Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»


«Шығанақ» романы (дүниежүзіне танымал болған Шығанақ Берсиев өмірі жайлы, 1945) көркемдігі жағынан ерекше қуатқа ие болған шығармасы



бет105/162
Дата08.02.2023
өлшемі462,66 Kb.
#66249
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   162
Байланысты:
Әдебиет.Шың кітап

«Шығанақ» романы (дүниежүзіне танымал болған Шығанақ Берсиев өмірі жайлы, 1945) көркемдігі жағынан ерекше қуатқа ие болған шығармасы.
М.Әуезов Шығанақ жайлы мынадай пікір айтады: «Шығанақ бейнесінде еңбек таразысын танытатын өзі дана, барынша адал пейілді адам бейнесі жақсы сипатталған».
«Дауылдан кейін» романы (1959).
«Көз көрген» романы (1963).
Колхоз-совхоз сахналарына арналған бірнеше шағын пьесалар («Айғақ», 1942), көптеген әңгімелер жазды.
Әңгімелері: «Күлмеген адам», «Құлаған құз».
«Ой әуендері» кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілген.
«Шығанақ», «Миллионер» романдары (1948) ауыл өміріндегі елеулі өзгерістерді, ұжымдастыру оқиғаларын суреттеуге арналды.
«Қарағанды» романы Қазақстан келбетін жаңартып жіберген өндірістік өрлеу дәуірінің шындығы жайлы.
«Дауылдан кейін» романы Қазақстанда жаңа экономикалық саясат басталғаннан байлардың мал-мүлкін кәмпескелеуге дейінгі кезеңнің басты оқиғалары жайлы. Шығармада байлардың шабындық, егістік жерін бөліске салу («Ауыл ат үстінде»), болыстыққа таласу («Сайлау»), ел ішіндегі дау-жанжалдарды шешу, кедей кегін әперу («Атылған оқ»), байлардың өз мүдделерін қорғау үшін жасаған әрекеті («Қараөткелде») секілді оқиғалар қамтылған. Романдағы Тәуке, Таймас, Әбен, Танакөз, Нұрғали, Сыздық – жанды бейнелер. Негізгі кейіпкердің бірі – Аман дәуірдің өскелең өкілі ретінде суреттеледі. Оның жаңалықты қабылдауға қабілеттілігі, еңбекшілер мүддесіне сергектігі, сол үшін айлалы жаулармен айқасқа түсе алатындығы айтылған. Әсіресе, ақылды, айлалы Шәкен байдың жаңа экономикалық саясат кезіндегі іс-әрекетері нанымды берілген.
Ғ.Мұстафин сомдаған тартымды әйел образдары: Жанат, Алма, Ардақ.
«Миллионер» романының кейіпкерлері: Жанат, Жомарт, Жақып.


Әбу Сәрсенбаев
(1905–1995)
Туған жері: қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы (Теңіз) ауданы, Алға ауылы.
Қызметі: Қазақстанның Халық жазушысы.



1929

Астрахань кеңес-партия мектебін бітірді.

1932–1934

Алматыдағы Комвузда оқыған.

1934–1936

«Түрксіб» газетінде редактор болды.

1936–1942

Қазақтың мемлекеттік баспасын басқарды.

1942–1947

Кеңес Армиясы қатарында қызмет етіп, Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1947–1953

Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогикалық баспасының директоры болды.

Қызыл Жұлдыз, Октябрь Революциясы, Халықтар Достығы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет