Ects- 5 курс -1 Құрастырған: п.ғ. к., Нургалиева Д. А. Мамандықтар



бет4/29
Дата05.05.2023
өлшемі199,88 Kb.
#90250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Ects- 5 курс -1 растыр ан п. . к., Нургалиева Д. А. Маманды т

Жоғары мектеп педагогикасы – кәсіби мамандарды даярлау туралы ғылым. Жоғары мектеп педагогикасы – жоғары мектептегі тәрбие, білім беру және оқыту мәселелерімен айналысады. Жоғары мектеп педагогикасы ‒ ЖОО жағдайында маман даярлау туралы ғылым. Жоғары мектеп педагогикасы ғылым ретінде ХХ ғ. ортасында анықталды. Жоғары мектеп педагогикасының нысаны – жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдеріс. Жоғары мектеп педагогикасының пәні: біліктілігі жоғары болашақ маманды даярлау. ЖМП ғылыми әлеует факторымен түсіндіріледі, ол біліктілігі жоғары мамандар даярлауда меңгеріледі.
Ғылым ретінде жоғары мектеп педагогикасының міндеттері:

    • Жоғары білімнің қазіргі жағдайын саралау мен дамуын болжау;

    • Жоғары білімнің даму тарихын зерттеу;

    • Жоғары кәсіби білім берудің теориялық-әдіснамалық негізін жасау;

    • Жоғары білімнің заңдылығын айқындау;

    • Жоғары білімнің мазмұнын жетілдіру;

    • Білім беру стандартын, оқытудың жаңа әдістері мен формаларын жетілдіру;

    • ЖОО педагогикалық тәжірибені зерттеу және жалпылау;

    • ЖОО педагогикалық инновацияларды ғылыми саралау;

    • Ғылыми-зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу.

Жоғары мектеп педагогикасының қызметтері: теориялық және технологиялық. Теориялық қызметтер: Жаңашыл тәжірибелерді зерттеу (сипаттамалық деңгей); Педагогикалық құбылыстардың жағдайын анықтау (диагностикалық деңгей); Тәжірибелік зерттеу жүргізу (болжамдық деңгей); Технологиялық қызметтер: Оқу іс-әрекетінің нормативті жоспарын айқындайтын әдістемелік материалдарды құрастыру (жоспарлар, бағдарламалар, стандарттар, құралдар) (жобалау деңгейі); Ғылыми жетістіктерді тәжірибеге енгізу (қайта құрылған, өзгертілген деңгей); Ғылыми зерттеу нәтижелерін саралау (рефлексивті деңгей).
Жоғары мектеп педагогикасының негізгі категориялары (ұғым, түсініктері). Педагогикалық терминология – білім, тәрбие, оқыту теориясы мен практикасында қолданылатын кәсіптік сөздер жүйесі. Педагогикалық терминология белгілі ұғымды анықтауда оқытушыларға жеңілдік туғызып, уақыт пен ой әрекетін үнемдеуге септігін тигізеді. Тәлім аппараты түсініктерін қалыптастыру педагогикалық құбылыстар мен мәнін ұғынуға себепші болады. Ғылым тілін түсіну үшін категорияларды білу міндетті. Жоғары мектеп педагогикасында қолданылатын категориялар (ұғымдар): Жалпы ғылыми: жүйе; құрылым; функция (қызмет); элемент; мақсат; іс- әрекет; жеке тұлға. Жеке ғылыми яғни, жоғары мектеп педагогикасымен тікелей байланысты ұғымдар, олар: даму; әлеуметтендіру; жеке даралық; оқу іс-әрекеті; үйрету; меңгерту; іскерлік. Арнайы педагогикалық категориялар: тәрбие, білім беру, оқыту. Жоғары мектеп педагогикасының негізгі категориялары: ЖОО тәрбие, ЖОО оқыту, ЖОО білім беру, педагогикалық жүйе, педагогикалық үдеріс, педагогикалық іс-әрекет, ғылыми-зерттеу іс- әрекеті, оқытушы және студент (білім алушы) т.б.
Жоғары мектеп педагогикасының қазіргі заманғы мәселелері:

  • Жоғары мектептегі оқыту, білім беру, тәрбиелеу мәселелері;

  • ЖОО оқыту әдістері, құралдары, формаларының жаңа жүйесін табу; ЖОО оқытудың инновациялық технологиялары; ЖОО оқытудың болашағын болжау;

  • Жаһандану жағдайына сәйкес жоғары білімнің мазмұнын жетілдіру;

  • Заманауи жоғары білім берудегі интеграциялық үдерістер;

  • Жоғары білім беру аймағындағы салыстырмалы зерттеулер;

  • Педагогикалық іс-әрекет контексіндегі құзіреттілік;

  • Кәсіби білім берудегі тәрбие компоненттері;

  • ЖОО білім алушыларды әлеуметтендіру;

  • Жоғары мектепті басқару заңдылықтарын анықтау;

  • Жоғары педагогикалық білім беруде оқытушының шығармашылық құзіреттілігін дамыту мәселелері; Оқытушының ғылыми-зерттеу мәдениетін дамыту; Оқытушының педагогикалық шеберлік деңгейін диагностикалау; Оқытушы-студент қарым-қатынасындағы мәселелер; Оқытушының тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу; Оқытушының кәсіби құзіреттілігі; ЖОО білім алушы тұлғасы;

  • ЖОО академиялық ұтқырлықтың білім беру сапасын арттырудағы орны; ЖОО дуальді білім беруді жетілдіру; ЖОО-ғы қос диплом мәселесі және т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет