Ects- 5 курс -1 Құрастырған: п.ғ. к., Нургалиева Д. А. Мамандықтар



бет9/29
Дата05.05.2023
өлшемі199,88 Kb.
#90250
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
Интерғылыми әдістерге экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады. Зерттеу үдерісі барысында төмендегідей интерғылыми әдістер қолданылады:

  • экстрополяция – ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы;

  • интерполяция ‒ құбылыстардың динамикалық қатарында көрінбейтін, бірақ осы қатар мүшелерінің арақатынасын ашу негізінде параметрлерді, функцияларды, көрсеткіштерді табу;

  • модельдеу – шынайы түрде бар үдерістер мен құбылыстардың логикалық, ақпараттық және графикалық құрылымын жасау, яғни нысандарды жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу – түп нұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме-дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу;

  • ретроспекция ‒ объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын алу үшін зерттеу объектісінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын зерттеу;

  • эксперттік бағалау – эксперттің немесе эксперттердің тұжырымдары мен ойлары.

    Жоғарыда айтылып өткен әдістердің немесе тәсілдердің ешқайсысы да, дара түрде зерттеудің негізділігін, дәлділігі мен дәйектілігін қажетті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті зерттеуде жоғары нәтижеге жету үшін олардың бірнеше түрінің жиынтығын пайдалану ғана тиімді бола алады.
    «Тұғыр» деген ұғым білім беру үдерісінің стратегиясы және тактикасын белгілеуде қолданылып келеді. Тұғыр – педагогикалық нысананы зерттеудегі тәсілдер жиынтығының қатынасы. Демек тұғыр педагогикалық іс-әрекет тәсілдерін және өзара байланысты идеялар мен ұғымдардың сапалық жиынтығын пайдалануға мүмкіндік тудыратын әдіснамалық бағдар болып табылады.
    Ш.Таубаеваның пікірінше, тұғыр – қойылған зерттеу міндеттемелерін шешудің негізгі жолы, ол осы шешімдердің бағыты мен стратегиясын ашады. Ғалым педагогикадағы әдіснамалық тұғырларды жіктеп, оларға жеке сипаттама берген. Көптеген ғалымдар тұғырды білім беру үдерісінің тиімділігін арттыратын кешенді педагогикалық құрал деп түсіндіреді.
    Интегративтілік тұғыр (Бейсенбаева А.А.) тәрбиені мақсатты бағытталған үрдіс ретінде қарастырады, құрылымдық элементтерін, олардың қызметтерін, байланысын көрсетеді.
    Мәдениеттілік тұғыр зерттелініп отырған мәселе контексінде тұлғаның мәдениет әлеміне табысты кірігуін қамтамасыз ететін мәдени құндылықтарды меңгеруге және тасымалдауға жағдай жасауға бағытталған теориялық - әдіснамалық заңдылықтар мен ұйымдастырушылық -педагогикалық іс-шаралар жиынтығын ұсынады. Мәдениет адамның табиғатпен және әлеуметтік ортамен әрекеттесу нәтижесі ретінде қатысады. Бұл әрекеттестіктің нәтижесі рухани және материалдық байлықтарды құру болып табылады. Педагогикалық іс-әрекетте тұлғаның мәдени құндылықтары, сонымен бірге қарым-қатынас мәдениеті қалыптасады.
    Әлеуметтік-мәдениет тұғырын Г.И. Гайсина, М.С. Каган, т.б. дайындаған. Әлеуметтік-мәдениет тұғыры әлеумет пен мәдениеттің өзара байланысы мен өзара әрекеттестігін, тұлғаның әлеуметтік-мәдени дамуын, тұлғаның мәдени құндылықтарды меңгеруін көрсетеді, ол тұлғаның табысты әлеуметтенуіне мүмкіндік береді. Әлеуметтік-мәдениет тұғыры тұлғаның құндылық ұстанымын қалыптастыру үрдісіне әлеуметтік-мәдени кеңістіктің әсер ету факторын бөліп көрсетуге, мәдениеттің білімділік, тәрбиелік құндылығын қарастыруға мүмкіндік береді.
    Аксиологиялық тұғыр болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құндылықтарға бағдарынан байқалады, адамды рухани және әлеуметтік құндылықтарды жасауға қабілетті ең жоғарғы құндылық деп мойындау және оның тұлғалық және қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру; әлеуметтік-мәдени құндылықтардың тұлғаның білімі мен дамуының өзегін құрайтынын мойындау. Олардың іс-әрекет, қарым-қатынас үдерісінде ол үшін өмірлік қажетке, тұлғалық мәнге ие құндылықтарды өзектендіреді.
    Аксиология тұғыры қазіргі заманғы білім берудің жаңа парадигмасы тәжірибеде аксиология тұғыры бойынша адамның ішкі әлеміне бағдарланып, оның құндылығына, түрткісіне, еркіне, әсерленуіне көңіл бөлуді қажет етеді деп есептейді (Б.С.Гершунский, А.Г.Асмолов, Ш.А.Амонашвили, И.А.Колесникова).
    Акмеологиялық тұғыр (С.Д.Пожарский, Н.А.Рыбников, Б.А.Тұрғанбаева және т.б.) мұғалімнің интеллектуалдық, эмоциялық, ерік-жігерлік, коммуникативті мәдениеттерін дамытуға және моделдеуге әрі ішкі әлеуетін дамытуға, жоғары жетістікке жетуге бағытталған. Бұл тұғыр педагогикалық үдерісте болашақ мұғалімдерін оқыту мен дамыту шыңына шығуға, өзін іс жүзінде көрсетуге ұмтылу, жетістікке сұраныс сияқты факторларды ескере отырып, ұйымдастыруды құрылымдайды.
    Құзыреттілік тұғырға сәйкес білім беру жүйесіндегі негізгі нәтижелері түйінді құзыреттіліктер болып табылады. Мұнда жоғары деңгейдегі қарым-қатынасты игере алуға, талдау жасауға, түсінік қалыптастыруға ерекше мән беріледі. Бұл тұғыр өмірдің әртүрлі саласында стандарттан тыс тапсырмаларды шешуге қабілеттілікті және қоғамда табысты түрде әлеуметтенуге бейімделудің жолдарын игеруге мүмкіндік береді. Білім беру саласының негізгі басымдылықтары ретінде нәтижеге бағытталған білім тұжырымдамасы даярланып, оның негізгі көрсеткіші ретінде құзыреттлік тұғырына көшу бағыты айқындалды.
    Педагогика ғылымында құзыреттілік тұғыр негізінде тұлға игеруге тиісті таным, тәжірибе, әрекет тәсілдерінен басқа құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталады. Құзыреттілік тұғыр – білім беру үдерісін ұйымдастыру, ол субъектінің іс-әрекеті арқылы (оқу, таным, ойын және. т.б) өзін-өзі жүзеге асыру құқығына, құзыреттілікті меңгеруге және пайдалануға негізделген. Ж.К.Түймебаевтың бас редакторлығымен құрастырылған Эициклопедиялық сөздікте «құзыреттілік тұғыр - мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық әрекетінің нәтижелігі және жоғары деңгейде кепілдік болуы арнаулы, жалпы және негізгі құзыретті белгілеу негізінде мұғалімдерді дайындау үдерісінің мақсатын белгілеу, мазмұнын таңдау, ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету» делінген. Құзыреттілік тұғыры білім алушының іс-әрекетінің нәтижеге бағытталуын және негізгі құзыреттіліктерді белгілеуге жағдай жасайды. Негізгі құзыреттіліктер – өмірдегі мәселелер мен жағдайларды шешуде іс-әрекеттің сапалы, табысты өтуін қамтамасыз ететін жеке тәжірибеге енген білім, білік, дағды, қабілеттің жинағы немесе әмбебап жүйесі.
    Білім саласына қатысты құзыреттілік (латын тілінде competencia – адам жақсы хабардар болған, білім мен тәжірибеге ие мәселелер шеңбері, өкілеттіктер мен құқықтар) дегеніміз – бұл білім беру мазмұнын игерудің ықпалдастырылған нәтижесі, ол оқу-тәрбие үдерісіне қатысушылардың практикалық және теориялық міндеттерді шешу үшін нақты өмірлік жағдайда игерілген білімді, дағдылар мен қызмет тәсілдерін пайдалануға дайындықты білдіреді. Осы тұрғыдан алғанда, құзыреттерді социум талабы, ал құзыреттілікті – осы талаптардың көрініс табуы ретінде қарастыруға болады.
    Сонымен қатар қазіргі таңда негізгі құзыреттердің бірыңғай келісілген анықтамасы мен тізбесі жоқ, ал Еуропа Кеңесінің «Еуропа үшін негізгі құзыреттер» симпозиумында олардың үлгілік тізбесі келтірілген: зерделеу, іздеу, ойлау, ынтымақтасу, іске кірісу, бейімделу.
    Білім беру мазмұнын жалпы метапәндік (барлық пәндер үшін), пәнаралық (пәндердің немесе білім беру салаларының циклы үшін) және пәндік (әрбір оқу пәні үшін) деп бөлінуіне сәйкес, А.В. Хуторской тиісті құзыреттердің иерархиясын келесі түрде атап көрсетеді:

    1. Негізгі құзыреттер – білім берудің жалпы (метапәндік) мазмұнына қатысты;

    2. Жалпы пәндік құзыреттер – оқу пәндері мен білім беру салаларының белгілі бір шеңберіне жатады;

    3. Пәндік құзыреттер – қысқаша сипаттамаға және оқу пәндерінің шеңберінде қалыптастыру мүмкіндігіне ие құзыреттердің алдыңғы екі деңгейіне қатысты жеке құзыреттер.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет