Ғылыми жоба тақырыбы: Қазақ батырлар жырындағЫ Әулие-әнбиелер бейнесі мазмұНЫ: Кіріспе



бет1/13
Дата08.11.2022
өлшемі75,49 Kb.
#48431
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Қазақ батырлары жыры әулие әнбие көрінісі


ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ:
ҚАЗАҚ БАТЫРЛАР ЖЫРЫНДАҒЫ
ӘУЛИЕ-ӘНБИЕЛЕР БЕЙНЕСІ

МАЗМҰНЫ:


Кіріспе.
І. Қазақ әдебиетінде әулие-әнбиелердің көрініс табуы



    1. Әулие-әнбие ұғымы, шығу тегі және дамуы




    1. Қазақ батырлар жырының сипаты мен діни ұғымдар

ІІ. Батырлар жырындағы әулие-әнбиелер бейнесінің сипатталу ерекшелігі

2.1. Батырлар жырындағы ғажайып бейнелер және оның тарихи негізі


2.2. Батырлар жырындағы әулие-әнбиелер бейнесіндегі ұқсас сарындар және үндестік


Қорытынды


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе


Тақырыптың өзектілігі. Бұрынғы Кеңестік идеология кезінде халық ауыз әдебиетінің асыл маржандары - қазақтың батырлар жырын кеңінен насихаттау жұмысы бірден жүйелі іске аспады. Ал біздің сөз еткелі отырған Батырлар жырындағы әулие-әнбиелер бейнесінің тарихтағы рөлін анықтау, дәлелдеу кенжелеп қалды. Рас, батырлар жырында діни наным-сенімдер, тотемдік белгілер көптеп кездеседі. Батырлар жырының көбісі Аллаға сыйынумен басталып, Алладен тілек тілеумен аяқталады. Осыдан-ақ батырлар жырында ислам қағидаларының мол көрініс беріп отырғанын байқаймыз. Бірнеше жырды оқып, ой түйгеніміз жырдағы анемистік, тотемдік наным-сенім жүйелерінің ислам санасымен бояла бастағанын аңғарамыз. Жырдағы әулие, бап, там, мола, құтпа, Алла, Һақ секілді атаулар соның дәлелі. Бұлай дейтініміз жырдағы әулие-әнбиелер бейнесінің шын мәнінде болған адамдар екенін тарихи деректер де айғақтайды. Әулие-әнбиеге құлшылық ету, аруақтарға сыйыну, бата тілеу, келешекті болжау, сәуегей-көріпкелдік т.б. жырдағы толып жатқан оқиғалардың барлығы – ерекше бір тылсым күш иесінің адамзат қиналғанда қорғайтыны, қолдайтыны.
Халқымыздың өшпес бай мұраларының бірі – халық ауыз әдебиеті, соның ішінде батырлар жыры. Осы ұлттық құндылығымызды дәріптеу үшін батырлар жырындағы әулие-әнбиелер бейнесінің бір-бірімен ұқсастығына, ерекшелігіне тоқталып, салыстыра талданды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Зерттеудің басты мақсаты - Батырлар жырындағы әулие-әнбиелер бейнесінің қазақ әдебиетіндегі өзіндік орнын пайымдау, жырлардағы діни сарын мен діни ұғымдарға түсініктеме беру, олардың тарихи негізін білу. Зерттеу жұмысының осы мақсатынан төмендегідей міндеттер туындайды:

  • Әулие-әнбие ұғымы мен шығу тегін пайымдау;

  • Батырлар жырындағы исламдық танымдарға тоқталу;

  • Қазақ батырларының наным-сенімдері мен моральдық этикасына терең үңілу;

  • Батырлар жырындағы ғажайып бейнелердің шығу төркінін зерделеу;

  • Батырлар жырындағы әулие бейнесінің ұқсастығы мен үндестігін саралау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет