Туған жері: Шығыс Қазақстанның Катон-Қарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылы.
Қызметі: Жазушы, қайраткер.
1961
С.Торайғыров ат. Шыңғыстай орта мектебін бітірген. Сосын аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторист болып төрт жылдай жұмыс істеген.
1963-1969
ҚазМҰУ-да сырттай оқыған.
1965-1968
Большенарым аудандық «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары және облыстық «Коммунизм туы» газетінде әдеби қызметкер болған.
1968
«Лениншіл жас» газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді, осы газетте мәдениет және ғылым, әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болып істеді.
1974-1983
«Жұлдыз» журналы проза бөлімінің меңгерушісі әрі редколлегия мүшесі болған.
Өмірінің соңғы күніне дейін «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторлық қызметін атқарады.