Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет119/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Ескертпе
1. N.S. Spence, «A Hardy Perennial: The Problem of 
la langue
and 
la parole
», Archivum
linguisticum 9 (1957), pp.1–27.


ҮШІНШІ ТАРАУ
Жалпы тіл білімі курсы
Фердинанд де Соссюр
Соссюрдің шәкірттері оның жалпы лингвистика
 
бойынша оқыған дәрістерін жинақтап,
«Жалпы лингвистика курсы» (
Course in General Linguistics,
1916) кітабын жарыққа шығарған. Бұл
– XX ғасырдағы лингвистика саласындағы ең маңызды еңбектердің бірі. Соссюр өзінің
интеллектуалдық күш-жігерін антропология мен әлеуметтанудан бастап, философия мен
мәдениеттануға дейінгі
 
бірнеше салаға жұмсады.
Дәрігерлер ағзаны емдеуге қалай қараса, Соссюр да тілді солай қарастырды. Ол тілдің
күнделікті өмірде қалай жұмыс істейтінін зерттеуден гөрі оның негізгі ерекшеліктерін
сипаттауды дұрыс деп тапты. Сөз арқылы заттарға атау беріледі, бірақ
 
тілді айрықша етіп тұрған
нәрсе ол емес. Керісінше, сөз тілдің қызмет істеуіне мүмкіндік беретін, бір-бірімен бірегей
тәсілдер арқылы байланысқан бөліктерден тұратын оның өзіндік болмысын көрсетеді.
Соссюр тілді сөйлеу қарым-қатынасының нақты тәжірибесі (біз оны 
сөйлеу
деп атаймыз)
дегеннен гөрі жүйе (немесе 
тіл
) ретінде барынша абстрактілі түрде сипаттауды қалады. Ол үшін
тілді неғұрлым жүйелі түсіндіру маңызды болған еді. Барлық сөздер – таңба, бірақ олар
заттардың таңбасы емес. Сөз ретінде тиісті міндетін
 
атқару үшін олар екі бөліктен немесе екі
деңгейден тұруы керек. Таңбалаушы – сөзді айтқан кездегі біздің дыбысымыз, яғни дыбыспен
белгі беріп, таңбаны қалыптастырамыз. Таңбаланушы бейне немесе идея біздің ойымызда
дыбыспен байланысты көрініс табады. Одан әрі Соссюр таңбалардың айырмашылықтар мен
байланыстар тізбегінде болатынын тұжырымдады. Біз дыбыстардың айырмашылықтары
арқылы 
cat
(
мысық
)
 
сөзінің мамық жүнді үй жануары екендігін, ал 
hat 
(
қалпақ
)
 
сөзінің баскиім
екенін білеміз. 
Cat
сөзінің дыбысталуы жануарды білдіре ме, әлде киім үлгісін білдіре ме,
мәселе онда емес. Мәселе оның дыбысталуында; оның басқа дыбыстардан ерекшелеп тұратын
дара дыбыстық бірегейлігі бар. Яғни 
кәт, хәт 
сөздерінің дыбысталуы ұқсас. Кейінгі
постструктуралист ойшылдар үшін мәнді болған пікір де осы – «тілде тек айырмашылықтар ғана
(немесе пән сөздері, терминдер, арасындағы байланыс) бар да, бірегейлік жоқ» деген тұжырым
еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет