Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»


«Диуани хикметте» 63 жасқа дейінгі өз өмірі суреттелген



бет19/162
Дата08.02.2023
өлшемі462,66 Kb.
#66249
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   162
Байланысты:
Әдебиет.Шың кітап

«Диуани хикметте» 63 жасқа дейінгі өз өмірі суреттелген.
1878 ж. алғаш рет жеке кітап болып басылып шықты. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше рет басылды. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.
Ғұламаның бұдан басқа «Миратул–қулуб» («Көңіл айнасы») және «Пақырнама» деген еңбектері бар.
Түркістан қаласында жерленген. 14 ғ. Аяғында оның басына атақты Ақсақ Темір күмбезді кесене орнаттырды.
Анасы – Қарашаш пен әкесі – Ибраһимнің кесенесі – Сайрамда.


СҮЛЕЙМЕН БАҚЫРҒАНИ
(Хакім ата)
(1104–1186 )
Туған жері: Яссы. Бақырған қыстағында қайтыс болған.
Яссауидің шәкірті.
«Дүниенің ақыры» («Ақырзаман») еңбегінде тәңірге сенуді уағыздап, рухани тазалыққа үндейді. Халықты имандылыққа шақырады.
«Диуани хикмет» және «Дүниенің ақыры» еңбектері жүздеген жылдар бойы Орта Азия мен Қазақстанның медреселерінде оқулық ретінде пайдаланылды.


АХМЕТ ИҮГНЕКИ
(Әдіб Ахмет Махмудұлы)
Туған жері: Яссы маңындағы Иүгнек деген қыстақ.
Араб, парсы тілдерін меңгерген. «Хибатул-хақайқ» («Ақиқат сыйы») дастаны 14 тараудан, 235 өлеңнен тұрады. Білім, әдеп, адамгершілік, еңбек туралы. Оны халық «ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы» деп бағалаған.
1985 ж. қазақ тіліне аударылып, жарық көрді.


РАБҒУЗИ
(XIV ғ.)
«Қисасул-әнбия» кітабы (Қисса Рабғузи) 1370 ж. түркі тілінде жазылған.
Кітапта жаратылыстың пайда болуы, әулие-әнбие, Адам ата мен Хауа ананың топырақтан жаратылуы, Нұх, Ыдырыс, Ибраһим, Ысмағұл, Жақып, Жүсіп, Дәуіт, Сүлеймен, Мұхаммед пайғамбарлардың өмірінен алынған ғибратты әңгімелер берілген.
Қиссалар ішінде Лұқман хакім туралы біраз қызықты әңгімелер бар.


ҚҰТЫП
(XIV ғ.)
Тінібек Шахзада тұсында өмір сүрген.
«Хұсрау–Шырын» дастанын 1341-1342 ж.ж. көне түркі тілінде жазған. Дастан – Әзірбайжанның ұлы ақыны Низамидің парсы тілінде жазылған «Хұсрау–Шырын» поэмасының негізінде жазылған еркін аудармасы. Түпнұсқа Парижде сақтаулы. Негізгі тақырыбы – махаббат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет