Әдеби творчествоның табиғаты мен қоғамдық функциясын зерттейтін ғылым саласы туралы айтыңыз



бет6/7
Дата02.09.2023
өлшемі67,03 Kb.
#105911
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Әдеби процесс

Романтикалық образ. Қазақ әдебиетіндегі романтикалық образдың көне түрі халық ертегілері мен аңыздарында жатыр. Және батырлық дастандары мен тарихи еңбектерінде жасалды. Кезіндегі Желаяқ пен Көрегеннен, Саққұлақ пен Таусоғардан бастап Алдар Көсе мен Асанқайғыға дейін,одан Алпамыс пен Қобыландыға, Тарғын мен Қамбар-ға дейін қазақ фольклорындағы романтикалық образдың небір ғажайып үлгі-лерін көруге болады. Сәбит Мұқановтың Сұлушашы мен Жұмағали Саинның Күләндасы, Әбділдә Тәжібаевтың Абылы, Қасым Аманжоловтың Абдолласы
Реалистік образ. күнделікті өмірде болған, бар және бола беретін, бірқ ешқашан қайталанбайтын, әрқашан бұрын-соңды белгісіз тың қырынан көрініп, ылғыи жаңару үстінде болатын тип. Мәселен Тахауи Ахтановтың «Дала сырындағы» Қоспан образын алайық. Бұл қарапайым адам; күнделікті өмірде кездестіріп жүрген қарапайым пенде. Әрі көптің бірі.
Ал әдебиеттің тегі жағынан келгенде образ үш түрлі болады.
Эпикалық образ. Эпикалық образ – кескін –кейпі, мінез-құлқы, іс-әеркетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип. Құнанбай мен Жұман болсын немесе Мүкарама мен Қарақатын болсын, әрқайсысы-ақ тасқа қашалғандай қаздиып, оқырманның көз алдында тұрған жоқ па? Міне, осының бәрі — эпостың қисапсыз жанрлық мүмкіндігінен туған эпикалық образдың сыртқы түрі.
Лирикалық образ. Автордың өзі
Драмалық образ. Бұл образдың ерекшелігі шынайы. Өмірдің өзінен алынған образы. Тіршіліктің ортасында қайнап жүрген тұрмыстың нағыз өз бейнесі. Мысалға, Антигона мөн Отелло, Тартюф пен Хлестяков, Сатин мен Яровая, Қарабай мен Телқара, Жүзтайлақ пен Сәуле — бәрі де драмалық образдар.
Ал осы образдың жасалуына келсек тағы да бірнеше түрге бөлінеді: юморлық образ, сатиралық образ, фантастикалық образ, трагедиялық образ, геройлық образ деген сынды атаулармен кете береді.



40

Ғылымда типтілік немесе типтік шындыққа берген ойшылдардың (Гегель, Белинский, т.б.) бағаларын қолданыңыз.
Типтендіру (грек. typus – үлгі) – әдеби туындыда кейіпкердің мінез ерекшелігін белгілі бір қоғамдық топқа тән белгі, нышандар арқылы көрсету. Көркем шығармадағы типтік бейнелер белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі, тарихи дәуірдегі қоғамдық дамудың негізгі, шешуші сипаттарын көркем жинақтау тәсілі негізінде танылады. Осы тұрғыда Гегель: «Типтендірусіз көркем шындық жасалмайды» дейді. Ал Белинский болса «Типизм дегеніміз – шығармашылық заңдарының бірі, онсыз шығармашылық жоқ». Яғни осы екі автордың тұжырымдамасынан көркем әдебиетте типтендірусіз ешқандай шығарма жазу жүзеге аспайтындығын аңғаруымызға болады. Бұл нағыз реалистік өнерге тән заңдылық.

41

Көркем бейнені тұлғалауда қолданылатын типтендірудің үш түрін талдаңыз.
3 тәсілі бар. 1) әлеуметтік типтендіру тәсілі. Белгілі бір әлеуметтік топтың, қауымның шындығын, арманын, көзқарас танымын бір көркем бейненің тұлғаснда жинақтап таныту. Мысалы төл әдебиетімізде Әжібай, жоға нұрым, құнанбай, дәркембай, базаралы, тәңірберген, еламан, жәдігер, әзім секілді образдарды айтуға болады. Бұлар әр заманның әлеуметтік типтері. Дәркембай арқылы қарапаймы халықтың қасиеті де, қасіреті де танылады.
2) ұлтқа, халыққа тән озық ұлттық қасиет сапаларды, таным түсініктерді бір көркем бейненің тұлғасында жинақтап беру.
3) сатиралық типтендіру. Адам болмысындағы ұнамсыз, келеңсіз жайлар арқау болады. Әсіресе Абайдың сатиралық өлеңдеріндегі типтер осы аталған тәсілге озық үлгі бола алады.

42

Көркем шығармадағы тақырып пен идея түрлерін (негізгі, авторлық, объективті идея) талдаңыз.
Егер тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы дер едік.Анығырақ айтқанда, жазушы өзі бейнелеп, суреттеп отырған өмір құбылыстары арқылы оқырман назарын неге айдарса, қайда бағыттаса, сол – идея !Идеясыз шығарма болмайды және болуы мүмкін емес.
Авторлық идея – суреткердің о бастағы ой өзегі ; обьективтік идея – нақты шығармадан туатын мақсатты нәтиже. Бұл екуі ылғи бірдей бола бермейді. Дәлірек айтқанда, автор өзінің ойға алғанын жазу үстінде дәл өз ойыдағыдай жиақтай беруі қиын. Кейде тіпті авторлық идеяға обьективтік идея керағар кеп, қарама – қарсы шығуы да мүмкін.
Тақырып пен идея – әдеби шығарманың мазмұны. Ал әдеби шығарма мазмұнды болуы үшін, Ибсен айтқандай, әдебиетшінің өмірінің өзі мазмұнды болу қажет. Көркем творчество суреткердің өмір тарихымен тығыз байланысты. Сондықтан әрбір қалам иесі шығармаларының тақырыбын байыту үшін, алдымен, өзінің өмір тәжірибесін байыта түсуге тиіс. Ол үшін қаламгер өмірмен қоян – қолтық араласып, жиі – жиі сапарға шығып, халықтың қалың ортасына сіңіп кетуге тиіс.

43

Сюжет пен композициясын бірлігі мен өзгешелігін мысалдармен дәлелдеп қолданыңыз.
Композиция, сөз жоқ, сюжетпен тығыз байланысты: сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы, тәсілі. Бұлар да мазмұн мен пішін, не тақырып пен идея секілді біріне-бірі көшіп отыратын нәрселер. Сюжет-сюжет болу үшін оның барлық кезең-кезеңі түп-түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет. Композиция мен сюжет өзара бірлікте болғанымен, олардың өзіндік өзгешелігі де бар: 1) сюжет кез келген шығармада бола бермейді. Ал композиция барлық шығармада болады.
Өзіңдей ұяңсың сен ар – ұяттың
Өзіңдей қиялсың сен табиғаттың.
Өзендей көкірегімде ағып жаттың,
Жалындай көкірегімде жанып жаттың.
Кешкілік серуен құрып, бақта жүріп,
Сыр шерттің ақ жаныңмен ақтарылып:
Нұрымен көздеріңнің қалды сонда,
Жазылып жүрегіме автогрф.
(С. Мауленов).
2) композиция сюжеттің өрбу кезеңдерін жүйеге түсіріп қана қоймайды. Сюжеттен тыс нәрселерді де өзара қиюластырып, белгілі бір арнаға салады.

44

Композицияның сюжеттен тыс элементтерін (пролог, эпилог) талдаңыз.
Көркем шығармалардағы суреттелетін оқиалар туралы әңгіме әлі басталмас бұрын, жазушы, ақындар өлең не қара сөз түрінде сол жазылмақ шығарманың идеясын меңзейтін қысқаша таныстыру жазады. Ондағы мақсат – шығарманың идеялық бағытын оқушының дұрыс түсінуіне бағыт сілтеу.
Роман, әңгіме, поэмаларда кездесетін осы тәрізді бастама, таныстыруларды пролог деп атайды. Мысал үшін, А. С. Пушкиннің “Мыс салт аттысы”, “Кавказ тұтқыны”, С. Мұқановтың “Сұлушашы” т. б. поэмалардың прологтарын атауға болады.
С. Мұқановтың “Сұлушаш” поэмасы қазақтың ескі өмірін, ескі дәуірдегі әлеуметтік теңсіздікті, сүйегіне қолы жетпеген жастардың бастарында болған қайғылы халдерді суреттеуге арналады.
Пролог негізінде қысқс жазылады. Бірақ кейде едәуір ұзақ та болуы мүмкін. Ол автордың айтайын деген ой-пікірлерімен байланысты.
Шығармада суреттелінген оқиғалар әбден әбден аяқталып болғаннан кейін жазылатын автордың қортынды сөзін эпилог дейді. Пролог тәрізді эпилогтың да шығарманың құрылысымен тікелей байланысы жоқ. Роман, әңгіме, поэмаларда суреттелген адамдардың бірнеше жылдар өткеннен кейінгі тіршілік іс-әрекеттерінен ақпар береді. Кім қайда, не істеп жүр деген сұрақтарға жауап ретінде, автор олардың қазіргі жайларын баяндайды.
Эпилогтың шығарма құрылысымен тікелей байланысты болмаса да, идеясы жағынган байланысты. Егер пролог та шығарманың идеялық мазмұнын оқушыларды дұрыс ұғынуға бағыт сілтесе, эпилогта сол көркем шығармадағы автордың образ арқылы айтайын деген ой-пікірлерінің дұрыстығы дәлелденеді. Мысалы үшін С. Көбеевтың “Қалың мал”, Тургеневтың “Әкелер мен балалар” атты романдарындағы эпилогтарды алуға болады.

45

Эпикалық жанрдың жіктелуі (шағын, орта, кең көлемді) туралы талдаңыз.
Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр үш түрге бөлінеді: 1) шағын көлемді эпикалық түр; 2) орта көлемді эпикалық түр; 3) кең көлемді эпикалық түр. Қандай эпостық шығарма болсын, бәрібір осынау үш түрдің біріне жатады.
Шағын көлемді эпикалық түрге жататын әдеби туындыларда, негізінен, өмір шындығы бір немесе бірер ықшам эпизод мөлшерінде, адам тағдыры бір немесе бірер жинақы оқиға көлемінде ғана көрсетіледі. Оқиғаға қатысатын қаһармандар санаулы, олардың басынан өтетін құбылыстардың бәрі емес, кейбір үзіктері ғана суреттелетін болғандықтан, мұндай шығарманың көлемі де шағын, ықшам. Адам мінезі мұнда көбіне қалыптасқан, дайын қалпында көрінеді. Кейіпкер өмірінің көп бұралаңы – шығарма сыртында – баяндаудан да, суреттеуден де тыс; авторлық материал – нағыз қажетті детальдар мен штрихтар ғана. Шығарманың сюжеттік арқауы ұзақ желілі, арналы даму үстінде емес, қысқа қайырылған келте суреттер түрінде тізбектеледі; композициясы да – жинақы, үйірімді, ширақ. Шағын эпикалық шығармалар әдебиет тарихының әр кезеңінде әр сипатта болған. Мәселен, ежелгі көне дүниедегі бұл тектес көркем туынды – миф, одан кейінгі әр тұстардағы үлгілері – аңыз, ертегі, мысал, новелла т.б.[3, 296-297 б.].
Ал,орта көлемді эпикалық жанрдың түлеріне: повесть, поэма т.б. жатса, кең көлемді эпикалық түрге роман,эпопея т.б. жатқызуға болады.
Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғаты әр алуан: көлемді эпикалық шығармада өмірдің күрделі шындығы нақты көркем тұлғаларға жинақталып, олардың өзара қарым-қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылады.

46

Лириканың тақырыптық түрлерін жіктеудегі С.Мақпырұлы, Қ.П.Жүсіп пікірлерін қолданыңыз.
Лирика – көркем әдебиеттің өзге тектеріне қарағанда өміршең әрі жасампаз жанрлық сала ретінде танылып келеді. Серік Мақпыров: «лирикалық шығармаларды тақырыптық тұрғыдан жіктеуге болады. Мысалы, қоғамдық-әлеуметтік, саяси мазмұндағы өлеңдерді әдетте азаматтық лирика, өмір-болмыс сырлары жайлы толғанысқа құрылған пәлсапаық лирика, ғашықтық-сүйіспеншілік немесе жеке бастың сезім күйлерін толғайтын өлеңдерді ғашықтық, әйтпесе интимдік лирика, көңіл-күй лирикасы деу әдебиетте бұрынна бар» дейді.
Ал қуандық жүсіп: «әрине, лириканың жанрлық сипаты, жанр түрі ретінде дамуы сөз етілгенде, оның шартты түрде болсын ішкі бөлінісін: толғау, публицистикалық немесе шолу өлең, дидактикалық не үгіт өлеңі, арнау, хат өлеңі, сондай-ақ азаматтық лирика, көңіл-күй, табиғат, махаббат лирикасы болып тарамдалу мүмкіндігін ескеру қажет» деп жазады.

47

Әдебиеттанудағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымдарының айырмашылығын қолданыңыз.
Әдебиеттің әдеби дәстүр мен жаңашылдықтың өзара байланысы үнемі бірлікте қарастырылады. Дәстүр мен жаңашылдық - әдебиет пен өнердің даму барысында сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіретін ұғым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет