Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет127/245
Дата24.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#28640
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   245
МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күшті қанатты.

Мен жастарға сенемін!

Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін!

Жас қырандар – балапан,

Жайып қанат ұмтылған.

Көздегені көк аспан.

Мен жастарға сенемін!

Жұмсақ мінез жібектер.

Сүттей таза жүректер.

Қасиетті тілектер –

Мен жастарға сенемін!

Тау суындай гүрілдер,

Айбынды алаш елім дер,

Алтын Арқа жерім дер,

Мен жастарға сенемін!

Қажу бар ма тұлпарға,

Талу бар ма сұңқарға,

Иман күшті оларда,

Мен жастарға сенемін!..

Алаш айбынды ұраны,

Қасиетті құраны,

Алаштың олар құрбаны,

Мен жастарға сенемін!

Мен сенемін жастарға.

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін!
Сұлтанмахмұт Торайғыров

(1893–1920)



Туған жері: Көкшетау облысы, Қызылту ауданы.

Қызметі: ақын, прозашы, публицист, ағартушы.

Б.Кенжебаев: «С.Торайғыров терең ойлы, ұшқыр сөзді, сұлу талғамды ақын еді».



2 жасында шешеден жетім қалады, балалық шағы Баянауылда өтеді. 6 жасында хат таныған.

1902-1907

Әкесі оны ауыл молдаларына (Әлі, Тортай, Мұқан) оқытуға береді.

1908

Баянауылда Әбдірахман молданың медресесінде 2 жылдай оқиды.

1911

Нұрғали Бекбауов деген мұғалімнен сабақ алады.

1912

Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады.

1912-1913

Ақыңдыққа ден қойып, өлеңдерін, «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста «Қамар сұлу» романын жазуды бастады.

1913

Көзі ауырып, дәрігерлер оқуға, жазуға рұқсат етпейді. Бұл аурудан оны қазақтан шыққан білгір дәрігер Әбубәкір Бірмұхамедұлы Алдияров жазады. Сонан соң Троицкі маңындағы ауылдарда бала оқытады.

1913

Күзде Троицкідегі «Айқап» журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, «Өлең һәм айтушылар», «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Қазақ ішіңде оқу, оқыту жолы қалай?» т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды.

1914

Жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін «Шоң серіктігі» деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспады.

1914

Күзде оқу іздеп Семейге барады, бірақ діттеген оқуына түсе алмайды.

1915

«Кім жазықты?» атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді.

1915-1916

Тарбағатайдағы Терісарық болысындағы Құрбан қажының ауылында бала оқытады.

1916

Сұлтанмахмұт Семейге келіп, онда байыз таба алмаған соң, Томскіге сапар шегеді. Сол қалада Әлімхан Ермековтер ашқан дайындық курсына түсіп, жарты жылдай орысша білім алады. Қиыншылықта өмір сүреді. «Жұмасына екі рет «обед» етем құр шай мен нан. Киім алғаным жоқ. «Киноматограф», вечерлерге бір мәрте барғаным жоқ. Күндіз-түні айналдырғаным ала қағаздың беті» – деп жазатыны осы тұс.

1917

Ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, «Алаш ұранын» жариялайды.

1918

Сәуірде ауруы асқынып кеткендіктен, оқуды да, жұмысты да тастап, еліне біржола оралады.

1918-1919

«Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларын жазды.

1920

21 мамырында ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды. Небәрі 27 жас өмір сүріп, дүниеден озған ақынның соңғы сөзі «Тым болмаса екі жыл тұра алмадым, іштегіні түгел жарыққа шығара алмай кетіп барамын» болған екен.

«Шәкірт ойы» өлеңінде «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды», «Мұздаған елдің жүрегін жылытуды» армандайды.

Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды.


Шығармашылығы

Алғашқы поэмасы «Таныстыруда» Алашорда қозғалысы өкілдерін елге таныту мақсатын көздеді. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтарды таныстырып, оларды «бірі – күн, бірі – шолпан, бірі – ай» деп жазады, алаштықтардың қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін саралайды. Алаш өкілдерімен қоса, қазақтың көрнекті тұлғалары Абай мен Шәкәрімді ерекше атап көрсетеді.

«Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады. Ақын бұл жайларды қазақ ауылы шеңберінен шығып, капиталистік қоғамға тән мәселелер ретінде қозғайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет