Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет48/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   369
antithesis
) жасау
үшін метафораны негізге алу дегеніміз – ағылшын тілін көзге ілмеу, жеке
адамның дəлелін қоғамдық дəлелден, яғни сыртқы əсерді ішкісінен артық
қою деген сөз.
V
Дəлел түрлерінің айырмашылығы тарихи сыншыларға ғана емес, қазіргі
таңдағы ақын мен əдеби сыншыға да аса маңызды. Ақын үшін сыншының
кезекті сынына ілігу мұқалтып я болмаса тың шабыт шақырып, қайта
жігерленуіне əкелуі мүмкін. Олай болса, өткен шақ ғалым мен сыншының
саласы, келер шақ пен осы шақ ақын мен сыни көшбасшылардың талғамы
болғандықтан, біз əдебиеттану саласындағы əдейі қателесулерді үдемелі-
прогрессивті тəжірибе əлемінде қарастырылатын мəселелерге сəйкес келеді
деп айта аламыз.
Мысалы, Элиот поэзиясында көтерілетін «тұспалдау» мəселесіне қатысты
жалған пікір «əдейі қателесу» болуы мүмкін. Элиот пен басқа да
ақындардың поэзияларында əдеби тұспалдаудың жиілігі мен оның мəнінің
тереңдігі көптеген адамдарды «Алтын бұтақ пен Елизабет» драмасындағы
толыққанды мəндерді қарастыруға негіз болып, ақынның жазбаларын жан-
жақты зерттемейінше, оның не айтып отырғанын біле алмайсың деген
ортақ пікірді қалыптастырды. Аталмыш тұжырым алдын ала нəтижелерін
білуге болатын Ф.O.Маттиссеннің пікіріне негізделген, сонымен бірге ол
мүмкін болатын қиындықтар туралы айтады:
«Кімде-кім осы жолдарды аса мұқият тыңдап, ол жолдардағы көңіл күйдің өзгергенін
сезімталдықпен сезіне алса, онда ол шынайы Темза мен оның идеалдандырылған көрінісінің
арасындағы, бұрынғы дəуір мен қазіргі мегаполис заманындағы айырмашылықты, Спенсердің өзі
қаншалықты мойындағанына қарамастан, бəрібір сезінер еді».
Элиоттың меңзеген нəрселерін тұспал арқылы түсіне аламыз, ал білмесек, осы жолдар арқылы
ұғынуға мүмкіндік туады.
Кейде осы өлең жолдары нені меңзегенін бірден ұғамыз. Тіпті өзіміздің алған біліміміздің
негізінде көкейімізде осы өлең жолдарына қатысты сұрақтар туындайды. Мəселен, Маттиссен
мырзаның Уэстон ханымның кітабы туралы «Құнарсыз жер» (
The Waste Land
) поэмасына баға
берген кезде, «оның əрбір сипаты маңызды болып саналады, бұл поэманың құрылымына,
Элиоттың əрбір жазбасына назар аудару керек» дегені бар.
Осы тұрғыдан қарағанда, Элиоттың поэмадағы əңгіменің арқауын қайдан
алғаны маңызды болмай қалады (Уолтер Скотт мырзаның бөлім
эпиграфтарын «ескі пьесалар» мен «анонимді» авторлардан алғанындай,
немесе Колридж 
«Ежелгі теңізші»
үшін маргиналды түсініктемелерді


жазғанындай). Данте, Вебстер, Марвелл немесе Бодлерге қатысты
аллюзиялар күмəнсіз бір мағына береді, өйткені бұл жазушылар өмірде
болған, бірақ мұндай аллюзияны бұлыңғыр Елизавета үшін қолдану
күмəнді:
Керней мен мотордың даусы көктемде
Суиниді миссис Портерге жеткізгенде.
Джон Дэйдің нұсқасын 
қараңыз
, «Аралар парламентінде» (
Parliament of
Bess
)
 
Элиот:
Құлақ түрдік дүбірлерге дүрліккен,
Керней үнін дыбыстайды қыр біткен.
Актеонды Дианаға алып келді нұр көктем,
Аңшылар да аңтарылды алмай дем,
Ақ денесін көргенде оның үр біткен... (А.Ə.)
Бұл жердегі көңіл бөлуге тұрарлық маңызды сөз – сода салынған жылы
суға аяқтарын жуған Портер мырза мен оның қызы жайындағы жазбадағы
«баллада» сөзі. Егер кімде-кім осы жолдардың «балладалық» қасиетін
сезіне алса, онда бұл жазбаның қажеті аз болар еді. Түптеп келгенде, біздің
зерттеуіміз 
осы 
сияқты 
жазбалардың 
шындыққа 
жанасатын-
жанаспайтынын зерделеп, туындының тұтастығына баса назар аударғаны
жөн. Өйткені олардан жоғарыда аталған поэмадағы кейбір сөздердің
мағынасы туралы нақты ақпарат алуға болады. Маттисен мырзаның
пайымдауынша, «бұл жазбалар – Элиоттың өз поэмасының əсерін
бəсеңдету мақсатында, мəтіннің ішінде байланыстырушы көлемді
сілтемелерді келтірмес үшін төлеген ақысы». Алайда жазбалар мен оларға
деген қажеттілікке күмəнмен қарауға бола ма? Поэманың өзегіндегі
драмалық жəне поэтикалық материалға құрылған түсіндірменің жетіспеуі
автордың 
үлкен 
тəуекелге 
барғанын 
айғақтайды. 
Ф.У. 
Бэйтсон
«Теннисонның «Теңізші бала» (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет