Ects- 5 курс -1 Құрастырған: п.ғ. к., Нургалиева Д. А. Мамандықтар



бет19/29
Дата05.05.2023
өлшемі199,88 Kb.
#90250
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29
Байланысты:
Ects- 5 курс -1 растыр ан п. . к., Нургалиева Д. А. Маманды т

Пререквизиттер: оқылатын пәнді меңгеруге қажетті білімдер, іскерліктер, дағдылар мен құзыреттіліктер тізімі, студенттердің ауысуы барысында оқу курсын реттейтін құрал.
Постреквизиттер: келесі оқытылатын пәндерді меңгеруге қажетті білімдер, іскерліктер, дағдылар мен құзыреттіліктер тізімі.
Студенттердің оқу пәндерін таңдау іс-әрекетін ұйымдастыруға эдвайзер тағайындалады. Эдвайзер – студенттердің білім алу бағытын таңдауға және өзгертуге, олардың жеке оқу жоспарын құрастыруға септігін тигізетін, академиялық тәлімгердің қызметін атқаратын маман дайындаушы кафедраның оқытушысы.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоғары базалық білім стандартында (бакалавриат) кредиттік оқыту жүйесі бойынша студенттің оқытушы басшылығымен жүргізілетін өз бетінше жұмысы – аудиторияда және аудиториядан тыс жүргізілетін оқытудың түрі деп атап көрсетілген. Тьютор дегеніміз – оқу пәндерін жүргізетін және нақты пәнді меңгеру бойынша студенттің академиялық кеңесшісі рөлінде танылатын кафедра оқытушысы. Тьюторлар қызметі мамандандырылған кафедрада құрылады.
Б.М.Бим-Бад, А.В.Петровский бойынша: «білім беру - жеке тұлға мен қоғам мүддесі бойынша жүзеге асырылатын педагогикалық ұйымдасқан әлеуметтену үдерісі» болса, А.Г.Асмолов бойынша: «білім беру – жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға және өмірлік жолын құзырлы таңдауға мүмкіншіліктерін кеңейтуге бағытталған үдеріс» болып табылады. В.С.Безрукова бойынша: «білім беру - қоғамда арнайы ұйымдастырылған адамның дамуына қажетті жағдай жасау жүйесі» болса, ЮНЕСКО (1997ж.) бойынша: «білім беру дегеніміз жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуі мен жеке өсуі қамтылатын оның қабілеттіліктері мен мінез-құлқын жетілдіру үдерісі мен нәтижесі» - ретінде қабылданған. Үлкен энциклопедиялық сөздікте «Білім беру - адамзаттың әлеуметтік маңызды тәжірибесін меңгерумен байланысты білім, іскерлік, шығармашылық әрекеттерде жүзеге асырылатын жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамыту үдерісі» ретінде берілсе, педагогикалық энциклопедияда (1999ж.): «білім беру – жеке тұлға мен қоғам мүддесі үшін жүргізілетін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған әлеуметтендіру процесі» ретінде тұжырымдалған. А.В.Петровский, А.Г.Асмолов, В.С.Безрукова, И.П.Подласый: білім беруді - білімнің, іскерліктің, дағдының, ойлау тәсілдерінің оқыту үдерісіндегі жетістігі жүйесі ретінде қарастырған. Академик В.А.Сластенин: білім беруді – адам, қоғам, мемлекет мүддесіне, мақсатына бағытталған тәрбие және оқыту үдерісі ретінде түсіндірген.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 3-тарауының 10-бабында білім беру жүйесі ұғымы: білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және білім беретін оқу бағдарламаларының; меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының; білім беруді басқару органдары мен тиісті инфрақұрылымдардың, оның ішінде білім беру мониторингін жүзеге асыратын оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарының; білім беру қызметінің субъектілері бірлестіктерінің жиынтығын бiлдiредi.
ҚР Білім туралы заңында (11-бап) білім беру жүйесінің міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;
8) қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;
9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;
10) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге өзінің білім мен біліктілікке негізделген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту;
11) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы;
12) білім алушылардың кәсіптік ұмтылысын қамтамасыз ету;
13) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз ету;
14) мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау болып табылады.
Аталған заңда (13-бап) білім беру мазмұнының ұғымы былайша берілген: «Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені)». Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін білім беретін оқу бағдарламаларымен айқындалады. Мемлекетіміздің білім беру жүйесі мынадай екі түрлі маңызды үдерісті жүзеге асыруға бағытталған: ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу; әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу. Қазақстан білім кеңістігінде қалыптасып жатқан осы заман білімін реформалау бағыттары жалпы əлемдік бағдар мен үндес келіп, іске асырылуда.
Қазақстандағы білім беру жүйесін дамытуда шешілуге тиіс міндеттер:

  • ЖОО-дағы білім беру нәтижелерінің сапасын арттыру;

  • білімге қол жетімділіктің теңдігін қамтамасыз ететін шараларды енгізу;

  • білім беру жүйесінде әріптестілікті дамыту үшін жағдайлар жасау;

  • оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің бірлігін қамтамасыз ету;

  • білім мен ғылымның іс жүзінде интеграциялануын қамтамасыз ету;

  • ресурстарды жұмылдыру және білім беру жүйесінің тиімділігін арттыруда қамтамасыз ету;

  • білім беру ісін басқару жүйесін жетілдіру;

  • студенттерге білім берумен қоса, тәртіптік, құқықтық тәрбие беруді ұйымдастыруды жоғарлату мен дамыту болса, осы міндеттерге сәйкес бүгінгі білім жүйесін реформалаудың басты бағыттары: білімді гуманизациялау; оқуды үздіксіз жүргізу бағыт-бағдары; білім технологиясындағы пəнаралық байланыстарды (интеграция) іске асыру; оқу үдерісін компъютерлендіру жəне технологияландыру; білім берудің ақпараттандыру формасынан проблемалық, ғылыми ізденіс, оқушылардың өзіндік жұмыстарын кең қамтитын оқудың белсенді əдістері мен формаларына өту; оқу желісінде оқытушының оқыту жұмыстарынан гөрі білім алушылардың танымдық іс-əрекеттеріне көбірек мəн беру; оқу-танымдық үдерісін ұйымдастыру мен сол процесті басқаруда жоспарлы қадағалау, қатаң бағдарластыру тəсілдері орнына оқудың дамытушылық, белсенділікті арттыру, жеделдестіру мүмкіндіктерін мейлінше тиімді пайдалану; білімнің дамытушылық жəне азаматтық баулу қызметтерін назарда ұстау.

Қазақстан Республикасында үздіксіз білім беру процесі халқымыздың салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады. ҚР тәуелсіздігіне орай білім беру мәселелері жаңаша бағытта дамуға көшті. Осыған сәйкес ҚР білім беру бағытын, мақсатын, мазмұнын айқындайтын нормативтік құжаттар қабылданып, онда білім берудегі мақсат пен жаңа міндеттер айқындалып көрсетілді, елімізде білім беру жүйесінің дамуы үшін Заңнамалық база негізі қалыптасты:

  • «Білім туралы» Заң 1999 ж., 7 маусым; 2007 жылғы 27 шілде (№ 319-III ЗРК, Астана, Ақорда), 2012 жыл 09 қаңтардағы толықтырулармен;

  • «Ғылым туралы» Заң. 18 ақпан, 2011 ж.;

  • ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. 16.11.2009ж.;

  • ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581-II ҚР Заңы (2011ж.толықтырулармен);

  • ҚР баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-ІІ ҚР Заңы;

  • ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 7.12.2010 ж.

Аталған заңнамалық құжаттардың барлығында дерлік қарастырылған өзекті мәселе мемлекет экономикасының орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру мен бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған жаңа білімді үйренуге қабілетті, шығармашыл, ғылыми зерттеулерге белсене қатысуға ынталы маман дайындау; мамандардың беделін арттыру; жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттер мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру. Білім беру жүйесінің даму басымдығы, барлық азаматтар үшін сапалы білім алудың жариялылығы мен қолжетімділігі білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі принципттерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі мен сабақтастығы принципі негізінде мынандай білім беру деңгейлерін қамтиды: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Бастауыш білім беру. Негізгі орта білім беру. Орта білім беру (жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру). Орта білімнен кейінгі білім беру. Жоғары білім беру (бакалавриат, университет, академия, институт және оларға теңестірілгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище). Жоғары оқу орнынан кейін білім беру (магистратура, аспирантура, докторантура). Кредиттік технологияға негізделген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үш деңгейлі моделі (бакалавриат-магистратура-докторантура Ph.D) заңнамамен бекітіліп отыр. Бұл Болон декларациясының ережелері мен халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
ҚР Білім туралы заңында (47-бап) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі төмендегідей:
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдау талаптарына сәйкес білім беру ұйымдарын және білім алу нысандарын таңдауға құқығы бар.
2. Білім алатын адамдар білім алушылар немесе тәрбиеленушілер болып табылады. Бiлiм алушыларға оқушылар, кадеттер, студенттер, магистранттар, адъюнкттар, интерндер, курсанттар, тыңдаушылар және докторанттар жатады.Тәрбиеленушілерге мектепке дейінгі, интернаттық ұйымдарда білім алушы және тәрбиеленуші адамдар жатады.
3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға; білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға; оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға; өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға; білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға; қайта қабылдануға және бір оқу орнынан басқасына, бір мамандықтан басқасына, ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға немесе оқудың бір нысанынан басқасына ауысуға; білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге; спорт, оқу, акт залдарын, компъютерлік сыныптарын және кітапхананы тегін пайдалануға; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпарат алуға; өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге; өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне; оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.
ҚР «Білім туралы» заңға сәйкес (35-бап):
1. Жоғары білімді жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтар алады. Азаматтың конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
2. Жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк білім беретін оқу бағдарламалары жоғары оқу орындарында iске асырылады.
3. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан табысты өткен білім алушыға біліктілік және (немесе) «бакалавр» академиялық дәрежесі беріледі.
4. Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жүргізу үшін жоғары оқу орындары инновациялық-білім беру консорциумын құруға және (немесе) оған кіруге құқылы.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты қайшылығы тез өсіп бара жатқан жаңа білімдер қарқыны мен жеке тұлғаның оларды игерудегі шектеулі мүмкіндіктері арасында. Бұл қарама-қайшылық педагогикалық теорияны білім берудің абсолютті идеалға – адамның өзін-өзі реттеуі мен өздігінен білім алуы қабілеттерін барынша дамытуға көшуіне мәжбүр етті. Сонымен, жаңаша (инновациялық) оқытудағы басты нәрсе – бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту. Жаңа білім беру парадигмасында тұлғаның қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық, бағыттылықпен бірге мықты негізділік (фундаменталдық) те шешуші рөлге ие. ЮНЕСКО-ның халықаралық симпозиумында қабылданған меморандумда бұл жайында былай делінген: «...Фундаменталды ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық білім беру әлемнің қазіргі заманғы ғылыми-жаратылыстанушылық көрінісінен тұтас хабардар етуі, кәсіби қызмет нәтижелерін бағалаудың ғылыми негізін салуы, тұлғаның шығармашылық тұрғыдан дамуына және адамның ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін тану негізінде жеке өмірлік бағдарламасын құруына көмектесуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет