Әдеби шығармашылық мәні: табиғаты мен тарихы



бет11/19
Дата10.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#91703
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
жазусессия

Уәлиханов және поэтика

  • Ғалымның фольклортанулық мұра­сы­ның ішінде аса құнды еңбектерінің бі­рі – «О формах казахской народной поэзии» атты мақаласы. Халықтың эпи­калық мұрасын жетік біліп, өз зама­ны жыршыларының шығармаларымен таныс болуы Шоқанға эпикалық дәс­түрдің сол кездегі ахуалы туралы ма­ңызды қорытындылар жасауға зор мүм­кіндік берді, мысалы, қобыздың орнына домбыраның пайдаланылуы, жыр формасының өлең формасына ауысуы, ескі жырлар біртіндеп ығыстырылып, тың тақырыптар мен сюжеттерді арқау еткен жаңа шығармалардың пайда болуы және тағы басқа.

  • Эпосқа ерекше назар аударған Шо­қан тарихи жырларды батырлық эпос­тан нақты бөліп, жеке жанр ретін­де қарастырды. Зерттеуші жыр тер­ми­нін бірнеше мағынада: фольклор жанры мағынасында, өлең формасы мағынасында және жеке жыр мағы­на­сында қолданады. Ғалым шағын зерт­теуінде қазақ эпосының поэтикалық болмысы архаикалық формадан келе­сі формаға ауысқанын, дәстүрлі сюжет­тердің ығыстырылып, күні кеше өт­кен тарихи оқиғаларды жырлауға кө­ше бастағанын, яғни эпостың транс­фор­мациялануының жалпы сипатын анық­тады. Автор эпикалық жанрлармен қатар жылау, қайым өлең, мақал-мәтелдер, қара өлең, тарихи аңыз, әң­гі­ме, шежірелер, фольклорлық жанр­­ларды қарастырып, олардың әрқай­сысына қысқаша аннотация берді, бір­неше шежірелік және тарихи аңыз, әпса­налардың сюжеттерін ғылыми айна­лымға енгізді.



    12

    1. Қазақ романы: бүгіні мен болашағы

    2. Жазушы және бүркеншік ат мәні

    Бүркеншік ат, лақап ат, псевдоним (грек. pscudos — жалған, опута — есім) — автордың өзінің шын есімін ауыстырып қолданатын ойдан шығарылған есімі. Бүркеншік атқа қоғам қайраткері, жазушылар, суретшілер мен артистер түрлі себептердің салдарынан иек артқан: цензураның ізіне түсуінен жасырыну үшін, авторлық және шығарма бағасын айқындау үшін қолданған (әдеби маска). Сондай-ақ, алғашында өзінің суреткерлік қарымына сенімі нық болмаған жағдайда, аттас адамдар кездескенде де Бүркеншік ат қолдануы мүмкін.

    Шәкәрім Құдайбердіұлы кейбір шығармаларының астына “Мұтылған (Ұмытылған)” деп қол қойған.


    Әлихан Бөкейханов өзінің бірқатар зерттеу, мақалаларына Қыр баласы, Арысұлы, Қалмақбай, т.б. деп қол қойған
    Мұхтар Әуезов «Қоңыр», «Арғын», «Жаяусал», «Айғақ» деп қол қойған.
    Ұлы Абайдың алғаш өлеңдерін Көкбай ақын атынан жариялауы Бүркеншік ат пайдаланудың бір түрі.
    Ілияс Жансүгіров Найман баласы, Матай, Қаптағай.
    Міржақып Дулатов Мадияр, Таймінер.
    Бүркеншік ат түрлерінің елуден астам түрі бар. Мәселен, автордың туған жерін меңзеуі, (мысалы, Ә. Тарази), арғы тегін білдіру үшін (Мұстафа Өзтүрiк), т.б. қолданылуы мүмкін.[1]

    Бүркеншік ат әлем халықтарына кеңінен тараған. Мысалы, Дж.Свифтің 70-тен, В. Скоттың 160-тан астам Бүркеншік аттары болған. Кез келген автор Бүркеншік атпен шығарма жазуға хақылы.[1]


    Бүркеншік ат авторлық құқық бойынша қорғалады және автордың келісімінсіз оның Бүркеншік атын жария етуге ешкімнің хақысы жоқ. Өткен ғасырдың ортасында Россияда Козьма Прутков деген жазушы есімі пайда болды. Ал оның шығармалары өзінше бір қызық дүние еді. Козьма Прутков қандай мәселені толғамасын (расында да ол ерекше бір паңдықпен терең толғанғанды, әсіресе ақыл айтқанды өте жақсы көретін), оның жазғандарынан көтере әсірелеу мен даңғойлық лебі есіп тұратын. Оған ішек-сілесі қата күлген оқырман қауым, апыр-ау, Козьма Прутков деген есуас кім болды екен деп таң-тамаша болатын.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет