телевизиялық баяндау сарынының кейбір формаларының өз шектеулері
мен мүмкіндіктеріне сəйкес жұмыс істейтінін əйгілейді. Мұны өткен
онжылдықтың кабельдік стильдегі 2007–2015
жылдар аралығында эфирде
жүрген «
Есалаңдар
»
үлгісіне көз жүгірту арқылы бағамдай аламыз.
Кез келген телевизиялық шоу сияқты,
«Есалаңдар»
– ауқымды
ынтымақтастықтың өнімі, бірақ оның креативті авторлығы бұрын желілік
комедиялармен əрі
«Сопрано»
телехикаясымен айналысқан көрнекті
продюсер Мэттью Уэйнерге тиесілі делінеді.
2
AMC
негізгі кабелдік
арнасының брендтік бірегейлігіне (фирмалық стиліне) шырай беретін
«Есалаңдар»,
табысқа жеткен өнім ретінде, телевизияда түпнұсқа
драмалары көркем сериалдарының стандартын орнатқан HBO жоғары
сапалы кабелінің əдістерін пайдаланды. Ол көп жағдайда HBO арнасының
стиліне жүгінеді.
HBO арнасына қарағанда, жарнамаға иек артқан AMC (American Movie
Classics) телеарнасы
«Есалаңдар»
хикаясының эпизодтарын коммерциялық
үзілістер арасындағы сегменттерге бөледі. Əу
баста эпизодтар анық
жазылған, бірақ бұл үзілістер ойша есепке алынбай түсірілген. Мұнда
көптеген кабельдік сериалдар тəрізді, əдепкі хабар тарату желілеріндегідей,
маусымдық сериялар 22 немесе одан да көп эпизодтардан тұрмайды. Ол тек
он үш эпизодтан құралған (жетінші маусым он төрт эпизодтан, жеті
эпизодтан құралған екі бөлікке бөлінген). Кабельдік драманың осы екі
конвенциясы, яғни үзілістердің болмауы һəм қысқа маусымдық көрсетілім
– конвенцияның коммерциялық логикасының жемісі. Мұндағы табыс
тікелей эфирді тамашалап жатқан көрерменнің
көптігімен анықталмайды,
хикаяда аудиторияны жинау үшін қолайлы сəттер туса да, аудитория аясы
анағұрлым аз болады. Бірақ желілермен салыстырғанда, кабельдік арналар
кабельдік немесе спутниктік провайдерлер тарапынан жан басына табыс
табады («тасымалдау төлемі»). Сондықтан ондай арналарды тұтынушы
кабельдік компаниялардың да, спутниктік компаниялардың да үдесінен
шығуға мүдделі. Кабельдік арналарды жарнамаға тəуелді не тəуелсіз хабар
тарату
желілерімен салыстырғанда, аса коммерциялық емес деп
қарастырған оғаш көрінер еді.
Нақты бір актілері жоқ эпизодтардың əсері қандай? Мəселен, əдеттегі
телевизиялық баяндау сарынында актілер соңына таман құрастырылады.
Көп жағдайда, коммерциялық мақсаттағы үзіліс үлкен шиеленіс туғанда, не
алмағайып кезеңде жарияланады. Визуал һəм музыкалық тəсілдер осы
сəттерді күшейтіп жібереді. Бір сағатта драманы төрт немесе одан да көп
мəрте осындай жағдайға келтіру қажеттілігі үдеу актісінің, жанкешті
арпалыстың, қиындық пен даму заңдылығын тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: