Әдебиет пәнінен қиын сөздер мен түсініксіз сөздерді оқыту жолдары



бет1/5
Дата07.04.2023
өлшемі57,28 Kb.
#80412
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Әдебиет пәнінен қиын сөздер мен түсініксіз сөздерді оқыту жолдары


Әдебиет пәнінен қиын сөздер мен түсініксіз сөздерді оқыту жолдары


МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ

3

1 ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

5

    1. Түсініксіз сөздерді меңгерту тәсілдері

5

    1. Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту жұмыстарының тиімді жолдары

12

    1. Әдебиет сабағындағы сөздік жұмысының маңызы

19

ҚОРЫТЫНДЫ

25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

27


КІРІСПЕ

«Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей стандартында» «сөйлеуге сай сөз қолдану іскерліктерін игерту» деген міндеттер қояды. Ал оның дайындық деңгейіне лексика бойынша мынадай талаптар қойылады. «Лексикалық терминдерді дұрыс ажыратып, орынды қолдана білу; сөздердің тура және ауыспалы мағынасының айырмашылығын білу; омонимдер, синонимдер, көп мағыналы сөздердің ерекшелігін білу»


Зерттеу өзектілігі. Оқушыларға сапалы білім беру қоғамның қай кезеңінде болмасын ең маңызды мәселелердің бірі. Әсіресе, егемендігіміздің іргесі берік қаланған қазіргі уақытта қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуға артылар жүктің салмағы ауыр. Ол оқушының өз ұлтының тілі мен ділін, мәдениетін, әдебиетін құрметтей білетін саналы азамат болып шығуына бірден-бір ықпал ететін факторлардың бірі. Әдебиет арқылы оқушының танымы кеңейіп, сөйлеу мәдениеті жоғарылап, тілді меңгеру деңгейі тереңдейді, туған елінің тарихымен, тұрмыс-тіршілігімен жан-жақты танысады. Ал бұның барлығын қазіргі заман талаптарына жауап бере алатын заманауи озық технологияларды ұтымды пайдалана отырып меңгерту педагогикалық процестегі аса маңызды іс. Әдебиет сабағында оқушыға көркем шығарманы бүкіл бітім-болмысымен меңгерту, түсіндіру үлкен ізденісті қажет етеді. Біз көбінесе шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына, образдар жүйесіне тоқталумен шектеліп қаламыз. Ал оның көркемдік ерекшелігін талдаудың өзі бір шығармашылық жұмыс. Мәселен шығарманы оқыған оқушы ондағы кейбір әдеби сөздердің мағынасын түсінбеуі мүмкін. Сол себепті шығармадағы жекелеген сөздермен жұмыс істеу қажет. 
Соның ішінде шығармадағы қиын және түсініксіз сөздерді теріп, олармен жұмыс істеудің өзі:

  • шығарманың идеялық-көркемдік мәнін талдауды тереңдетеді;

  • оқушылардың тіл байлығын молайтып, шешен сөйлеуге дағдыландырады;

  • оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамытуға көмектеседі;

  • шығарма тілінің мәнерлілігі туралы ұғымға қоса, автор тілі, кейіпкерлер тілі, жазушы стилі сияқты ұғымдарды меңгеруіне ықпал етеді. 

Сөздер жеке тұрып қолданылмайды, ол әркімге ақ белгілі, олардың қызметі, мағынасы сөйлеуде және сөйлемде анық көрінеді. Яғни бала игерген жаңа сөзін мейлінше өз ойын жеткізуде қолдана білуі тиіс. Берілген сөздерге қатысты бірнеше жұмыс түрлері сабақ барысында жүргізілгені абзал.
Сондықтан, оқушылардың дұрыс сөйлеу, сөздерді орынды қолдануының барлығы оның сөздік қорының аз-көптігіне тікелей байланысты. Оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алады. Ал бұл мектеп оқушыларының сөздік қорын байытуға арнайы жұмыстар жүргізуді талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет