жаңа ережелермен орнын алмастыруы. Сонымен қатар əдеби өзгеріс –
əдеби құрылымдардың жеке эволюциясының нəтижесі.
Мазмұн/форма айырмашылығының дəстүрлі түсінігі
өзгерген кезде,
əдебиет те өзгеріске ұшырайды деген ой туындауы мүмкін. Себебі əдебиет
бұл саладан тыс жатқан идеялар мен шынайылықтарды белгілі бір формаға
түсіреді, оған қоса, оның себебі мен салдарын қалыптастырады. Алайда,
формалистердің ойынша, əдеби құралдар бұл салдарды ұзақ күтпей-ақ,
толық əдеби негіздерге сүйене отырып, бірте-бірте жеке-дара дамуға да
мүмкіндігі бар. Əдебиет əдебиет боп қалу үшін оқиғаны əңгімелеуде
таптаурын жолдан қол үзіп, жаңа бір өрнек, өзгеше талпыныс жасау қажет.
Өлеңде де бұрын кездеспеген поэзиялық əдіс тауып, кемелдендіріп, ұдайы
дамытып, ізденіп отырмаса болмайды. Бұл өзгеріс болашақта шығарма
арқауына айналатын, əдебиеттің материалы ретіндегі əлеуметтік əрі тарихи
əлемнен тыс, дербес жүреді. Мəселен, Сервантестің «Дон Кихот» (
Don
Quixote
)
атты сатиралық романы өз заманындағы оқиғаларды баяндауда
қолданылатын, басым сипатқа ие болған жазу мəнерін, кезбе серілер
туралы шытырман оқиғаларға құрылатын əйгілі романтикалық романдарды
келемеждейді. Бұл – сол дəуірдегі немесе Сервантестің өміріндегі
өзгерістер нəтижесі емес, дұрысы, белгілі бір əдеби дамудың нəтижесі.
Күрделі кейіпкер бейнесі, тың құрылым жаңа əдеби түрдің
қалыптасып
келе жатқанын білдіреді. Мұны жаңа заман тудырған талап пен қажеттілік
десе де болады.
Осы антологияда структуралистер қатарынан көрнекті орыс формалисі
Роман Якобсонды табуға болады. Себебі осы екі интеллектуалдық, тарихи-
əдіснамалық (методологиялық) ағым арасында тығыз байланыс бар.
Формалистердің көпшілігі, негізінен, лингвистер болған, ең ықпалдысы –
Якобсон. Ол Ресейден 1920 жылдары біржолата кетіп, Чехословакияға
аттанады. Сол жерде 1940–1950 жылдары француз структурализміне дем
берген лингвистикалық топтың мүшесі болады. 1960
жылдарға дейінгі
Францияда айрықша ықпалды саналған структуралистер мен формалист
лингвистерді əдіснамалық мүдде ортақтығы біріктірді. Олар мəдениет
жалпы тілге тəн заңдылықтар негізінде қалыптасады деген бір түсінік
аясында топтасты. 1920 жылдары орыс формалистері Ресейдегі сталиндік
билік тарапынан қысымға ұшырағанмен, олардың еңбектері туралы дерек
Рене Уэллек, Юлия Кристева мен Цветан Тодоров тəрізді шығысеуропалық
эмигранттар арқылы батыстық кеңістікке шықты. Олар француз
структурализмімен қатар поэтика, стилистика жəне нарратологиялық
зерттеулер тəрізді əдеби сын мектептерін қалыптастыруға қомақты үлес
қосты.
Ресейдің формалды талдауға деген
талпынысын көбінесе орыс
формалистері есімдерімен байланыстырады. Бірақ бұған басқа да
ойшылдар қосылғанын, олардың алғашқы топпен ғана шектелмегенін
білген жөн. Ауыз əдебиетін зерттеуші ғалым Владимир Пропп формалист
ретінде де еңбектер жазып, ұлттық ертегілердің құрамдас бөліктеріне
(компоненттеріне) қатысты ерекшеліктерді талдады. Ертегілердің кең
тынысты ауқымы баяндалу жүйесінің бірізділігімен
ерекшеленеді деуге
болады. Көптеген ертегілерде оқиға «кейіпкердің сапарға шығуынан»
басталып, «кейіпкердің жұмбақ жағдайға тап болуы», «кейіпкердің оқиға
барысында сыналуы» деген бірыңғай сарында жалғасын табады. Михаил
Бахтин еңбектері əдебиеттің əлеуметтік əрі идеологиялық қырларын
қарастыруда формалистер еңбектерінен тарихи тұрғыдан алшақтайды.
Алайда роман жанрын өзге əдеби жанрлардан ерекшелейтін формалық
ерекшеліктерін сипаттаудағы ғалым ұстанымы олардың көзқарастарымен
тоқайласқаны рас. Оның еңбегі тек жанрларды қосу, біріктірумен ғана
шектелмейтін бастапқы формалистік міндеттердің молайғанын көрсетті.
Сонымен бірге Бахтиннің Франсуа Рабле секілді кейбір жазушылардың
еңбектеріне де əсер
еткенін байқағанындай, карнавал тілі секілді тілдің
əдебиеттен тыс қолданылуы да осы міндеттер қатарына кіреді.
Егер орыс формалистік қозғалысы ғылыми əрі рационалды болып келсе,
екіншісі, «Америкалық жаңа критицизм» формалистік мектебі, ғылымға
қарсы əрі өнердің рационалды емес өлшеміне қызықты. Дегенмен екі сыни
қозғалыс əдеби тілге, оның күнделікті қолданыстағы тілден ерекшелігіне
қатысты бір көзқараста болды. Əрі екі жақ та əдеби зерттеудің нысаны
əдеби мəтіндер болуы тиіс деп санады. Ал олардың қалай жұмыс істеуі,
əдеби мəтіндердің қызметі авторлардың өмірінен немесе əлеуметтік-тарихи
үдерістерден дербес екені анық еді. Əдейі қателесу мен аффективті
қателесу (
Достарыңызбен бөлісу: