Ects- 5 курс -1 Құрастырған: п.ғ. к., Нургалиева Д. А. Мамандықтар



бет7/29
Дата05.05.2023
өлшемі199,88 Kb.
#90250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
Теориялық білім, жалпы мағынасында ‒ белгілі бір психологиялық- педагогикалық құбылысты талқылауға, қолдануға және түсіндіруге бағытталған ғылыми көзқарастар, түсініктер, идеялар жиынтығы. Ал тар және арнайы мағынасында психологиялық-педагогикалық құбылыстардың заңдылықтары мен байланыстары туралы тұтас түсінік беретін ғылыми білімді ұйымдастыру формасы. Теория өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, сонымен қатар, ол ‒ осы білімдердің белгілі бір зерттеу бағдарламасы түрінде құралуының механизмі. Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені біле алатынын көрсетсе, практикалық білім оны не істеу керектігіне бағыттайды.
Педагогикалық теория педагогикалық практиканы саралау негізінде педагогикалық болжамдар ұсынуға, алынған ғылыми фактілерді тексеруге, қабылданған ережелерді қалыптастыруға, нәтижесінде педагогика ғылымының дұрыс та, жан-жақты дамуына әсер етеді. Педагогикалық теория (грек. ‒ бақылау, зерттеу) – педагогикалық тәжірибенің, практиканың, тәрбиенің, оқытудың, білімнің логикалық жиыны; педагогикалық ойлар жүйесі; заңдылықтың ғылыми түсіндірмесі және мақсат, міндет, мазмұнның негіздемесі, педагогикалық қызметті іске асыру әдістері.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу – педагогикалық жаңа білімдердің қалыптасу үдерісі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың объективтік заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс- әрекет түрі.
Педагогика саласындағы зерттеулер – білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны мен принциптері, технологиясы жөнінде жаңа мәліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс және оның нәтижесі.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу нысандары: педагогикалық жүйелер, құбылыстар, үдерістер (білім беру, тәрбие, жеке тұлғаны, ұжымды қалыптастыру); пәні: педагогикалық нысанның нақты аймағында шешімін табуды қажет ететін элементтер, байланыстар, қатынастар бірлігі.
Педагогикалық зерттеулерді жүйелеу: Теориялық: бұрынырақ ашылған фактілерді түсіндіруге және олардың болашақтағы дамуын болжауға мүмкіндік беретін, негізгі және жаңа педагогикалық заңдылықтар ұсынылып қалыптастырылады.
Іргелі (фундаментальды) ‒ тәрбие процесінің заңдылықтарын ашады, ғылыми білімді тереңдетуге бағытталған, ғылымның методологиясын дамытады, оның жаңа аймақтарын анықтайды, мұнда практикалық мақсат көзделмейді;
Қолданбалы – тәрбие мен білім беру мазмұнын қалыптастыруда, педагогикалық технологияларды жасауда, жүзеге асыруда жекелей теориялық және практикалық міндеттерді шешеді; ғылым мен практиканы, іргелі зерттеу мен әзірлемелерді байланыстырады.
Эмпирикалық: педагогика ғылымында жаңа фактілердің белгіленуі.
Эксперименталдық: қолданбалы; әдістемелік әзірлемелер – тәжірибелік және теориялық зерттеулер негізінде педагогикалық құбылыстарды зерттеудің жалпы қағидалары мен әдістері, теория құрылымы қарастырылады. Оған бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу құралдарын; тәрбие мен оқытуда педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру мен басқару бойынша инструктивті- әдістемелік нұсқауларды әзірлеу жатқызылады.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу құрылымы мен логикасы:

  1. Проблеманың (мәселенің) жағдайын зерттеу. Проблеманы қоя білу, зерттеу өзектілігін негіздеу; нысаны мен пәнін, тақырыбын анықтау;

  2. Кеңінен таралған зерттеу тұжырымдамасын (әдіснама) нақтылау немесе құру;

  3. Дәлелдеуді қажет ететін зерттеу болжамын жасау;

  4. Зерттеу жоспарын құру;

Ғылыми-педагогикалық зерттеулер зерттеу әдістерінсіз жүзеге асырылмайтындықтан педагогикалық зерттеу әдістеріне тоқталамыз. Әдіс (грек. metodos – зерттеу немесе таным, теория, оқыту жолы) – таным жолы; ғылыми білімді құру тәсілі және негіздеу; ғылым пәнін анықтауға ықпал етуші тәсіл. Әдіс ‒ күрделі таным тәртіптері, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады. Әдіс ‒ ойға алған бір істі жүзеге асырудың тәсілдер жиынтығы. Бұны «метод» немесе «методика» деп те атайды. «Метод» грек тілінен аударғанда, белгілі бір іс-әрекеттің тәсілі дегенді білдіреді. Ал тәсіл дегеніміз ‒ әдістің құрамдас бөлігі ретінде белгілі бір іс-шараны жүзеге асырудың реті, қимыл- қарекет немесе іскерлік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет