Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет212/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

«Есалаңдар»
мұндай сəттердің қажеттілігін елемей, жарнамалық үзілістердің киліккіш
сапасына (
interruptive quality
) назар аудартады. Бұл – еш бөгетсіз тым-
тырыс тамашалау сəті; DVD дискісіне немесе видео ағынынан тапжылмай
отырып, тынымсыз көру. Біз хикаяны дəл осылай тамашаласақ,
жарнамалардың қай жерде пайда болатынын долбарлау мүмкін емес.
Бəлкім, үзіліс туралы конвенцияға бейімделуден бас тартқан жағдайда,
Уейнер өзінің креативті болмысының үстемдігін үстемелей отырып,
коммерциализмнен алшақ автономияға қарай ұмтылғанын меңзеген болуы
керек.
Десек те, 
«Есалаңдардың» 
эпизодтарында белгілі бір заңдылық пен ырғақ
бар. Эпизодтардың көпшілігі жаңа кейіпкерді, тұтынушыны немесе жаңа
жағдайды бастапқы бірнеше сахнада таныстырады. Бұл алдағы болар
жайттардың сериясына жетелейді, олардың кейбірі бір сағат ішінде
шешіледі, ал кейбіреулері əрі қарай өрбитін оқиға баянына тұздық болады.
Мəселен, эпизод Калифорния сапарына негізделуі мүмкін я болмаса
жиналыста назарға ұсынылатын жаңа науқанды əзірлеу негізінде жасалуы
ықтимал. Көптеген эпизодтар үйде, кеңседе не басқа жерде өтетін кештерге
арналған. Төртінші маусымдық «Waldorf Stories» эпизодында Clio марапаты
экспозициялық көріністерде алғаш рет сөз етіледі, ал кейінірек жарнамалық
агенттік контингенті Clio марапатын ұтып алады да, салтанатты рəсімнен
кейінгі кейіпкерлер мас боп қалып, өздерін біраз əуреге түсіреді. Бұл үлгі
«Revenge» 
тəрізді 
орташа 
деңгейдегі 
шоу-бағдарламалардан
ерекшеленбейді, əдетте олардың үшінші жəне төртінші актілік партиялары
текетіреспен (
конфронтация
) əрі əйгілеумен бірге өріледі.
Көптеген желілік шоу-бағдарламалармен салыстырғанда
«Есалаңдар»
сериалының эмоциялық түрткісінде негізгі ақпаратты қайталап шығу
жетіспейді. Мұнда оқиғаны баяндаудың нəзік стилі қайталаудан
қашқақтайды жəне аудиторияны үнемі қалт етпей тамашалап отырғаны
үшін марапаттайды. Кейіпкер траекториясын маусым бойы мұқият
қадағалайтын көрермендер үшін ашық еске салмай-ақ, кейіпкерлердің не
жайында ойлануға тиіс екенін іштей біліп отыру лəззаты бар. Үшінші
маусымның алғашқы бірнеше эпизодында екінші маусымның аяғынан
бастау алатын оқиға өрбуі, еш уақытта, диалогте формалды түрде ашып
түсіндірілмейді жəне «Sterling Cooper» агенттігінің Британдық «Puttnam,
Powell and Lowe» агенттігі арқылы бақылау жүргізуі – бірден түсінікті


жайт. Оқиға желісінің көп элементтері осы тəртіпте жұмыс істейді,
сондықтан сіз оларды есте сақтауыңыз қажет. Сіз Донның Дик екенін,
Пеггидің Питтен бала сүйгенін, Джоан Роджердің нақсүйері болғанын,
кімнің кім туралы не білетінін есте ұстауыңыз керек. Кейде жоғары
шиеленістегі драма кезеңдерінде жəне даму үстіндегі эпизодтардың ұзақ-
сонар серияларының өтемі ретінде бір кейіпкер басқа бір кейіпкердің
оқиғасын танып біледі. Екінші маусымның соңында Пеггидің Пэтке одан
бала тапқанын əрі сəбиді басқаға бере салғанын айтатын сəтін һəм үшінші
маусымның соңындағы Беттидің Донның өткен болмысы мен отбасылық
тарихынан хабардар боп отырғанын айтамыз. Осындай сəттердегі
диалогтерде кейіпкерлердің жан сыры ашылады. Кейіпкердің терең
мағыналы жаңалықты қалай қабылдағанының куəсі болу арқылы көрермен
рухани лəззат алады яки ішкі күйзеліске тап болады. Бірақ көрініс пен
эпизод сайын диалогте орын алатын қарабайыр қайталау мұнда жоқ.
Бұл сəтті эстетикалық артықшылық ретінде көруге бүйрегіміз бұрып
тұрса да, біз бұл жерден ымыраны (
tradeoff
) да байқай аламыз. Бұрынғы
ақпаратты аудитория есіне сала отырып, жаңа ақпаратты жария ету
кезіндегі эмоция көрерменді ерекше əсерге бөлейді. 
«Есалаңдар»
стилі,
аздап бұлыңғыр болғанмен, ашық айтылмаған тақырыптық немесе
символдық мағынаны іс-əрекетке бағытталған сюжеттік даму əрекеттерінің
компоненті ретінде ерекше атап өтеді. Көптеген эпизодтарда негізгі
сюжеттік ақпаратты қайталау əлгі эпизодтардың əсерін одан əрмен
күшейтеді. Телехикаяны тұрақты түрде жан-тəнімен беріле тамашалайтын
көрермен өздерінің зеректігі мен оқиғаны ұғынуға жұмсаған күші үшін
марапатталады. Сонымен бірге тарихи жəне психологиялық түсінікке жəне
шоудағы мизансценаның əр деталіне мəн беріп, бай да баяу əрі сырбаз
қалыпта өрбитін картинаға үлкен үміт артады. Ол үміті соңында ақталады.
Желілік жəне кабельдік стильдердің иерархияда өмір сүруі міндетті емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет