Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет17/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   369
Бенедетто Кроче
: «Енді ойда берік орнығуға тиіс алғашқы пікірдің мəніне келсек: интуитивтік
(сезімдік) білім иелікке мұқтаж емес əрі өзгеге иек сүйемейді; ол басқалардың көзқарасына
тəуелді емес, өйткені оның өзіндік көзқарасын қалыптастыра алатын ой көздері бар. Əрине,
интуициямен аралас ұғымдарды табуға болады. Бірақ көптеген басқа интуицияларда мұндай
қоспаның белгісі жоқ, бұл оның дəл осы қалпында болуы міндетті емес екенін айғақтайды.
Суретші туындысындағы ай жарығы көрінісінің əсері, картограф құрастырған жердің сызбасы,
нəзік немесе жігерлі музыка əуені, қисынсыз лириканың сөздері немесе күнделікті өмірде біздің
өтініп, бұйырып
 
немесе жылап-сықтап айтқан сөздеріміз зияткерлік
 
парасатты қарым-қатынасқа
ешбір қатысы жоқ интуитивті ой əрекетіне құрылуы əбден мүмкін. Бірақ осы жағдайда не
болатыны жайлы ойланғанда, өркениетті адамның ой-түйсігінің басым бөлігі ұғымдармен
қаныққанын дəлелдеу мүмкін болса, алдымызда одан да маңызды жəне нанымды əлденені
көруіміз мүмкін. Басқа интуициялармен бетпе-бет келіп, қосылып кеткен тұжырымдамалар
араласып, сапырылысып кеткендіктен, тəуелсіздігі мен автономиясынан айырылып қалады да,
ұғымдық мəні жойылып кетеді. Олар əу баста өзінше ұғым болған еді, бірақ қазір интуицияның
қарапайым элементтері болып қалды. Трагедия мен комедия кейіпкерінің аузымен айтылған
философиялық ойлар ұғым үшін емес, осы кейіпкердің мінездемесін ашу үшін қызмет атқарады;
мұнда салынған бейнедегі қызыл түс физикалық қызыл түсті білдірмейді. Ол – портреттің
сипаттық элементі. Тұтастай алғанда, бұл детальдің сапасын анықтайды. Өнер туындысы
философиялық тұжырымдамаларға толы болуы мүмкін; ол философиялық диссертациядан да өте
бай терең мазмұнға ие, əрі өз кезегінде сипаттаулар мен интуицияларға толы болуы əбден мүмкін.
Алайда
 
болуы мүмкін барлық тұжырымдамаларға қарамастан, өнер туындысының нəтижесі
интуиция 
болып 
табылады 
жəне 
бүкіл 
интуицияларға 
қарамастан, 
философиялық
диссертацияның нəтижесі тұжырымдама болмақ. «Некелескендер» (
Promessi Sposi
) атты тарихи


романда
 
этикалық
 
сынақтар мен айырмашылықтар молынан кездеседі, бірақ толық
 
нəтижесінде
өзінің қарапайым тарихына, интуициясына қатысты сипатынан
 
айырылмаған. Шопенгауер сияқты
философтардың еңбектерінде кездесетін осы сипаттағы күлкілі əңгімелер мен сатиралық
шығармалар бұл еңбектердің интеллектуалдық трактаттарға тəн ерекшелігін жоққа шығармайды.
Ғылыми жұмыс пен өнер туындысының арасындағы айырмашылық немесе интеллектуалдық
шындық пен интуитивті шындық арасындағы айырмашылық авторлар анықтаған əртүрлі
нəтижелерге байланысты. Бұлар осы жеке салалардың əрқайсысын өзінше дəйектеу арқылы
көрсетеді».
Феноменология XX ғасырдың ортасында айрықша ықпалға ие болды. Бұл
кезде ақыл-ой интуициясын қамтыған таза идеялардың басым болуына
айрықша мəн беріліп, күнделікті тəжірибе ағыны мен тұлғааралық ақыл-ой
шарпысуымен жəне оқу əрекеті құралдарының көмегімен оны саналы
түрде түсінуге алып келді. Швейцарлық феноменолог Жорж Пуле АҚШ-қа
дəріс 
беруге 
келгенде 
бірқатар 
ғалымдарға, 
соның 
ішінде,
феноменологияны «оқырман сынына жауап» ретінде қайта
 
қарастырған
Стэнли Фишке де ықпалын тигізді».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет