XI. Өлең құрылысы: Буын – Бунақ – Тармақ – Шумақ – Ұйқас.
Анафора – сөз немесе сөз тіркесінің жол басында қайталануы. Мысалы,
Алтайдың арғы беті, бергі беті
Алтайдың біз тұрған жер ылғар шеті...
Ағажай Алтайдай, жер қайда-ай?
Ағажай Алтайдай, ел қайда-ай? (Халық өлеңі)
Әсірелеу (гипербола, грек. күшейту) әр түрлі құбылыстарды немесе белгілі бір нәрсені шамадан тыс асыра суреттеу тәсілі. Ол көбінесе батырлар жырында, ертегілерде, мақал-мәтелдерде көп қолданылады. Мысалы,
Астындағы Бурылдың
Жоғарғы ерні көк тіреп
Төменгі ерні жер тіреп (Қобыланды батыр)
Әңгіме – оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанр.
Әдебиет – араб сөзі “үлгілі сөз» деген мағынаны береді.
Қазақша – «асыл сөз» деген ұғымды береді.
Баллада – лиро-эпостық сипаттағы шағын сюжеттік өлең. Баллада Француз, Испан, Итальян елдерінің поэзиясында туып, қалыптасқан лириканың ерекше бір түрі. Мысалы, Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» деген балладасы бар. Мысалы, Ғ.Мүсіреповтің «Жапон балладасын» қарасөзбен жазылған баллада деуге болады.Бәдік жыр – әртүрлі ауруларды емдеу ниетімен айтылатын жырлар.
Диалог – шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесіп сөйлесуі.
Ертегі – ауыз әдебиетінің көп тараған түрі. Онда халық өмірінің аңсаған қиялы мен көркем әдебиеттің шағын түрі.
Жанр – француз тілінен аударғанда «түр», «тек» ұғымдарын береді. Ол әдебиеттің мазмұндық, құрылымдық, пішіндік т.б. белгілері ортақ бір түрі деген ұғымда қолданылады.
Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау үшін бір затты не табиғат құбылысын тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Мақал – тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін беріп, ойды жинақтайды.
Мәтел – айтылатын ойдың ұшығы, тұспалы ғана болады.
Композиция (лат. құрастыру, шығарма) – сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын тәсілі. Сюжеттің құрылымы болады, оны композиция дейді. Олар:
а) басталуы
ә) оқиғаның дамуы
б) оқиғаның шиеленісуі
в) оқиғаның шарықтауы
г) оқиғаның аяқталуы немесе шиеленісуі.