Әжесі Зере мен шешесі Ұлжанның тәрбиесін көріп, олардан көптеген әңгімелер, естеліктер, ертегі-жырлар тыңдап өсті. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы да шешен, терең ойлы, әділ ел басқарып, жұртына жақсылық жасаған. Меккеге қажылыққа барған, онда қазақтарға арнап үй салдырған.
Ғабитхан молдадан сауат ашады.
Әкесі оны 10 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресіне оқуға жібереді. Мұнда араб, парсы тілдерін үйреніп, дін сабақтарын оқыған, Низами, Науаи, Сағди, Хафиз, Физули, т.б. шығыс классиктерінің шығармаларымен танысқан.
Абай медреседе 3 жыл, Семейдегі «Приходьская школада» 3 ай оқиды. Содан бастап А.Пушкин, М.Лермонтов, Л.Толстой, И.Крылов, Ф.Достоевский, М.Салтыков-Щедрин шығармаларын оқып, Гете, Дж.Байрон мұраларына ден қояды.
13 жасынан бастап әке ықпалымен оқудан қол үзіп, ел басқару ісіне араласады. Халқының отаршыл Ресейдің қол астындағы ауыр тағдырын көріп өседі.
1875
|
Қоңыркөкше елінде өткен сайлауда жеңіске жетіп, 1878 жылға дейін болыс болды.
|
1880
|
Айдалып келген Долгополов, Леонтьевтермен да танысып, әрі олардан көп нәрсе үйренді, әрі оларға халқының салт-дәстүрін таныстырды.
|
1885, мамыр
|
Шар өзені бойындағы Қарамола деген жерде Семейдің генерал-губернаторы Цеклинцкийдің басқаруымен Семей губерниясына қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезде Абай төбе би болып сайланған.
|
1886
|
«Жаз» деген өлеңінен бастап өз атын қоя бастайды.
|
1890–1898
|
«Қарасөздер» атты шығармасын жазды. Барлығы 45 қара сөзі бар.
|
1890
|
Байғұлақ, Күнту жуандар бастаған 16 атқамінер Жиренше қыстауының шетіндегі Ши деген жерде Абайға қарсы дұшпандық әрекетке сөз байласады.
|
1891
|
Оразбай бастаған дау 1897 жылға дейін созылып, аяғы 1898 жылғы Мұқыр сайлауындағы жанжалға, Абай өміріне қастандыққа әкеп соқтырады. Ақын бұл жанжалдың барша жиренішті сырын, өзінің ақ екендігін Сенатқа хатында барынша айғақты деректермен дәлелдеп береді.
|
Шығармашылығы
Ол күллі Шығыста философияның негізгі мәні болып табылатын «кәміл адамды» өзекті және басты проблема етіп қарастырып, соған айрықша көңіл бөлді.
Абай қазақтың музыка өнерін дамытты. Қазіргі уақытта ақынның 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген. Әндері:
«Сегіз аяқ»
«Көзімнің қарасы»
«Бойы бұлғаң»
«Қор болды жаным»
«Айттым сәлем, Каламқас»
«Ата-анаға көз қуаныш»
«Сұрғылт тұман»
«Желсіз түнде жарық ай»
«Мен көрдім ұзын қайың құлағанын»
«Амал жоқ қайттым білдірмей» («Татьянаның хаты»)
Достарыңызбен бөлісу: |