Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып, сұрыпталған әдет-ғұрыптар, жол-жобалар көзқарас түсініктер жатады. Жаңашылдық - өткен өмірдің, кешегі күннің тәжірибесі мен жемістерінің ішінде мән-мағынасы бай, дәрежесі жоғары заман талабына жауап беретін, бұрынғы-соңғының шеңберінен шығып, болашаққа кең жол ашатын аса маңызды ізденіс-әрекеттер. Ол жалпы өркениеттің дамуына әсер етеді, осы жолда туып, орнығады. Дәстүр мен жаңашылдық - диалектикалық бірлестікте болып, ескі мен жаңаны жалғастырады, тарихпен бірге дамиды, өндірістің базисі ретінде өзгеріске ұшырап отырады. Әрине әдебиетте көбінесе әдеби дәстүр өзінің орныққан қалыптасқан қалпымен көзге бірден түседі. Мысалы орта ғасырда да әдебиеттің классыкалық түрлері классицизмнің әдеби дәстүр ретінде орын алуы романтизм мен реализмнің пайда болуына әсерін тигізді. Сонымен әдеби дәстүр алғашқыда жаңашылдық сипатта болады. Әдеби орта бұл үдерісті толық мойындағанда ғана ол әдеби дәстүрге енеді. Мысалы, қазақ поэзиясының әлемінде Абайдың алты буынды өлеңдері І. Жансүгіровтың поэзиясындағы 6-8-12жолдан құрылған шумақтары қазақ әдебиетінде жаңалық болып есептелді.
48
Абай Құнанбайұлының қазақ әдебиетін әкелген жаңалығын талдаңыз.
Қазақ поэзиясына Абай Құнанбайұлы енгізген жаңашыл үлкен дәстүр болып қалыптасты. Абай қазақ поэзиясын әсіре шешендікпен, әсіре бояудан құтқарып, терең ойлылықты арттырды. Ол ақын орнын, оның қоғамдық, әлеуметтік мәнін танып, көркем сөзді жоғары сатыға көтерді, ауыз әдебиетінің дәстүрінде келе жатқан поэзияны түрлендірін, жаңа арнаға салады. Мысалы, "Көлеңке басын үзартып" өлеңінде; "Адасқан күшік секілді, ұлып жұртқа қайтқан ой" дегенде тынымсыз, мазасыз ойды, жабырқау көңілдің суретін "адасқан күшікке" балайды. Мысалы, қазақ поэзиясының әлемінде Абайдың алты буынды өлеңдері қазақ әдебиетінде жаңалық болып есептелді. Ол осындай 15-ке жуық түр ойлап тапқан. Жалпы, жаңа өлең түрін жасау өте қиын. Ол Абай сияқты ақындығы аса күшті кісілердің ғана қолынан келеді.
Өлеңнің өзгешелік сипаты жайында бұл айтылғандарға енді мынаны қосу керек: өленің әр түрінің құрылымына қарай өзіндік әуен-ырғағы болады. Әннің сөзі өлең болатыны сондықтан. Абай өзі жасаған жаңа өлең түрлеріне жұрттың құлағын үйрету үшін арнайы әндер шығарған. Өлең жолдарының сыртқы көрінісі ғана емес, сөздерінің байланысуы, қиысуы, орын тәртібі жағынан да ерекшеліктері бар.
49
З.Ахметов, Л.Тимофеев, А.Ревякинның көркемдік әдіс туралы тұжырымдарын қолданыңыз.
Творчестволық әдіс – өмірді образбен бейнелеп, көркем шындық жасау жолы. Бұл туралы З. Ахметов: «Көркемдік әдіс белгілі бір дәуірде көптеген жазушылардың шығармаларында қолданылған өмір шындығын суреттеу ерекшелігі, соны айқындайтын негізгі принциптер»
Тимофеев, Ревякин: «Көркемдік әдіс – шындық болмысты, өмірді идеялық-көркемдік тұрғыдан тану мен образды бейнелеу принциптерінің белгілі бір жүйесі».
Әрбір көркемдік әдістің өзіне ғана тән өмірді, қоғамды, адамдық қарым-қатынастарды суреттеу принциптері, ерекшеліктері болады.
50
Классицизм ағымының көрнекті өкілдері қаламынан туған шығармалардың тақырыбы, идеясы, қаһармандары туралы талдаңыз.
Классицизмнің туған тұсы – еуропа елдерінде абсолютизм дәуірлеген кез. Ол тұста елдегі барлық үстемдік дворяндар сославиесінде барлық билік монарх қолында болатын; солардың ықпалымен жұрт назары сарайға ауған, жұрттың бәрі сарай маңындағы ат төбеліндей «асыл нәсілдер» (ақсүйектер) аузына қараған кез еді.
Бұл ағымның өкілдері (әсіресе Расин, Корнель, Мольер сияқты француз драматургтары) баяғы көне дүние классикасын өздеріне өнеге тұтты, әдеби шығармаларын сол үлгімен жазды.
Классицистер қаламынан туған шығармалардың негізгі тақырыбы, ежелгі грек әдебиетіндегі сияқты, ел өмірінің елеулі, ірі оқиғалары; негізгі идеясы – елдің елдігін қорғаушы «ессіз ерлердің» қанды жорықтары мен дүрбелең саясаты, негізгі қаһармандары – қарапайымдар емес, қастерлілер – қолбасылар, корольдар, патшалар.
Классицистер жазған жанрлар да, кәдімгі антик әдебиетіндегідей, трагедия, комедия, батырлық поэма, желғабаз ода… Бұлардың тілі де сол көне әдебиеттегі көтеріңкі пафос, шешен һәм көсем сөз рухындағы бояма диалогтар мен монологтар, атам заманғы архайзмдерге толы әсіре айшықтар болатын. Адам образдары да тым бір жақты – не бір жақсылар, не іске алғысыз жамандар кейпінде көрінді.
Классицистер қаламынан туған көркем шығармалардың ең жақсы үлгілері патриотизм, ұлт мақтанышы, қоғам алдындағы борыш, асқақ мүдделер үшін айқас секілді әп-әсем идеялық принциптер ұсынылып, негізінен, шыншылдық тенденцияда жазыла тұрса да, ағымның жоғарыда айтылған ұшы-қиярсыз шарттылығы мен жасандылығы сөз өнерін ақиқат өмірден алшақ әкетіп, «өнердің табиғилығы мен еркіндігін талақ етті; шындықта болған адамдар орнына ешбір елде, ешбір жерде болмаған дерексіз елестер қаптап кетті» (Белинский). Нәтижесінде, әдеби ағым классикалық сипаттан әншейін схемаға көшіп бара жатты.
51
Д.Дидро мен Д.Гаррик, П.Бомарше шығармашылығы туралы талдаңыз.
ХVІІІ ғасыр ортасынан француз жљне еуропалық ағартушылықтың ірі өкілі Дени Дидро (1713—1784) болды. Дидро пьесалары театр репертуарына толық енбегенімен драматургиядағы жаңа бағыт — тоғышарлық драманың пайда болуына әкелді. Дегенмен де Дидроның театрға байланысты ең үлкен жұмысы 1773 жылы жазылған "Актер туралы порадокс" трактаты болды. Бұнда Дидро әр түрлі өмірлік типтерді сахнаға шығару үшін актерлік ойынның қандай болу керектігіне тоқталған. Бұл актерлік өнер туралы, ең толық әрі тұжырымдалған ағартушы реализмнің принциптері болды. Ал комедия саласында үлкен еңбек сіңіріп кеткен Пьер Бомаршенің ағартушы классицизм дәуіріндегі орны бөлек.
ХVІІІ ғасырда Францияның ең басты театры "Комеди Франсез" болды. Актерлік өнер Анри Лyи Лекен (1729—1778), Ипполита Клерон (1723—1803) мен Мари Дюмениль (1713—1802) шығармашылығы арқылы дамыды. Актерлік өнерде жоғары азаматтық әдеп толыққанды мінездер жасау және тарихи шындыққа ден қою мақсатына ұласты. Театрдың прогресшіл қайраткері, әсіресе Франсуа Жозеф Тальма (1763—1826) Ұлы Француз революциясы кезінде классицизмге жаңа революциялық-қаһармандық үн қосты.
Пьер Огюстен Карон де Бомарше (1732—1799).
Бүгінгі күні әлем - гравюрасы "Фигароның үйленуі" комедияларының басты кейіпкері Фигароны білмейтін, білімді адамдар кемде-кем. Бұл шығармалардың авторы — француз драматургі Пьер Огюстен Карон де Бомарше. Бомарше шығармаларының шыңы — "Севиль шаштаразы" (1775), "Фигароның үйленуі" (1784) атты комедиялар. Бұл шығармаларында ақсүйектер дәуірінің өтіп кеткенін көрсеткен. "Севиль шаштаразы" комедиясының оқиғасы Испанияда өткенмен, әр көрерменге оқиғаның Францияда өтіп жатқаны түсінікті болды. Сөзқұмар және қызғаншак доктор Бортоло өзінің шәкірті Розинаға үйленбекші. Бірақ жас қыз шалды жақсы көрмейді. Оның көңілі өзіне ғашық болған жас граф Альмавивада. Жастарға граф Альмавиваның шаштаразы әрі қызметшісі көңілді де қу Фигаро көмектеседі. Пьеса қуаныш, күлкі, қызықты оқиғаларға толы. 1784 жылы Бомаршенің екінші комедиясы — "Фигароның үйленуі" сахнаға шығады. Бұнда бірінші пьесадағы кейіпкерлердің әрі қарайғы өмірі баяндалады. Пьесаны қолжазба кезінде оқыған ХВЫ Людовик оны театрда қоюға рұқсат бермейді. Бірақ қоғамға қарсы тұра алмай, бұл тыйымынан бас тартады. Егер бірінші комедияда Фигаро графқа көмектессе, енді, керісінше онымен күреседі. Еріккен ақсүйек Фигароның қалыңдығы Сюзаннаны азғыруды ойлайды. Бірақ бұл ойын біліп қойған Фигаро граф Альмавиваның өзін мазақ астында қалдырады. Алайда драмалык трилогияның "Айыпты ана" (1792) атты соңғысында Бомарше өткір сатирадан тайып, мелодрамаға бой ұрды. "Евгения" (1767), "Екідос" (1770) драмаларында әлеуметтік теңсіздікті дұрыс көрсеткен. Өмірінің соңғы жылдарында ол қоғамдық, әдеби өмірге көп араласпады. Бомаршенің "Севиль шаштаразы" комедиясына Джордж Россини (1816), "Фигароның үйленуі" комедиясына В. А.Моцарт (1786) опера жазып, дүние жүзі театрларының сахнасында қойылып келеді.
Дэвид Гаррик (1717—1779) — ағылшын актері, театр қайраткері, драматург, Еуропадағы сахналық реализмнің негізін салушылардың бірі, сахна реформаторы. Орта бойлы, жақсы дене бітімді, қимыл- қозғалысы шапшаң, шырайлы бет-әлпетті Гаррик туа біткен актер еді. Оның бойындағы дарындылық уақыт талабының эстетикасымен үйлесім тапты. 1740 жылдар әдебиетінде ағартушы реализм салтанат құрған уақыт еді. Ал Гаррик оны сахнаға алып шықты. 1740 жылы тұңғыш "Лета суы" комедиясын, спектакльдер жайлы сын мақалаларын жазды. Актерлік өнер жолын 1741 жылы "Гудменс-Филдс" театрының сахнасында пантомималық Арлекин рөлін ойнаудан бастады. Осы жылы У.Шекспир трагедиясы бойынша ЫЫЫ Ричард рөлін орындады. Осыдан кейін-ақ оның есімі Англияның үздік актерлерінің санатына қосылды. 1742 жылы "Друри -Лейн" театрына қызметке шақырылды. Сахнада ойнаумен қатар 1747—1776 жылдары осы театрға жетекшілік етті.
ХVІІІ ғасырдағы ағылшын ағартушыларының театр эстетикасына сүйене отырып, классицизмнің шарттылықтарына қарсы күрес жүргізді.
52
Филологиялық мектеп пен эстетикалық догматизм мектебі өкілдерінің өзіндік ерекшеліктері туралы талдаңыз.
Филологиялық мектеп(филология-сөзге құмарлық) жазба ескерткіштерді тілдік және стилистикалық жағынан талдау арқылы адамзаттың рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімі әдебиеттану, историография, текстология т.б гуманитарлық пәндердің жиынтығы .Көне мектептердің бірі-филологиялық мектептің дәстүрін ұстанған ғалымдар негізінен көркем шығарманың мәтінін зерттеп бағалауға бой ұрған. Әдебиеттің әлеуметтік табиғатын ашудың есесіне қоғамда атқаратын қызметін көрсетудің орнына бұл бағыт мәтінді бастыру, мазмұн баяндауды күйттейді. Эстетикалық догматизм мектебінің белгілі өкілі деп француз ғалымы- Никола Буалоны айтамыз. «Поэтикалық өнер» деген трактатында көркем шығармаға күні бұрын жасалған қалыппен келу принциптері бар. Үш бірлік: орын бірлігі, уақыт бірлігі, әрекет бірлігі сақталсын дейді. Корольдар,рицарьлар ғана қаһарман бола алмақ. Көркем әдебиеттің даму процесі бұл мектептің жалғандығын айтылмаш шарттардың бекер нәрсе екендігін дәлелдеді.
53
Биографизм мектебі мен мәдени-тарихи мектебі өкілдерінің өзіндік ерекшеліктері туралы талдаңыз.
Биографизм мектебі-19 ғасырдағы француз сыншысы Сент-Беф зерттеудің басты мақсаты, негізгі тенденция суреткердің рухын тану.Оның айтуынша, көркем шығарманы тудыратын фактор әлеуметтік орта, қоғамдық тартыс, таптық наным, дүниеге көзқарас, суреткердің өзі көрген, өзі сенген нәрсесі. Мәдени-тарихи мектеп – әдебиеттану ғылымындағы ең танымал бағыт.Бұл ағымдағы оқымыстылар Дарвин теориясын әдебиет ғылымына әкеп қолданады және дәлелсіз қолданады.
54
Психологиялық және психо-аналитикалық мектеп өкілдерінің ерекшеліктерін талдаңыз.
Психологиялық мектеп – принципі б/ша әдебиетші көркем шығарманы тудырған суреткердің психологиясын зерттеу керек немесе суреткер жасаған бейнелердің психологиясына назар аудару керек. Негізін салушы - З.Фрейд. Ол әдебиеттің әлеуметтік маңызын мойындамайды. Екі халықтың әдебиетін салыстыру қажет емес дейді. Оның назар аударатыны- суреткер санасының астарлы сырлары, түйсіктің жұмбақ құпиялары.
55
Формализм және социологиялық мектеп өкілдерінің өзіндік ерекшеліктерін қолданыңыз.
Формализм мектебі- өнердегі басты нәрсе түр деп қарайды. Сондықтан форманы зерттеу басты нәрсе дейді. Формалистердің ден қойған мәселесі- өлең құрылысы, әуезділік, ұйқас, ырғақ. Өкілдері: Жирмунский, Якобсон, Лотман.
Социологиялық мектеп – әдебиеттану ғылымында 20 ғ. басында бет алған бұл бағытты дөрекі социолизм деп атайды. Бұның өкілдері – қоғам заңдарын әдебиетке механикалық түрде қолданып метофизикалық жолға түсті. Бұлар ең алдымен жазушының шығармасын оның таптық тегімен байланыстыра қараған. 20- жылдары Мирский –Пушкинді, Кравченко – Гогольді,Нусинов-Успенскийді орыс әдебиетінің тарихынан сызып тастады. Қазақта Абай және Мағжан қараланды. Осы ағымның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ әдебиеттануына салқыны тиді. Проза жауһарлары саналатын « Қаралы сұлу», «Қараш-қараш» оқиғалары, « Қилы заман» сынды туындылардың кезінде әділ бағаланбауы эстетикалық талғамның саясыздығынан деп білеміз.
56
Тарихи-салыстыру мектебі пен осы бағытта зерттеу жүргізген Қ.Жұбанов еңбектерінен мысалдар қолданыңыз.
Тарихи-салыстырмалы әдістің қолданылу формасын фольклор мен әдебиет мәселелерінде тиянақты түрде көрсеткен профессор Қ. Жұбанов болды. Абайдың ұлылығын танытуда ақынмен тұстас өмір сүрген көршілес мемлекеттердің ірі ақындарының шығармашылығын зерделеп алудан бастаған. Ол бұл еңбекті түркменнің Мақтымқұлұлы Фрагиімен, башқұрттың Шайхзаде Бабичімен, татардың және азербайжанның Мырза Фатали Ахундовымен салыстыра отырып, Абай ақынның шығармашылығына талдау жасап, Аабай өз тұсында жалғыз қазақ қана емес, басқа көршілес елдердің әдебиетінен де үздік тұр» дейді. Ұлт тіліне, әдебиетіне сіңірген еңбегін, ақындық күшін алғанда Абай бәрінен озат шығады. Өйткені ол кезде таза халық тілімен жазып тұрып, ол жазғанын классик әдебиет үлгісімен шығарған ол елдерде адам болған жоқ. Абайдың, бірқатар сыншылар ескермей жүрген, бір оқшаулығы осы» деп тұжырымдайды.
57
Абайтанудағы алғашқы ізашар иесі Ә.Бөкейхановтың еңбегін талдаңыз.
1903 жылы Санкт Петребург қаласында «Россия.Полное географическое описание нашего отечества» атты көп томдық кітаптың 18-томы «Киргизский край» деп аталып баспадан шығады. Мұны жазуға қазақтан жалғыз Бөкейханов қатысады.Қазақ халқының рухани мәдениет байлығын баяндай келіп, Абай ақынға ерекше көңіл бөліп, оны қазақтың жаңа әдебиетінің көшбасшысы ретінде жоғары бағалады. Ақын қайтыс болған соң, оның өмірбаянын орыс тілінде жазып, «Семипалатинский листок» газетінде жариялайды. кейін 1907 жылы Абайдың өмірбаяны фотосуретпен бірге екінші рет басылып шығады.
58
Ж.Аймауытовтың «Абайдан соңғы ақындар», «Мағжанның ақындығы туралы» атты мақалаларын талдаңыз.
«Абайдан соңғы ақындар» атты мақалада ұлттық поэзияның жай-күйі, даму бағыт-бағдарлары мен көркемдік мұраттары, өзіндік өзгешіліктері сөз етіледі. Өлең сөзге қойылатын талап-шарттар мен өлеңші төңірегінде көзқарастар білдіреді. Өлең-өнердің дамуы мен ондағы жаңашылдық сипаттарға Абайдың, «Қазақ» газетінің әсер-ықпалы болғаны кеңінен көрсетіледі. Өлең өрісі мен өресі, «сезімге әсер беретін суретті өлеңдер» – Мағжан, Міржақып, Сұлтанмахмұт пен «сырты төгілген, сұлу, тілі кестелі, анық, халықтың ұғымына, оқуына жеңіл» – А.Байтұрсынов, С.Дөнентаев, Ш.Құдайбердиев, Б.Өтетілеуов шығармашылығына зор маңыз беріледі. «Әдебиет бақалшының қоржыны емес» екені де назардан тыс қалмайды. Қысқасы, Абайдан кейінгі ақындар әлеміндегі артық-кем тұстардың бары, жүйелі сөз етіледі. Сонымен бірге қазақ сөз өнері, ақын әлемі, өлең-мұра сипаттары кеңінен көрсетіледі. Талант табиғаты мен тағылымына мән беріледі. Бастысы, әрине ақын әлеміне еркін еніп, одан кейінгі сөз өнерінің белесті кезеңдеріне, көркемдік таным арналарына ден қояды. Ақын мен өлеңші сыры ашылады. Ортақ мін, кемшіліктер көрсетіледі. «Әдебиетімізге жақсы өлең, шын ақынның сөзі көрік беріп, күшейте алады» деген қорытындыға келеді. Өлеңнің өрнекті де өрісті, көркем де келісті сипат алуы негізгі назарда болады. Ж.Аймауытұлының «Мағжанның ақындығы туралы» атты мақаласы //«Лениншіл жас», 1923, №5// ұлттық сөз өнеріне, өлең-мұраға қояр талап-тілегімен мәнді болып табылады. Мақалада әдеби сынның мақсат-мұраттары, көркем туындыны танып-таразылаудағы шындық сырлары, өлең-өнердің өзіндік өрнектері айқындалады. Мағжан мұрасы, ондағы көркемдік мұраттар, ізденіс арналар, ой мен сөз жүйелері, тіл-стиль сипаттары кеңінен көрсетіледі. Ақын әлемі туып-өскен, тәлім-тәрбие алған орта, өнегесімен сабақтастықта сараланады. Ақындық мұрат, өнер өрісі Мағжан поэзиясымен сабақтастықта сөз етіледі.
59
М.Дулатов, І.Жансүгіровтің абайтану ғылымына қосқан үлестерін мысалдармен дәлелдеп қолданыңыз.
АБАЙТАНУ — қазақ әдебиеттану ғылымының саласы. А. кемеңгер ақынның өмірі мен шығармашылық өнері, филос., қоғамдық, эстет. көзқа- расы, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, муз. мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерді қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде М. Дулатов мақалаларынан басталды деуге болады.
Қазақстан Оқу комиссариаты 1925 жылы Абай шығармаларының толық жинағын
баспаға дайындауды Мұхтар Әуезовке тапсырды. 1927 жылы жинақтың алғашқы
варианты жасалып, Оқу комиссариатының ғылым және методика советінің
талқылауына ұсынылды. Оны екі күнде оқып, пікір айту Сайдалинге, ал, ол
үлгере алмаймын десе, Майлинге тапсыру қажеттігі ескерілді. Советтің 29
августағы мәжілісінде Сайдалиннің рецензиясы талқыға түсіп, жинақты
баспаға тапсыру жөнінде ұсыныс қабылданды. Рецензияда айтылған
ескертпелерді тиянақтап қарау, жөндеу М. Әуезовке тапсырылды. Ертеден-ақ
қолға алынған игілікті істің нақты шешімін тапқаны — 1933 жыл. Жинаққа
үлкен кіріспе жазған — Ілияс Жансүгіров. «абай жазба әдебиеттің сырлы әдебиеттің басы...абай қазақ ұғымындағы сөздің сабазы. Тілге абай құйған қор көп. Абай өлең түрін жасауға қызмет еткен, қазақ әдебиетінің жаңалығы, жаңаша сөз саптаған ақын».
60
М.Әуезовтің «Абай лирикасының жанрлық ерекшеліктерін» атап көрсеткен еңбегінен мысалдар қолданыңыз.
Жазушы кейінгі тарауларда Абайдың жастық шағындағы шығармалары бір жүйе, ал қаламгер ретінде қалыптасқан кезеңдегі туындылары жанр-жанр бойынша қарастырылады. Сол тараулардың ішіндегі маңыздысы - «Абай лирикасы» деп аталатын бесінші тарау.
Бұл тарауда М.Әуезов ақынның шығармашылық ғұмырының соңғы жиырма жылдан астам кезеңдегі өлеңдерін хронологиялық тәртіппен алып, оларға жан-жақты талдау жасайды. Тарауда өлеңнің шын мәніндегі лирикалық шағын түрлерін алғаш рет енгізген Абайдың жаңашылдық үрдістері сипатталады. Жазушы ақынның әр шығармада әр қырынан көрінген шыншыл реалистігін, суреткерлігін, қоғам өмірі мен адам мінезін бейнелеудегі сыншылдық бағдарын әрдайым ерекше мән бере атап көрсетеді, жанрлық ерекшелігі көп салалы, алуан қырлы деп атап көрсетеді.
Сонымен қатар талғампаз да талапшыл ғалым Абайдың жекелеген туындыларына сын пікірлер айтып, жеке бір өлеңнің мазмұнында, көркемдік шешімінде ақынның кемшін түсіп жатқан жерлерін көрсетіп отыруының да тағылымдық мәні зор еді.