Сократтың адамның өз құндылықтарын тексеру əрекетімен жəне
Стоиктердің тұтас əлемнің азаматына айналу қағидаларымен тығыз
байланысты. Бірақ олар ұжданыңды мазалайтын, кейде қайта туындататын
сарындағы
туындыларды қосқанда, қиялға өте күшті қанат бітіретін
шығармаларсыз тумайды. Студенттерді Сократ өнегесіне адал болуға баулу
үшін біз олардың сыни ойлау қабілетін ұштауымыз керек. Осы тəжірибені
сезініп немесе бастан кешіріп қана емес, ол жайлы сыни сұрақтар қоюды
үйретуге тиіспіз. Сондай-ақ бұл таныс мəтіндерге
деген көзқарасты
дамытады. Бұл – бейнелеу өнері секілді ішкі толғаныспен астасатын сан
қырлы дүние емес. Осындай сыни көзқарас, əлдеқайда əріден, сонау
Батыстағы ежелгі грек трагедиялық фестивалінен тамыр тартып жатыр.
Мұнда өнер туындыларын бақылау іргелі азаматтық құндылықтар жайлы
уəждермен, дəйекті ойлармен тығыз байланысты.
Сондықтан да ол қайта
жанданды. Қазіргі кездегі бірқатар сыни еңбектерде суреттелген, олардың
арасында Уэйн Буттың «Біз құраған қоғам: əңгіме этикасы» (
The Company
We Keep: An Ethics of Fiction
)
деген
тамаша еңбегі де бар.
11
Бут
біздің
назарымызды ежелгі грек мəтіндеріне аударып, оқырманның əдеби
туындымен өзара байланысы үшін құнды метафора ұсынады. Сұрақ
мынадай: менің көзқарасымда бұл достықтың мəні қандай? Жаңа досым
менен нені байқауды, нені қалауды, не үшін қам жеуді сұрайды? Ол
мені
өзімнің бауырларыма қалай қарауға шақырады? «Кейбір романдар, – дейді
ол, – адамдарға қатысты арзан цинизмге (
қоғамда орныққан нормалар мен
дəстүрлерге ашық жиіркенішпен қарауды білдіретін ұғым. – Ред.
) жол
ашады жəне бізді айналамыздағыларды жек көруге дейін əкеледі.
Кейбіреулер бізді адамдық қасиетті кемсітетін рақат пен толқудың арзан
сенсациялық түрлерін жетілдіруге мəжбүрлейді. Ал кейбіреулер, керісінше,
кісі алдындағы құрмет деп атауға болатын сезімді көрсетеді,
12
яғни мəтінде,
сонымен бірге, бəлкім, бейнеленген кейіпкерлер арасында алуан түрлі адам
мақсаттары мен армандарын суреттейді».
Бут осы сыни көзқарастың шығармаға тереңдеумен барынша үйлесетінін
ұғындырады. Оның идеясы тереңдеу мен тəжірибе сыни бағалаудан бұрын
келеді, дұрысы, оны негіздейді дегенге саяды. Демек, біз басқалармен
сұхбат жүргізген кезде сыни көзқарас ұстануға тиіспіз. Бұл түсінік өзімізді
толықтырып, əрі үндеу тастайтын болады. Ол мұның ортақ жəне
салыстырмалы сипатын нақтылау үшін «бірлескен» үдеріс деп атайды. Осы
үдерістің арқасында біз шығарманы оқып отырып,
қалай жетілгеніміз
жайлы түсінік қалыптастырамыз. Бұл ұғым əдеби тəжірибе сипатына һəм
оның өміріміздегі маңызына сəуле түсіреді. Бут дəрісхананы мұндай сыни
белсенділік үшін үлгілі (
Достарыңызбен бөлісу: