Әдебиет теориясы. 1-том


Желілер: классикалық жазбалар мен постклассикалық көзқарастар



Pdf көрінісі
бет185/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Желілер: классикалық жазбалар мен постклассикалық көзқарастар
Бремонд атап көрсеткендей, Пропп үшін негізгі бірлік немесе «нарратив
атомы» – функция. Нарратив функциялары – «желіде шоғырланған кезде
нарратив тудыратын» əрекеттер мен оқиғалар («Logic» 387). Пропптың
тұжырымына сүйенсек, функция дегеніміз – «кейіпкердің əрекеті; кейіпкер
əрекеті өрбіген сайын оның маңызы айқындала түседі» (21). Олай болса,
əрекет функция ретінде көрінеді. Функциялар желілерді, ал желілер
əңгімені, немесе Пропптың сөзімен айтқанда, орыс ертегілерін құрайды.
Альгирдас Жюльен Греймастың Пропптан алған бейнелеуіш лексикасына
жүгіну үшін əңгіме яки ертегіні актант жиынтығында талдауға болады.
Оның дискурстың синтагмалық тізбегінде бірізді жүзеге асатын нақты
əрекеттері актант қызметтерінің дерексіз үлгілерін, яғни нарратив
барысында 
жасалған 
нақты 
əрекеттерді 
байланыстыратын
парадигматикалық қатынастар арқылы қалыптасатын үлгілерді кодтайды
(
Greimas,
147–48, 176–256; 
қараңыз

Lévi‐Strauss,
812–16). Мұндай актант
рөлдерінің – қаһарман, зұлым, жіберуші, қабылдаушы т.б. кейіпкерлердің –
логико-семантикалық қасиеттері «сюжет» деп аталатын, енді бой көтеріп
келе жатқан бірліктің ішіндегі функциялық бағдарынан бастау алады.
Пропп дəстүрінде 
нарратив желілері 
– нарратив дискурсында тілдік не
мəтіндік тұрғыдан жүзеге асқан əрекеттер мен оқиғалардың көрінісі.
Мəселен, 6-мысалдың желісін əңгіме дей алмаймыз (тіпті қарапайым
дерлік болса да), мұнда Ұзынтұра Томас соқыр анасы (жай ғана (
or not
simply
) біліп қоймасын деп үрейленіп, Мэри Далтонды қылғындырады.
Мұндай парафраз актант байланыстары желісімен ықшам түрде ғана
(
elliptically
) байланысады. Мұндай желі 6-мысалдың құрылымындағы
функциялар ойынын басқарады. Ол, өз кезегінде, дəл осы актант
құрылымының 
нарратив желісін 
құрайды.


Дегенмен бұл үлгі тілдік немесе мəтіндік бірліктерді кез келген нарратив
желісін жүзеге асыратындай көрінетін функциялармен қалай салыстыруға
болатынын аңғартпайды.
6
Ойлап қарағанда, пішіндік бірліктерді функция
мен рөлдермен үйлестіру əрекеті айқын көрінер еді жəне біртекті өнімді
нəтижелерге қол жеткізер де еді. Бірақ 6-мысалдағы Ұзынтұра Томастың
əрекетінің функционалды сипаты, мəселен, бəсекелес тіпті қарама-қайшы
түсіндірмелер жасау үшін барынша əртекті екені байқалады.
7
Нарратив
желісінде Ұзынтұра бір мезетте зұлым əрі қаһарман, агент һəм пациент
бола алады (Райттың романының дəрісханада қызу талқыланғанынан аз
уақыт бұрын куə болдым). Пропп ертегінің жанр ретіндегі құрылымымен
байланысты шектеулерді табуға, кез келген ертегіде өтетін функциялар
тəртібін алдын ала анықтауға тырысты. Мұндай шектеулер оқушыға
əрекеттерді функциямен тек арнайы түрде ғана салыстырып қоя салмай,
ізденуге жол ашады. Функциялар əртүрлі ертегілерде болмаса да, немесе
теріс сипатта көрінсе де (
Mandler and Johnson,
129–35, 
Stein,
494–96),
морфологиялық тұрғыдан зұлымдықтан (А) немесе жоқтықтан (а), қосалқы
функциялар арқылы үйлесуден (W*) немесе желінің күрмеуі ретінде
қызмет ететін басқа функциялардан өрбіп шығатын кез келген оқиға
дамуын ертегі (
skázka
)
 
деп айтуға болады. Ұғымдық (
terminal
) функциялар
кей уақытта марапаттау (F), жеңіс немесе бəленің мүлдем жойылуы (К),
қуғыннан қашу (Rs) т.б. түрінде кездеседі» (Propp 92). Бірақ бұл шешім
қымбатқа түсті. Ол үлгілерді нарративтің белгілі бір жанрларына қатты
бекітіп тастап, олардың өзектілігін аяусыз шектеді (Bremond, Logique 11–
47, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет