Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет35/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   369
Across the River and Into the Trees Trees
)
 
оқығандардың
көпшілігі бұл романның құндылығы туралы дəлел келтірерлік дəйекті еш
нəрсе таппағандарын айтады. Мұндай жағдайда таңдаулы деп шешім
шығарудың жөні жоқ. Жақсы өлеңді оқығанда, сақалы селтиіп кететін А.Е.
Хаусман ұсынғандай, поэмаға қатысты сындарды жарамсыз деп табамыз.
Оның пікірінің дұрыстығына, ең алдымен, оқырман ретінде сенім білдіруге
үйренген кезден кейін ғана шешуші маңыз береміз. Дегенмен оның бізге
айтып тұрғаны – «өлеңге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын» Хаусман
туралы бірдеңе.
Өкінішке орай, осындай тұжырымдардың маңыздылығын төмендету,
тиянақты қарастырмау жазушы үшін де, оқырман үшін де адамгершілікке
жатпаған болар еді. Сыншыға кейбір туындылар ерекше ұнауы, тіпті
кейбіреуі қатты əсер етуі де мүмкін. Мен бұл ақиқатты шүбəсіз


мойындаймын. Алайда менің белгілі бір еңбектерді оқу кезінде басымнан
кешетін эмоциялық жай-күйімді жан-жақты сипаттауымның туындыға да,
оның бөліктерінің бір-біріне байланысына қызығушылық білдірген
оқырманға да еш қатысы жоқ.
Сонымен, сын атаулы сыпайы əрі сараптамалық болуы керек пе? Менің
ойымша, өзімнің бұрынырақ жазған еңбектерімде көрсеткенімдей, мұның
нақты жауабы жоқ. Бірақ мен оны жан-жақты түсіндіруге тырысамын.
Əрине, бұл оңай емес. Ол белгілі бір жағдай мен оқырманға байланысты.
Шындығында, сыншының еңбегі шынайы сын болып келуі сирек
ұшырасады. Ол азды-көпті байланысы бар көптеген тапсырмаларға
əлдеқайда жиі қатысады. Олардың біразы таптаурын болса, бірқатары
маңызды. Ол жаңа автор жөнінде өзгенің пікірін алуға немесе соңғы
қатарда отырған бірінші курс студентінің назарын аударуға тырысуы
мүмкін. Бəлкім, ол газетке қысқаша шолу жазуы немесе «Қазіргі заман
тілдері» қауымдастығы алдында баяндама жасауы да ықтимал. Тіпті өзінің
досымен жай ғана əңгімелесер; я болмаса, сайтан алғыр, онымен əдебиет
туралы пікір алысуы да соншалықты тосын жайт деуге келмес. Өсиет
əңгіме, күлдіргі əңгімелер, эпиграмма, метафора бола ма, басқа да жүздеген
құралдар оның түрлі мақсаттары үшін тиімді болуы да ғажап емес. Бұл
жерде одан ешкім де əлеумет тарихына немесе саясатқа қатысты жеке
талабы мен қызығушылығынан бас тартуды талап етіп отырған жоқ. Талап
– тек мəтінмен танысып, оқырман ретінде өзінің сыни пікірін білдіру.
Сөйтіп, егер оның бойында парасатты пайымы мен ерекше қабілеті болса,
талабы бар сыншы өзінің міндетін жақсы орындауы тиіс.
Ендеше, өзінің сыншы ретіндегі нақты міндетін анық түсінген сыншының
еңбегі жемісті болмақ. Менмен, аса қатал «сыни талдауларды» оқудан
шаршаған жəне тым ашық, əуесқой əрі барынша «жарқын» сынды
жақтайтын жазушыларды түсінемін. Шынайылық ретінде бұлар керемет
болғанымен, сынды күшейту тұрғысынан келгенде, өз басым бұған
күмəнмен қараймын. Сындағы келеңсіздіктер ұзақ уақыт бойы орын алып
келді, əлі де өрши түсуде. Ол колледждің шабытты дəріскері еліктірген
сынып бөлмесінде, ай сайынғы өсекке толы «Кітап бюллетенінде», сондай-
ақ сенбілік «Əдебиетке шолу» бағанында да көрініс тапты.
Сыншылар қарапайым болса да маңызды рөл атқарады деп ойлаймын.
Талаптанушы жас жазушыға сыншының бере алатын көмегі тым
мардымсыз. Сыншы ретінде ол тек сыни пікір білдіре алады. Əдебиет
формуламен жазылмайды: онда ешқандай формуланың болуы мүмкін де


емес. Бəлкім, оның бере алатын көмегінің бар мəні жұмыстың қандай да бір
жетістігі я болмаса жарамсыздығы жөнінде жеке пікір білдіруінде шығар.
Қағида бойынша таза сын мен таза туынды қоян-қолтық бірге жүреді.
Басқа тең жағдайда жасампаз суреткер өткір де батыл сынды қолдайды.
Əйтсе де, түсініктер ешқашан бірдей болмайды, əр жағдайдың өзіндік
ерекшелігі бар. Нақты осы жағдайға келсек, сынды мүлдем қою немесе
саяси ғылымды, не тарихты, не болмаса философияны оқудан гөрі армияға
не шіркеуге қосылу жөніндегі кеңес əлдеқайда дұрыс болып шығуы
мүмкін.
Эзра Паунд сияқты сыншының біздің заманымыздағы бірқатар
жазушыларға көрсеткен нақтылы көмегі осы уақытқа дейін жазылған
сындардың ішіндегі айрықша маңызды түрі болғаны даусыз. Менің
ойымша, бұл жоғарыда мен сипаттаған сынға қатысты емес. Бұл жерде
құрастырылып отырған мəтінге байланысты «техникалық мəселелер»
сияқты байыпты қамқорлық байқалады. Бірақ сынның айрықша
шеңберінен тыс басқа да дүниелер, солардың ішінде нақтылы автордың
жеке тұлғасын таныту жөніндегі ақпарат, ынталандыру (себепші болу)
қабілеті, дəлелді тұжырымдарды қорытындылай білу қарым-қабілеті
ескерілуі тиіс.
Əдеби туынды – құжат, сондықтан ол сол жағдайды туындатқан себеп-
салдарлар арқылы талдануы қажет немесе оны жеке күш ретінде
қарастыруға да болады. Ол өткен шақтың айнасы іспетті əрі келешекке
ықпалын тигізуі де мүмкін. Бұл деректерді теріске шығару тиімсіз болар
еді. Өйткені мен бұларды жоққа шығаратын бірде-бір сыншыны білмеймін.
Əдеби туындыны оның туу себептерінің төңірегінде қарастыру əдеби сын
бола алмайтыны тағы анық; салдарын бағалау да əдеби сын құрай алмайды.
Жақсы əдебиет, тіпті біз идеялардың ақиқатын бағамдайтын философиялық
өлшем турасында мəмілеге келсек те, қалыптасқан риториканың
тиімділігін анықтайтын белгілі бір əдісті таба алсақ та, ақиқат идеялар
үшін қолданылатын тиімді риторикадан да жоғары тұрады.
Лионель Триллинг таяудағы бір мақаласында осы мəселе бойынша батыл
көзқарас ұстанған (менің оған сілтеме жасаған себебім – Триллинг менің
сыни ұстанымыма қатысты қарсы пікір жазған еді). «Əдеби идеяның
мағынасы» атты шығармасында Триллинг Фрейд пен Шпенглерге,
американдық жазушылар O’Нейль, Дос Пасос, Уолф жəне Фолкнерге
қарыздар екенін жазады. Меніңше, ол Фолкнерді Эрнест Хэмингуэймен
қатар қойып, əдебиетте идеялардың күші мен маңыздылығын бейнелей


алған, қазіргі заманғы ең үздік жазушы ретінде өте əділ бағалаған сияқты.
Триллинг өз таңдауының таңқаларлықтай, бəлкім, бұрмаланғандай болып
көрінетінін толық сезінеді. Себебі өзі атап көрсеткендей: «Хэмингуэй мен
Фолкнер біздің заманымыздағы саналы интеллектуалдық дəстүрге
өздерінің немқұрайлы екендіктерін əйгілеп, интеллектуалдықтың немесе
интеллектінің кез келген түрімен байланысы аз құралдардың көмегі
арқылы нəтижеге абыроймен қол жеткізді».
Бұл жерде Триллинг тек өзінің зеректігін көрсетіп қана қойған жоқ,
сонымен қатар идеялардың маңыздылығы жөнінде нақты əрі жеңіл-желпі
қорытынды жасамайтын жазушылармен күрделі жұмыс істеуде əділдігін
байқатты. Мен оның көрегендігі мен шыншылдығының алдында бас иемін.
Сөйте тұра, оның шығармасындағы талдаудың барлығы да «жаңа сын»
дегеннің, бəлкім, Триллингтің өзіне белгілі болғанынан да соншалықты
шынайы ма деген күдігімді жасыра алмаймын. Соған назар аударалықшы.
Себебі Триллинг еңбекте көрсетілген идеяның ақиқаты мен əдеби еңбектің
құндылығы арасындағы тікелей байланысты теріске шығарады. Сонымен
бірге ол «еңбекте күштің немесе салмақтың танымал идеялары
«қолданылады» яки «белгілі бір күштің немесе салмақтың жаңа идеялары
еңбек арқылы «туындайды» деп есептемейді. Есесіне ол, Хэмингуэй мен
Фолкнердің «бағынбайтын өмірлік материалмен белсенді еңбек еткенін»
жоғары бағалады. Соңғы жағдай мəселенің ерекше маңыздылығын
айғақтайды. Дос Пассос, O’Нэйл жəне Вульф бізді «өздерінің соңғы сөзді
айтқандарын сезінетіндеріне» сендіргендіктен, «бізде (Хэмингуэй мен
Фолкнердің) … өздері айналысып отырған жұмыстың табиғаты мен
қиындығын бұрмалады деген ой сирек туындайды».
Триллинг оқиғаны жазушының іс-əрекеті тұрғысынан бейнелеуді жөн
көрді («Фолкнер қызу жұмысқа кірісті» деген секілді). Жұртшылық бұл
шешімнен Фолкнер романдарының сапасынан шыққан қорытындыны –
Фолкнердің өз еңбегімен күресуге тура келгендігі жөнінде Триллингтің
айтқан пікірін ести алмады. (Олай болса, Хэмингуэй мырзаның соңғы
романына 
қаншалықты 
күш-жігер 
жұмсағаны 
туралы 
мəлімдеуі
басқалармен қатар, Триллингті де селт еткізе қоймағанын мен нық
сеніммен айта аламын).
Триллинг өз ойын суреткердің əрекеті тұрғысынан емес, еңбектің
құрылымы тұрғысынан сипаттауға тырысып көрді делік. Онда біз
формалист сыншылар қолданатын «түсініктерге» тап болмаймыз ба?
Шиеленіс, символдық даму, ирония түсініктерінің табиғаты мен олардың


шешімі 
қандай? 
Қысқасы, 
формалистік 
сын 
материалдылықтың
табандылығы қалай мойындалады жəне жүзеге асады деген жай ғана
еңбектің динамикалық формасын сипаттау əрекеті емес пе? Триллингтің
«идеяларға» берген анықтамасы менің ұстанымымды оның көзқарасына
қарай бейімдеуді жеңілдете түседі. Мен оның жоғарыда айқындалған
«идеялар еңбекте «қолданылады» немесе «жаңа идеялар еңбек арқылы
«туындайды» деген түсінікті теріске шығаратын үзіндісін келтірген
болатынмын. Əрі қарай былай деп жалғастырады: «Орындауымыз қажет
дүние – менталды процесс арқылы қол жеткізілген, маңызды бөлік
ретіндегі белгілі бір эстетикалық əсерді түсіндіру. Бұл əсер дискурстық
идеялар ойластырылған үдерістен өзгеше емес жəне кейбір өлшемдер
арқылы бағалануы тиіс».
Осыны теріске шығаруға шамасы келетін «формалды» сыншыны табу
үшін 
алысқа 
көз 
жіберіп, 
шола 
қарау 
керек. 
Триллингтің
мойындағанындай, біздің кейбіріміз əдебиет идеяларды «үлгі етіп» немесе
«өндіріп» қана қоймайды дейтін тұжырымға табан тіреуге тырыстық. Бірақ
жазушыны шабытына ерік беріп, шалықтаған жанға балаудан аулақпыз. Ол
өзінің ақылына жүгінеді, ал оқырман оны «дискурстық идеялар
қабылданатын 
үрдістерден 
айырмашылығы 
жоқ» 
деген 
қағидаға
қолданады. Əдебиет бұл идеяларға қарсы емес, осы арқылы ол өміршең
болып келеді, алайда идеяларды теп-тегіс, жинақы етіп көрсетпейді.
Оларды «бағынбайтын өмір» арнасымен байланыстырады. Əдеби сыншы
осы мақсатта еңбектенеді.
Фолкнерді еске алғанда, сыншының нақтылы еңбегі туралы қорытынды
пікір білдіруді жөн санаймын. Сипаттап өткенімдей, ол соншалықты
қарапайым көрінгендіктен де менің ойымдағым өз-өзінен орындалды деп
түсінуге болады. Бірақ Фолкнердің жаңылыс пайымдауларын қазіргі таңда
дұрыс емес деп біржақты қабылдауға болмайды. Олардың бірқатары осы
уақытқа дейінгі жазылған сындардың ішіндегі таңдаулысы болса, тағы
бірқатары мүлдем теріс ұстаныммен жазылды. Фолкнер ақиқат деп
таныған дүние, бұрынғы жазушылардың көпшілігін қоса алғанда, өзге
авторлар үшін шындықтан алыс жатыр. Əдебиет көптеген «əдістерге» ие,
сыншылар да қарекеттеніп, олардың тың түрлерін ұсынуда. Бұлардың
кейбірі өте қызықты əрі таңданарлық. Алайда əдебиет арқа сүйейтін
барлық алуан түрлі əдістер, ақырында, белгілі бір еңбектің мəні мен
маңызын білдіретін біздің білімімізге сүйенеді. Бұл – іргелі білім.


ТӨРТІНШІ ТАРАУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет