Әдеби ағымдар



бет1/3
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#18920
  1   2   3
Байланысты:
ag mdar


Әдеби ағымдар

Әдеби бағыт, ағым көптеген жазушылардың топтар мен мектептердің шығармашылығына тән рухани және эстетикалық ұстанымдардың өзара сәйкестігіне негізделген шығармашылық мақсаттардың, тақырыптардың, жанрлар мен стильдердің жиынтығы. Әдеби ағым, бағыт терминдері синоним ретінде де қолданылуы мүмкін. Бағыт деген түсінік Добролюбов, Белинский, Чернышевский еңбектерінде қалыптасты. ХХғ әдебиеттануда стиль ұғымы кеңінен қолданылды. Кеңес кезінде бағыт, ағым түсініктері қатар қолданылды. Мысалы реализм бағыты Абайдан бастау алады. Реалистік бейнелеу әдісі жыраулар поэзиясында да орын алады. Қазақ әдебиетіндегі жыраулық поэзия өкілдерінің көпшілігі романтикалық бағытты да ұстанған. Халықты қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманға жеткізуді армандаған Асан Қайғы, "боз сазаны тоқтыдай, балығы тайдай тулаған" өлкені аңсаған Қазтуған, Еділдің бойын елге толтыруды армандаған Доспамбет секілді жыраулар қазақ поэзиясындағы романтикалық бағыттың негізін салды.

Яғни әдеби ағым бұл дүниеге көзқарасы, шығармашылық әдісі, бағыты, тақырыбы, жанры мен стилі жағынан бір-біріне жақын шығармашылығын айқындайтын көркемдік, эстетикалық принциптер жиынтығы. Кей жағдайда бір әдеби ағымға жататын қаламгерлердің дүниетанымы, идеологиялық, суреткерлік концепциясы әр түрлі болуы да мүмкін. Мысалы, романтикалық әдебиет өкілдері Байрон,, Мицкевич секілді жазушылар қоғамдық құрылысты түбегейлі өзгертуді ұстанса, А. Ламартин, Жуковский уағыздады. Бұл әр қаламгердің шығармашылық стилинің өзіндік ерекшелігінен туындайды. Әлем әдебиетінде ағымдар өте көп. Солардың бірі классицизм, сентиментализм, натурализм, романтизм, реализм, символизм т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет