Жалпы сөз өнерінде редакциялау қызметінің ерекше маңыздылығын атап өту шарт. Қандай шығарма болмасын ол редакциялауды қажет етеді.

Тіпті ұлы жазушы ғұламалардың еңбектері де сондай редакциялаудан сан мәрте өткен.
Редактордың ескіше ойлауға, ескіше қолтаңба қалыптастыруына хақы жоқ. Кешегі шығармашылық табыс бүгінгі өлшем емес. Ендеше редактор әркез жаңа қырынан танылып отыруы тиіс. Ол заманнан артта қалмайды.

Әдеби редакциялаудың міндеті – автор өзінің жазған туындысындағы негізгі идеясын, ойын оқырман санасына түсінікті, дәл және толық жеткізуіне көмектесу болып табылады. Ал редактор авторлық туындының мәтіні қалай туатынын және оны оқырманның қалай қабылдайтынын терең ұғынуы тиіс.

Кім болса да редактор болып тумайды. Демек, қандай мамандық иесін алсаңыз да өмірді көре келе, білім-ғылымнан сусындай отырып, тәжірибе жинақтау арқылы қажетті саланы үйренеді, меңгереді.

Аталмыш мамандықтың оңайлықпен қолға түсе бермейтін қыр-сырлары баршылық. Соның ең бастысы әрі бірегейі – оның шығармашылыққа қол жеткізуі.