Билет Геоэкология пәнінің маңызы



бет1/18
Дата21.12.2022
өлшемі54,68 Kb.
#58623
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

1 билет
1 Геоэкология пәнінің маңызы
Геоэкология және табиғатты қорғау пәнінің маңызы - қазіргі уақытта шығарылып жатқан заңды жүзінде ат салысу. Бұл пәнді оқи отырып геожүйенің түсінігін, оның басты элементтерімен байланыстарын, айырмашылығын, экономикалық факторлардың жергілікті жерге әсерін біле отырып Қазақстанды геоэкологиялық аудандастырып, геоэкологиялық жағдайын білу. 
2 Биосфераның қазіргі кездегі экологиялық жағдайы
Адамның іс-әрекеті жыл санап биосферадағы өтіп жатқан процестерге әсер етуде. Адамның іс- әрекет нәтижесінің биосфераға әсер етуі жөнінде кейбір мәселелермен біз алдыңғы тақырыптарда танысып өттік. Биосфера белгілі бір деңгейге дейін осы өзінде болып жатқан процестерді реттеп отыруға қабілетті. Бірақ, мұндай әсер етулер шектен тыс өсе берсе биосферадағы тепе – тендік бұзылып, экологиялық апаттарға әкеліп соғады.
Ғалымдардың есептері бойынша кеінгі кезде сотүстікте ауаның орташа температурасы ХІХ ғасырдың соңымен салыстырғанда 0,5-0,60 С-қа көтеріле бастағаны байқалады.
Биосферны зерттеуші ғалымдар ауа температурасының осылай көтерілуін атмосферада көмір қышқылының газының мөлшерінің көбеюімен байланысты деп түсіндіруде.
Экологиялық проблемалар жылу энергетикалық өнеркәсіптердеэнергия алумен де байланысты. Қазіргі кезде электр энергиясынегізінен су электр станцияларына, жылу және атом станцияларынан алынады.
Су электр станцияларының табиғатқа зияны жоқ сияқты болыпкөрінеді. Ал шын мәнінде бұлар табиғатқа да, адамға да орнатолмас зиян келтіреді. Ең алдымен:
1. үлкен өзендерде бөгеттер салу үлкен аймақтардың су астында қалып қоюына алып келеді, мұның өзі шабындықжерлердің жоғалуына әкеліп соғатыны анықталып отыр;
2. өзендерде бөгет салғанда балықтардың уылдырық салу үшін миграция жасауына кедергі жасайды;
3. су қоймаларында су тұрып қалады да ағысы төмендеп суда және су жағасында тіршілік ететін барлық тіріорганизмдердің тіршілігіне әсер етеді;
4. судың көтерілуі жер асты суларына әсер етіп, су жағасының балшыққа айналуына әкеледі, сонымен қатар, таулы өзендердегі бөгеттер жер сілкінісі жиі болатынжерлерде де қауіп төндіреді.
Экологиялық жағынан алып қарағанда атом электр станциясықазіргі энергетикалық кешендердің ішіндегі тазасы болыпсаналады. Бірақ жер бетіндегі тіршілік иелеріне өте қауіпті. Радиоактивті қалдықтар қалдырады. Көмірдің аздаған табиғирадиоактивтігі барын көп адамдар біле бермейді. Жылу электрстанциясында көмір өте көп жағылатын болғандықтан, радиоактивтік ластану атом электр станциясына қарағандажоғарырақ. Дегенмен, адамзат баласы өзінің тіршілігі мен аман саулығы орман экожүйесімен биосферасындағы байланысты екенің түсінді. Соңғы жылдар әлемнің көптеген елдерінде орман отырғызу жұмыстары қолға алына бастады. Оның ішінде ҚР территориясында іске асуда.
Қазіргі кездегі техника мен көп мөлшердегі энергияны пайдаланатын адамзат қоғамы жердің табиғатына ықпал ететін қуатты күш. Егер адамзат табиғаттың заңдылықтарын ескермей және миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан биологиялық апаттарға әкеліп соғатыны сөзсіз. Қазірдің өзінде адамдар өз іс – әрекеттерінің нәтижесінде бірнеше табиғи экологиялық аппатраға ұшырады және табиғаттың қазіргі жағдайы адамдарды қатты толғандыруда. Міне, сондықтан да қазіргі кезде экология осы табиғи дағдарыстардан шығуға жол көрсетуге көмектесетін ғылым ретінде ерекше маңызға ие болып отыр. Табиғаттың байланыстарының заңдылықтарын аша отырып, адамдар айналасын қоршаған сыртқы табиғи ортамен өздерінің қатынастарын қалай өзгертіп және ұйымдастыру керектігін тереңірек түсінуде. Бұл мүмкіндіктердің бәрі көбінесе, қоғамның әлеуметтік құрылымына байланысты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет