Маралдыдағы болыстық медреседе Нұрғали молдадан жәдитше білім алуы Сәбиттің түрлі пәндерді (тарих, жаратылыстану) игеруіне, көркем әдебиетпен танысуына ықпал етеді.
1910-1911
Павлодарға жақын жердегі Мұхамедсадық медресесінде оқиды, әрі сол медреседе төте оқумен бала оқытады.
1912
Павлодар жанындағы Қасым қажы Ертіспаевтың медресесінде жәдитше білім алып, қазақ, татар тілдеріндегі газет-журналдарды оқып («Айқап», «Қазақ», «Шора», «Уақыт»), көркем әдебиет үлгілерімен танысады. Бос уақыттарында Павлодарға барып орысша да оқиды.
1915
Уфада Қасым қажының қаржылай көмегімен «Уақ-түйек» атты өлең жинағы жарық көрді.
26.05.
1926
«Қазақ тілі» газеті тілшілерінің слетіне қатысып, «Ауыл тілшілері және олардың алдағы міндеті» деген тақырыпта баяндама жасайды.
1929
ҚазАПП ұйымына мүше болып қабылданып, Қазақстан жазушылар ұйымының Семейдегі облыстық бөлімшесіне басшылық етеді.
Мамыр
1930
Денсаулығының нашарлауына байланысты газеттен қол үзіп, Бесқарағай аулының орталығы Беген ауылында мұғалімдік қызметке кіріседі.
1931
Семей қаласына қайта келіп, «Қазақ тілі» - «Жаңа ауыл» газетінде қызмет атқарады.