Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет159/162
Дата08.02.2023
өлшемі462,66 Kb.
#66249
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162
Байланысты:
Әдебиет.Шың кітап

Лириканың түрлері:
– саяси-әлеуметтік лирика
– махаббат лирикасы
– табиғат лирикасы
– көңіл-күй лирикасы
– философиялық лирика
– азаматтық лирика

Мысалы, Табиғат лирикасы:


Толқынды толқын қуады
Толқыннан толықн туады
Толқынмен толқын жарысады. (М. Жұмабаев)
Повесть – баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрі. Көлемі жағынан әңгімеден ұзақтау, романға жақындау болады. Мысалы, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым – Қожа» атты повесі бар.
Поэма – белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма. Мысалы, С.Мұқанов “Сұлушаш», І.Жансүгіров “Құлагер».
Естірту – қазаға ұшыраған адамның қайғылы хабарын оның жақын туыстарына өлеңмен немесе қара сөзбен, күймен жеткізу тәсілі. Мысалы, Бөгенбай батырдың өлімін Үмбетей жыраудың естіртуі.
Метафора – (грек. metaphoro – ауыстыру) – құбылтудың (троптың) бір түрі. Суреттеп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту. Мысалы,
Таудан мұнартып ұшқан, тарланым,
Арыстаным, көп болды-ау
Саған да менің арманым!
Инсценировка – прозалық немесе поэзиялық туындыларды сахнада, теледидарда, радио қойылымдарына лайықтап драмалық формада жазып шығару түрі.
Көркемдік қиял – көркемдік ойлау ерекшелігі, суреткердің дүниеде, өмірде болатын, болуы мүмкін нәрселерді, жай-жайларды қиял арқылы елестету қабілеті, бейнелеп көрсету тәсілі. Көркемдік қиял шындық пен шарттылықтың бірлестік-тұтастылығына негізделеді.
Метафора (грек. ауыстыру) – құбылыстар мен заттардың ұқсастығына қарай бір сөзді немесе сөз тіркесін салыстыру немесе астарлы мағынада қолданылуы. Мысалы,
Көздің жасы, жүректің қанымен,
Ерітуге болмайды іштің мұзын. (Абай)
Мотив – тақырыптық сарын, қалыптасқан дәстүрлі тақырыптық әуен, оқиға желісіндегі кезең. Әдеби термин ретінде X ғ. 20 ж. бері А.Веселовский, В.Проп еңбектерінде зерттеле бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет