сипатында) жəне метонимия (ойдан шығарылған əңгіме сипатында),
лингвистикалық формалардың
жəне когнитивті үдерістер мен афазия
(aphasia)
сияқты ахуалдың байланысын зерттеуді ерте бастан құптады. Ол
антрополог Клод Леви-Стросс сияқты француз ойшылдарын Соссюрдің
идеяларымен таныстырып, мəдениетті лингвистиканың құралдары мен
əдістерін пайдалану арқылы структурализм деп аталатын қозғалысты
бастауға ұйытқы болды. Леви-Стросстың
мифтің құрылымына арналған
зерттеу еңбектері айрықша ықпалды болды. Ол əртүрлі этникалық
мəдениеттердің
жүздеген мифтерін салыстыра келе, олардың ортақ
құрылымдық бөліктерден тұратынын анықтады. Владимир Пропп ертегілер
арасындағы құрылымдық ұқсастықтарды тапты, олардың барлығы да ұқсас
нарративті жүйеге құрылады, яғни кейіпкердің сапарға аттануы,
қиыншылыққа тап болуы,
ғайыптан көмек келуі, ақырында арман-
мұратына
жетуі.
Леви-Стросс
мифтердің
осындай
құрылымдық
ұқсастықтарының болуы олардың жалпыадамзаттық ортақ мəселелермен
байланысты болуында деген болжам айтты. Бұл
ертегілер мен хикаяларға
қатысты мəселе əдебиетті құрылымдық тұрғыдан зерттеудің өзегіне
айналды.
Жерар
Женетт
жəне
Цветан
Тодоровтың
ой-пікірлері
«нарратология» ғылымының дамуына алып келді. Таңбаларға құрылған
семиологиялық жүйедегі құрылымдық лингвистиканың мəнділігі Ролан
Барт сияқты француз теоретиктерін де лингвистикалық құралдардың
көмегімен мəдениетті зерттеуге құлшындырды. Барттың қысқаша
«мифологиялары»
көпшілікке
танымал
мəдениеттің
жарнамалық
хабарландырулар мен жолнұсқа сияқты таңба
белгілерді қолдану арқылы
белгілі бір мағынаны білдіретін таңбалар жүйесінің
қырларын
қарастырды.
Еуропалық əдеби сын теоретиктері əдебиетті зерттеуді
барынша
ғылымиландыруға тырысқан кезде, америкалық теоретиктер əдебиетті
ғылымға қарсы қоюды дəлелдеуге тырысты. Ғылымда сөздер нақты бір
ғана мағына білдіреді, алайда əдебиетте Клинс Брукс сияқты жаңа
сыншылар
əдеби
шығарманың
контексіндегі
сөздердің
орналастырылуының əсері рухани тұрғыдағы қосымша коннотативті-
үстеме мағынаға алып келуі мүмкін болатынын пайымдады. Ғылым
нақтылы
заттардың атын тура атап, шындықты іздестірген кезде, əдебиет
ирония мен
парадокс сияқты сөздердің өзара мағыналық байланысуына
құрылған күрделі троптарды қолдану арқылы шындықты жеңілірек
сипаттауға
қол жеткізеді.
Туындаған жаңа мағыналар сенсорлық объектіге қарағанда, ғылыми
лексиканың көмегімен (сөздікті қолдану арқылы) ғана нақтылы атауға
болатын абстрактылы идеяларға ұқсайды.
Жаңа сыншылар идеалистік
дəстүрді əдіс пен формаларды зерттеуге бағытталған
(өнерді кез келген рух
пен сананың көрінісі
ретінде таныған) жаңа қозғалыспен
біріктірді.
Олар
«мұқият оқуды» жақтады немесе жекелеген əдеби шығармалардағы бейнелі
образдар мен олардың
мағынасын көрсететін күрделі əдістерді бірлікте
алып зерттеуге көңіл бөлді. Клинс Брукс сөз мағынасын шыңдау үшін
қарапайым сөз қолданысы поэзияның қыспағында қалай тарылғанын атап
көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: