары мен әдіскерлер штат бірліктеріне енгізілді.
Жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары. Бүгінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты - мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесi ретінде қарастырылады. Мемлекеттiк жастар саясатының жүзеге асырылатын ортасының бірі - жастар ұйымы, оның негiзгi мақсаты әлеуметтiк, мәдени, бiлім беру мiндеттерiн және жастардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған өзге де мiндеттердi шешу, рухани және өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру болып табылатын, мүшелерi (қатысушылары) жастар өкiлдерi болып табылатын заңды тұлғалар қауымдастығы (одағы), қор, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiк нысанында құрылған коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйым.
Тәрбие қағидасы – тәрбиешілер міндетті түрде сақтайтын, тәрбиені ұйымдастырудың аса маңызды ережелері, бастапқы ережесі. Табиғилылық қағидасы тәрбие табиғи және әлеуметтік-мәдени үдерістердің өзара байланысының ғылыми түсінігіне және балаларды тәрбиелеуде олардың жеке тұлғалық және жас ерекшеліктерін ескерудің қажеттігіне негізделеді. Мәдени сәйкестілік қағидасы тәрбие жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделетіндігін, жалпы адамзаттық құндылықтарға сай дәстүрлер мен ұлттық мәдени нормаларға және аймақтық ерекшеліктерге сәйкес құрылады. Мақсаттылық қағидасы мақсатты талаптың айқындығын, ұжымдық сұранысқа нақты есеп жасауды, тәрбие қызметінің басты түрлерін дұрыс таңдауды қарастырады. Гуманистік бағыт қағидасы әрбір жеке тұлғаға құрметпен қарайтын, оның бостандығын және әлеуметтік құқын мойындайтын гуманистік идеяны және бағытты бірінші орынға қояды; педагогтың білім алушыларға және тәрбиешілерге өздерін-өздері дамытуға жауапкершілікті субъекті ретінде қарауын, сондай-ақ, субъектінің-субъектіге көңіл бөлуі. Этникалық қағида этникалық мәдениет негізінде жалпы ұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасайтын мәдниет жасаушы ортаны қалыптастыруды, азаматтық келісім және үйлесімдікке, қоғамдық қатынаста табысқа жетуді қарастырады. Бiрлiк талабы мен сабақтастықты қамтамасыз ету қағидасы – мұғалiмдердiң мектеппен, мектептен тыс мекемелермен, отбасымен достастығын құру, тұлға дамуының барлық сатыларында тәрбие сапасын көтеру. Тәрбиенің үздіксіздік қағидасы жеке тұлға ғұмырының барлық кезеңдерінде оның жан-жақты дамуын болжайды: оның шығармашылық әлеуетінің үдемелі баюын және күш-қуаты мен қабілетін толық пайдаланып, кәсіби шеберлігі мен мәдени өсуін мөлшерлейді. Демократияландыру қағидасы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекеттеріне, педагогикалық бірлестікте, ынтымақтастыққа және бірлескен авторлыққа негізделген жүйені шамалайды. Ол сондай-ақ, педагогикалық басшылық, өзін-өзі басқару, бірлесіп басқару және жеке реттеу жүйесінің құрылымына кіретін өзара байланысты, өзара келісуді болжайды. Бұл қағида студенттерді еркіндік, жеке адамгершілік рухында тәрбиелеуді қарастырады. Вариативтілік қағидасы білім беру мекемелерінде жүзеге асырылатын кең таралымды, көп үлгідегі тәрбие бағдарламаларын мөлшерлейді, білім алушының жеке тұлғалық дамуының дербес траекториясын анықтауды көздейді.
Жеке тұлғаның қалыптасуы ең алдымен үш сферада жүзеге асады: іс-әрекет, қарым-қатынас, өзіндік сана. Осы 3 сфераның мәні - индивидтің әлеуметтік байланысының сыртқы әлеммен байланысын кеңейту. Іс-әрекет әлеуметтену процесі бойында индивид іс-әрекетінің кеңейтілген «каталогымен» байланысады, демек іс-әрекеттің жаңа түрлерін меңгереді. Осылайша, үш ерекше маңызды үдеріс жүзеге асады. Олар, біріншіден, әр түрлі іс-әрекет туралы арасындағы байланыс жүйесіндегі бағыт-бағдар. Бұл үдерістің нәтижесі – жеке тұлғаның іс-әрекет түрін таңдап алуы. Осының салдарынан екінші үдеріс пайда болады – басты іс-әрекеттің орталықтануы (шоғырлануы), оған басқа іс-әрекет түрлерінің бағынуы. Үшінші үдеріс – іс-әрекетті меңгеру барысында жеке тұлғаның жаңа рольдерді меңгеруі мен олардың мәнін, маңызын сезінуі. Екінші сфера – қарым-қатынас - әлеуметтендіру контексінде оны тереңдету мен кеңейту жағынан қарастырылады, өйткені қарым-қатынас іс-әрекетпен тікелей байланыста. Қарым-қатынастың кеңеюін – адамның басқа адамдармен байланысын көбейту, қарым-қатынастың тереңдеуі, монологтық қарым-қатынастың диалогтық қатынасқа децентрациясы деп түсінеміз. Әлеуметтенудің үшінші сферасы – жеке тұлғаның өзіндік санасының дамуы. Жалпылай алғанда, әлеуметтену процесі адамда «Мен» бейнесінің қалыптасуын береді. Сонымен, жеке тұлғаны әлеуметтендіру (лат.- socialis – қоғамдық) әлеуметтік құндылықтар мен әлеуметтік нормаларды меңгеру негізінде жеке тұлғаның қоғамдағы әрекетке қабілеттілігін қалыптастыру. Әлеуметтендіру әлеуметтік ақиқатты жеке тұлғаның меңгеруі. Әлеуметтендіру процесінде адам әлеуметтік нормаларды меңгереді, әлеуметтік ролдерді орындау тәсілдері мен қоғамдық мінез-құлық дағдыларын игереді. Әлеуметтендіру жеке тұлғаға қоғамда тең құқылы мүше санатында болуына мүмкіндік береді. Әлеуметтендіру жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру, жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу процесінде белгілі бір тәртіпке келтіріп, жинақталған қажетті ғылыми білімдерді, дағды-іскерліктерді, біліктілікті, рухани байлықтарды, мүдделер мен салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптар мен жол-жоралғыларды, адамгершілік пен мінез-құлық нормаларын меңгеру арқылы оларды біртіндеп өздері өмір сүріп отырған қоғамның әлеуметтік экономикалық құрылысына сәйкес әлеуметтік рөлдер жүйесіне қосу.
А.В.Мудрик бойынша жеке тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етуші факторлар. Мегафакторлар (мега – өте үлкен, жалпы). Космос, планета, ғылыми-техникалық прогресс деңгейі, демографиялық жағдай. Макрофакторлар (макро – үлкен). Мемлекет: әлеуметтік-экономикалық жүйе, қоғамдық психология, қоғамдық сана (идеология, саясат, саяси және құқықтық мәдениет, мораль, дін, өнер, ғылым). Мезофакторлар (мезо – орта, аралық). Табиғи-географиялық жағдайлар, ұлттық – мәдени және діни нормалар, дәстүрлер, мекен-жайы (аймақ, қала, село), әлеуметтік топ, мәдени – білім беруші сфера, бұқаралық ақпарат құралдары. Микрофакторлар отбасы, еңбек, оқу және т.б. ұжым мен топтар, құрбылар, көршілер, діни ұйымдар, микросоциум. Жеке тұлғаны әлеуметтендірудің негізгі бағыттары: Тәрбие және тәуелсіз (еркін) тұлғаны әлеуметтендіру. Өзіндік сананың жоғарғы деңгейі. Адамзаттық. Патриотизм өзінің адамгершілігін сезу, өзін-өзі құрметтеу. Өзіндік тәртіп, адалдық. Тіршіліктегі рухани құндылыққа бағдар. Шешім қабылдаудағы өзбеттілік және оған жауапкершілік, іс-әрекет мазмұнын таңдаудағы еркіндік. Саяси және құқықтық әлеуметтену. Саяси жағдайды білу және бағыт ала алу. Өз көзқарасын қорғай алу іскерлігі. Адам, бала құқығын білу және қолдана алу. Өз құқығын қорғай алу іскерлігі. Бостандық, құқық, ар-ұят, адамгершілікті мойындау және құрметтеу. Әлеуметтік-мәдени әлеуметтену. Азаматтық және әлеуметтік белсенділік. Адамзаттың жинақтаған тәжірибесін көбейту және сақтау. Әр түрлі ұжымдық, топтық, дербес әрекетте азаматтық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру. Өзімшілдігін басу іскерлігі. Ұжымда жұмыс істей алу, бірлесу. Үнемі өзгермелі әлемде өмір сүре білу іскерлігі. Өз қылықтары үшін жауапкершілікті өзіне алуға даярлық. Адамзаттың алдыға қарай жылжуы тек дербес қажырлық пен барлық адамдардың белсенді бірігуі (ымыраласуы) нәтижесінде ғана екендігін сезіну. Сонымен, әлеуметтену нәтижесі, жеке тұлғаның әлеуметтік толысуы (мамандықты игеруі, өз беттілік; адами толысу); интеллектуалдық толысу (әлеуметтік рөлдерді орындауға қабілетті ақыл-ойдың дамуы); құқықтық толысу (құқығы мен міндеттері туралы білім); саяси толысу (азаматтық борыш сезімі, әлеуметтік-саяси белсенділік).
Әлеуметтендіру институттары – жеке тұлғаны норма мен құндылықтар жүйесін меңгеруге икемдейтін, әлеуметтік тәжірибені тасымалдаушы нақты топтар: отбасы; мектеп; еңбек ұжымы; жоғары оқу орындары; Бұқаралық ақпарат құралдары; микроорта; әлеуметтік топтар; қоғамдық ұйымдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет