Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет287/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Filoktet
)
 
жазылмас кеселге шалдығып,
елден аласталған азаматқа тиісті қамқорлық көрсету мəселесін арқау етеді.
Троя соғысында гректермен шайқасу үшін Трояға кетіп бара жатқанда,
Филоктет қателесіп, қасиетті ғибадатхана ішіне кіріп кетеді. Сол кезде
храмды қорғап жатқан жыландар оның аяғын шағып, жарақатынан қанды
ірің аға бастайды. Азапқа толы айқайы əскердің діни мерекені тойлауына
кедергі келтіреді. Осылайша қолбасшылар оны жападан-жалғыз, ас-сусыз
Лемнос шөлді аралына тастап кетеді. Бірақ өзімен бірге садағы мен
жебелері бар еді. Он жылдан кейін олар Филоктеттің сиқырлы садағы мен
жебесі болмаса, соғыста жеңіске жете алмайтынын біліп, кері қайтады.
Алдап-арбап, соғысқа қатысуға көндіруді ойлайды. Қолбасшы Одиссей
Филоктетті адам құрлы көрмейді, оны тек қоғамдық мүдденің құралы
санайды. Бірақ қарапайым сарбаздар наразылықтарын хормен білдіріп,
оған қарсылық білдіреді (169–176):
Оған жаным ашиды. Ойлан, қалай?
Жолдас та жоқ, жазылар қайдан жара-ай?


Жоқ мүсіркер дос мінезі,
Аянышты, аш бір өзі,
Қанды обырға жемтік болып кетер ер,
Азық-ауқат, мұқтаждығы енді немен өтелер?
Міскін қалай бұл дүниенің тауқыметін көтерер? (М.Т.
*
)
Көсемдерінен ерекшелігі – хор айтушылар өздері өмірінде көрмеген
адамды жанды жəне жанашыр кейіпте мүсіркейді, оның жалғыздығын,
дертін, өмір сүруге деген жанталасын суреттейді. Бұл үдерісте олар пьеса
арқылы көрермендерді ауқатты адамдар назар аудара бермейтін мұқтаж,
баспанасыз жандардың орнына қойып көруге үндеп, жандарын қозғауға
тырысады. Осылайша драма, тұтастай алғанда, кейіпкерлері айтатын
жанашыр көзқарас қасиетін дамытады. Пьесада мұндай жанды қиял
Филоктетті құрал ретінде қолдануға қарсы саяси шешімді тұспалдайды
жəне көрермендер мұның саяси жəне моральдық құнды нəтиже екеніне
иланады. Көрерменнің бойында пайда болатын мұндай жанашыр мінездің
əлеуметтік пайдасын көрсете отырып, драма өзінің пайымдарын лайықты
азаматтық қоғам мен білікті бұқаралық таңдаудың қалыптасуы үшін құнды
ұсыныстар ретінде бағалайды. Қоғам мүддесіне салғырт қарамау керек
болса да, егер адамдар мақсатқа жету жолында бір-бірін құрал ретінде
бағаласа, онда бұл игілік оларға жақсы қызмет етпейді.
Ральф Эллисонның 
«
Көрінбейтін адамы» (
Invisible Man
) (1952) қабылдау
мен мойындаудағы сəтсіздіктеріміз жайлы осы дəстүр мен көріністі əрі
қарай дамытады. Оның қаһарманы өзін «көрінбейтін» деп сипаттайды.
Өйткені романның өн бойында əртүрлі нəсілшіл-теріс стереотип құралы
ретінде кездеседі: электрлі (
electrified
) кілемшеде жатқан тиындарға
жыртқыштай тап беретін жəбірленген қара бала; жүргізушіге ауқатты
қорғаушы деп сенген ізгі студент; сол қорғаушысының кінəсі мен
үмітсіздігі жайлы сөздерін тыңдаған құлақ; қаладағы төңкеріс қозғалысын
күшейтетін бүлікшіл-белсенді; қара нəсілді болғаны үшін шетқақпай көріп,
сексуалды бейнелермен есейген, əйелдердің жалаңаш суреттерінен тоят
табатын зорлықшы əрдайым өзіне тиесілі міндетті орындағаннан гөрі
«ешқашан сүймеген жəне бағаламаған» жайттарға ұшырайды да жүреді.
Сонымен бірге «басқалар» «қиял əлеміне», яғни бетпе-бет келген адам


шындығына емес, өз ойларына сүйеніп жасап алған əлемге жұтылып
кеткен. «Сіз бір нəрсенің дұрыс емес екенін біле тұра, оған мəн бермей
жылдар бойы жүре бересіз жəне кенеттен өзіңіздің ауа сияқты көрінбейтін
мөлдір əлем екеніңізді байқайсыз». Көрінбеу қасиеті – олардың көңіл (ішкі)
көзінің еншісіндегі іс, осы көз бен физикалық көздері арқылы олар
шындыққа тура қарайды».
2
Эллисонның гротеске толы сюрреалистік əлемі Софоклдің пьесасындағы
классикалық əлемнен қатты ерекшеленеді. Сонымен бірге екеуінде де
көтерілген мəселелер бір-бірімен тығыз байланысты: əлеуметтік қабаттар
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет