Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет38/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

суық пастораль
»
,
таза жəне шынайы өнер, мұнда «үнсіз
форманың» ызғарлы тыныштығы бар, бұл белгілі бір деңгейде оның өзін де
қалтыратады. Төртінші шумақтың соңғы жолдарында əсіресе соңғы үш
шумағында… «менің ойымша, əрбір оқырман қайғының, құлазыған
көңілдің астарын түсінеді». Ол жерде жасырын мағына бар, алайда Китс
«өзі ойлаған жерден асып» кете алмады. Китстің қатынасы алдыңғы
шумақтарда Гэрродтың ойлағанынан əлдеқайда күрделірек жəне əлдеқайда
келемежге толы, мұны түсіну соңғы шумақты «Оданың» барлық
бөліктерімен байланыстыру үшін маңызды. Сүйіспеншіліктің тыйым
салынған сəті оны тежегендіктен ғана, шынайылықтың құбылмалы əлеміне
қарағанда, барынша үдемелі сипатта болатындығын Китс жақсы түсінеді.
Құмырада бейнеленген махаббат суымаған: шоқтың табындай қызулы
қалпында сақталады. Оның адамзатқа қатысы жоқ, бірақ суық əрі ежелгі


мəрмəр қалпында қалады. Төртінші шумақта біз əлі де құмырада
бейнеленген əлемде отырмыз, алайда бұл шумақта бейнеленген жер
бұрынғы шумақтардағы суреттерге кереғарлық туындатады. Ол тұлғалық
шабыт пен тілекті емес, ұжымдық өмірді баса айтады. Бұл – «Орман
тарихшысы» айтуға тиіс тарихтың жаңа бөлімі. Бұл жердегі оқиғаларда
атаулар мен уақытты нақтылап, тілге тиек етпеген. Бізге рəсімнің қай
Құдайдың альтарінде (құрбандық шалатын орын) атқарылып жатқаны, не
болмаса құрбандықтың нендей себеппен шалынатыны жөнінде де еш нəрсе
айтылмайды.
Сонымен бірге мерекеге қатысушылардың қай қаладан келетіні де
белгісіз. Ақын ол жерді анықтау үшін бізге мол мүмкіндік қалдырып отыр.
Бұл таулы аймақтағы қала болуы немесе өзен жағалауындағы қала яки
шағын ғана айлақты қала болуы да мүмкін. Дегенмен, əрине, қаланың
жалпы табиғаты – қаланың басты белгісі сипатталып отырған құмыра
арқылы сездіріледі. Бірақ бұл анық емес. Ақын біздің қиялымызға ерік
беретін мол кеңістік ұсынады. Алайда шумақтағы елестету мен ырғақ
қаланы айтарлықтай анық сипаттайды. Ол – шағын əрі тыныш мекен, оның
тұрғындары өзара ынтымақты ұйым ретінде, бір-бірімен тығыз байланысты
əрі оның халқы осындай «қаралы сəтте» рəсімге қатысу үшін көшеге түгел
шығады.
Шумаққа риясыз сүйсінесіз. Оның əдемі əсері кез келген формуламен
шектелуді теріске шығарады. Дегенмен кез келген механикалық формадағы
əсерді есепке алуға тырыспай-ақ, осы əсерді сақтауда белсенді қызмет
атқаратын бірқатар элементтерді атап өтуге болады. «Жасыл алтарь»
дегендегі «жасыл» сөзінің «табиғи», «аяқ астынан», «тірі» деген сияқты
көптеген мəндері бар. Теңіз жағалауының бір қалтарысында қалып қалған
шағын қала немесе тау бөктерінде орналасқан қала қандай жағдайда да
оқшауланған һəм қоршаған табиғатпен үйлесімді түрде байланысқан.
«Тыныш қамал» деген сөз орамының (фразасының) жағымды əсері бар.
Аталмыш тіркесте соғыс жəне бейбітшілік идеялары арасындағы өзара
қақтығыс та сезіледі, дегенмен ол бұл қақтығысты тұрақтылық пен
империалистік амбициядан ада тəуелсіздік пайдасына шешеді, содан барып
тұрақты да жайлы тыныштық сезімі туындайды.
Поэманың мысалына кеңінен тоқталсақ: Китс осы төртінші шумақта өте
қызықты, құмыраның тарихшы екенін көрсететін бір нəрсе ойлап табады.
Поэмадағы ең бір үдемелі тұстардың бірі – ақынның кішігірім қаланың
таңғажайып иесіздігі, қаңырап бос қалғандығы туралы ой-толғанысы. Бұл,


əрине, құмыраның өзінде бейнеленбеген.
Құмырада бейнеленген, рəсім арқылы көрінетін кішігірім қала поэмада
шебер ұшқырлықпен суреттелген. Оның көшелері «үнемі / тыныш
болады», ал оның бос болуы əрқашан да əлдебір құпияға толы. Рəсімге
қатысқандардың ешқайсысы қалаға қайтып барып, ондағы тылсым
тыныштықты бұза алмайды. Тіпті ол жерде ешбір жан бейтаныс адамға
қаланың бос қалуының себебін түсіндіріп бере алмайды.
Егер, кімде-кім, Китстің бұл жерде не істеп жатқанына зер салып
қарайтын болса, онда ол ақынның шексіз қиялға батқанын аңғарар еді.
Дегенмен бұл ынтызарлықтың сұрауы жоқ əрі орынсыз, яғни ақын өзінің
қиялындағы құлшылық етушілердің рəсіміне арналған қаланы ойлап тапты.
Ол бос қалу мен жалғыздыққа ерекше сипат беріп, оны шынайы қала
ретінде қабылдауға жəне оған бейтаныс адам шынымен де тап болған
жағдайда, қаңырап қалған қалаға таңырқап қарауына да мүмкіндік берді
(мен бұл жерде осы шумақтарды түсіндірудің басқа жолын көріп тұрған
жоқпын «жəне оны айтып беретін бірде-бір жан жоқ»). Шындығында,
қаланы Китстің белгілі бір əрекет арқылы тапқаны болмаса, оның
құпиясын ешкім, ешқашан аша алмайды. Турасын айтқанда, баяндалып
отырған құмыра арқылы қаланың неге бос қалғанын сұрау қажетсіз. Бұл
тұста, XVIII ғасырға тəн сыншының логикадағы осы қателіктен қандай
шешім шығаратынын болжауға болады.
Осылай бола тұра, Китс қиялының шарықтап дамуының жалпы поэмаға
еш қатысы жоқ екенін дəлелдеу аса қиынға соқпайды. Кішігірім
қалашықтың «шынайы» бейнесі тарихи құмыраға дəлме-дəл келіп тұр.
Бұған дейінгі тараулар динамикалық қым-қиғаш əрекеттерді бейнелеу,
кернейлердің үнсіздігін дыбысты əуеннен де əуезді етіп, ғашықтардың
келбетін бойдағы тулаған қан мен шарпыған демнен де ыстығырақ етіп
сипаттау сияқты парадокстарға толы болса, бұл тараудағы қалашық та
шынайы қалаларға қарағанда, əлдеқайда маңызды, бай қала ретінде
сипатталған. Шынында, қиялдағы қала сазгердің кернейінде ойналған,
бұрын-соңды адам естімеген əуезді əуендей болып естіледі. Ақынның
қалашыққа шынайы сипат бере алғаны сонша – қалаға алғаш келген
бейтаныс адам арқылы көшелердің өлі тыныштығын дəл жеткізе білген.
Құдды, дəрігердің өзі жасаған дəрісін өзі ішкеніндей, ақын да өз қиялының
тұңғиығына рахаттана сүңгіп кеткен.
Бесінші шумақта біз құмырада бейнеленген тамаша əлемді тастап,
құмыраның өзін бүтін нысан ретінде қарастыруға көшеміз. Көзқарастың


бұл қырын шумақтың бірінші жолындағы «О, аттикалық форма»
дəйекшесінен (апострофынан) байқауға болады. Бұл жерде құмыра ақын
сөзін арнап отырған дербес əлем ретінде бейнеленеді. Сонымен қатар
ақынның бізді баурап алған немесе біз құмартып тұрған əлемі құмырадағы
көркем мотивтерде «мағынасыз /мəрмəр еркектер мен қыздар» бейнесінде
қатып қалады. Өмірден де биік ғұмыры бар тіршілік, «адамзат
құштарлығының бүкіл жан жүйені баурап алған тыныс-тірлігі», ақырында,
мəрмəрға айналады.
Соңғысы, əрине, ақынның ешқашан теріске шығармаған мəселесі. Өзіміз
көргендей, ерлер мен əйелдердің тас мүсін боп қатып қалғандығын,
өзгеріссіз қалуын, сонымен бірге тұтқындалғанын мойындау екінші,
үшінші жəне төртінші шумақтарда ирониялық астарлы үрдіс ретінде
беріледі. Поэманың ең негізгі парадоксі «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет