Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет223/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

story-competence
) формасын, жеке
тұрған сегментті не құрайтынын тану қабілетін дамытады. Əңгіме –
танудың байырғы тəсілі. Соңғы кезде қауымдық əңгімешілдік саласын
зерттеу бəсеңдеп қалды. Лингвистердің, неврологтар мен когнитивті сала
ғалымдарының соңғы еңбегі жанрлық теорияның келешегі ми функциясын
зерттеуде жатыр дегенді меңзейді. Дегенмен оқырман қауымның бойында
тамыр жайған шағын əңгіме
 
(
storyness
)
 
(оқырман өзі белгілеген сөзді
кірістіре отырып, өз бетінше, берілген абзацқа ұқсас, қысқа əңгіме-сөйлем
құрауы. Ол, шындығында, əңгіме деуге келмейді. Біз шағын əңгіме деп
алдық. – 
Ред.
) қасиеті гуманистер үшін де баға жетпес қазына деген
сеніммен мен осы жасырын жатқан білім қойнауына сүңгудің əдеби
жолдарын іздестірдім.
Жылдар бойы оқырмандардан мəтіннің соңғы қорытынды (
preclosure
)
тұстарын анықтап келуді сұрау арқылы ізденісімді жалғастыра бердім. Мен
шынайы мəтін ішінде жапсарласқан жорамалды, көбінесе парадигмалық
əңгімелер сериясын қарастырдым. Бұл іздену тəжірибесі еді. Қазір
талқылайын деп отырған дүние – Грейс, Элис Манро мен 
«Құштарлық»
аясын түсінуге көмектесу үшін баяндаудың жалғастығына (
continuity
)
жүргізген тəжірибем.
Менің тəжірибеме қатысушылар Айова штаты университетінің əдебиет
бөлімінде оқитын студенттердің екі тобы жəне Қытайдан келген бір ғалым
– барлығы 46 оқырман болды. Бұл оқырмандардың көпшілігі Манро


туралы бұрын-соңды естіген емес, сондықтан олардың ешқайсысы
«Құштарлықты» 
оқымағанына толық сенімді едім. Олардың əрқайсысына
əңгіменің бірінші абзацы берілді. Оқырманның жартысы абзацты Манро
жазған сипатта байқаған, яғни үшінші жақтан жазылғанын айтты; жартысы
дəл сол мəтіннің бірінші жақтан баяндалып тұрғанына көз жеткізді.
Алдымен тəжірибеге қатысушылардан берілген мəтін ішінен бір сөзді
таңдауды сұрадым. Мұны «кілт сөз» деп аталық. Бұл сөзге бүкіл оқиғаның
қалған бөліктерінде баяндалуы мүмкін жайларға қатысты тұспалдау жүгі
артылған. Содан кейін барлығына сөйлем құрау туралы өтініш жасалды.
Мұны «ұластырушы» (
continuer
) деп айталық. Бұл шарт бойынша
оқырмандар өздеріне берілген абзацтың ізінен қисынды əрі мағыналы
түрде еруі керек. Мен оларға бірқатар сұрақтар қойдым, ол жайында
кейінірек сөз сабақтармын.
Мынау əңгіменің түпнұсқадағы үшінші жақтан баяндалған алғашқы
абзацы:
«Көп ұзамай Грейс Оттава алқабындағы Треверстің жазғы үйін іздеуге аттанды. Оның бұл
төңірекке келмегеніне де бірнеше жыл өтті; мұнда, сөзсіз, біраз нəрсе өзгерген. 7-тасжол (шоссе)
өзі жиектейтін қалалардан алыстап, Грейстің жадында қалған, бұрындары ирелеңдеп жатқан жол
енді тура түскен. Канадалық қорғанның бұл бөлігінде картада көрсетілмеген көптеген көлшіктер
бар. Тіпті Грейс Кіші Сабо көлін кездестіріп, сол жайлы ойлаған шақта, оған апарар айналма
жолдан бөлініп, төтелей тартқан сораптардың көп болатыны есіне түсті. Сүрлеудің бірін таңдаған
сəтте сансыз тас төселген соқпақтар əлгі жолмен қиылысып жатқаны да жадында, бірақ олардың
атауы Грейстің есінде қалмапты. Расында да, осыдан қырық жыл бұрын, ол осында болған кезде,
ешқандай көше атауы жоқ еді. Тас та төселмеген. Көлге қарай жүретін бір ғана айдау жол бар
болатын, содан кейін көлдің жағасына қарай жетелейтін ретсіз (
haphazardly
) бір май топырақты
сілем болушы еді» (159–60).
Көптің таңдауы түскен кілт сөз соңғы жолдағы «ретсіз» (
haphazardly
) сөзі
болды. Бəлкім, біз «бақытсыз» (
«hapless») 
сөзінің астарындағы уілдеген
саңылаудан «қауіптің» (
hazard
) дабылын естиміз. Екінші кезектегі таңдау
жолмен байланысты терминдер («тасжол», «ирелең», «карта», «жолдар»,
«төселген», «көше») таңғаларлық дүние емес. Өмірде болатын саяхат,
жолайрық, жалғыз аяқ жол жер-жерде кездеседі. Көпшіліктің көңіліне
қонған үшінші кілт сөз «өзгерген» (
changes
) болды. Екеуін қоса санағанда,
респонденттердің 52%-ы «ретсіз» жəне «өзгерген» сынды тұрақсыздықты
бейнелейтін терминдерді таңдады. Əр пенденің өмірі һəм Манроның əрбір
əңгімесі бірде мүмкіндікті білдірсе, енді бірде таңдауды білдіреді.
Оқырмандарым бұл жайында менің бұрыннан хабардар екенімді еш білген
жоқ.
Шағын проза теоретиктерінің мəнерімен мұндағы оқиғаларға баса назар


аударту үшін мен əңгіменің басы мен соңына ерекше көңіл бөлмекпін.
Бұған бірден білек сыбана кірісемін. Себебі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет